Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011.06.22 N 20/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2010 жылдың 20 қаңтарында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-4-165 болып енгізілген және 2010 жылғы 22 қаңтардағы N 2 (182) "Приозерский вестник" газетінде ресми жарияланған Приозерск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 139/23 шешіміне сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша, жекелеген санаттағы аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек" Бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, азық-түлік бағасының көтерілуіне байланысты бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Қарағанды облыстық филиалының Приозерск бөлімшесінің тізіміне сәйкес, қосымша әлеуметтік көмек көрсету үшін төменгі азаматтар санатына жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік төлем мөлшері бекітілсін:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
2) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушыларға;
3) 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
4) мүгедек балаларға;
5) жасы бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге.
2. Қосымша әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеуге уәкілетті орган болып "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (З.А. Медетбекова) табылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімінің орынбасары Б.А. Қазиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Приозерск қаласының әкімі Н. Бікіров