"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасының, 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының 13 тармағына, 2010 жылғы 30 қаңтардағы N 44 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскелерінде 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында тіркеу жүргізілсін.
2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рахметуллаұлы Бикеновке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі Р. Әбдікеров