Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012.08.10 № 5/68 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Маңғыстау облысы аумағында құрылыс салу Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 16 мамырдағы № 5/73 шешіміне (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 2017 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2008 жылғы 24 маусымындағы № 97 санында жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақ «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 22, 23 абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«қолданыстағы объектiге (объектiнiң жекелеген бөлiктерiне) сұратылған өзгерiстер жүргiзуге тиiстi жергiлiктi атқарушы органның рұқсаты;
жер учаскесiнде (құрылыс алаңында, аумақта, трассада) осы құрылысқа арналып белгiленген нақты объект (кешен) бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) берген рұқсаты.»;
4-тармақтың 3-тармақшасында «тарихи, мәдени құндылықтар» деген сөздер «тарих және мәдениет ескерткiштерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
7- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Объектiлер мониторингi - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерiнiң жай-күйi мен өзгерiстерiн байқау жүйесi.»;
12- тармақ мына редакцияда жазылсын:
«12. Объектілерді салу үшін жер телімдерін таңдауды облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі өз құзыреттері шегінде құратын жер учаскелерін беру жөніндегі арнаулы комиссиялар жүзеге асырады.»;
19, 20 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар 7 жұмыс күні iшiнде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) рұқсат бередi не рұқсат беруден бас тартудың себептерiн көрсете отырып, туралы жазбаша түрде жауап қайтарады.»;
20. Рұқсат өтiнiштiң және тiзбесiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн қоса берiлетiн құжаттардың негiзiнде берiледi.»;
21 - тармақ алынып тасталсын;
29- тармағының 2) тармақшасында «қосымша жер телімін берумен (бөліп берумен) байланысты емес» деген сөздер алып тасталсын;
30- тармақтың 1) тармақшасы «СТН» аббревиатурасынан кейін «немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН)» сөзімен және аббревиатурасымен толықтырылсын;
30- тармақтың 2) тармақшасы «СТН» аббревиатурасынан кейін «немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БСН)» деген сөзбен және аббревиатурамен толықтырылсын;
30-тармақтың 3) тармақшасындағы «алаңы» деген сөзден кейін «қабаты» деген сөзбен толықтырылсын;
30 - тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қолданыстағы объектiлердi өзгертуге рұқсат алу үшiн өтiнiшке, өтiнiштi қарайтын мемлекеттiк органның құжаттардың түпнұсқалылығын белгiлеуi үшiн түпнұсқаларды бере отырып, өтiнiш берушiнiң өзгертiлетiн объектiге меншiк құқығын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi не объектiнiң меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) белгiленген өзгерiс пен оның параметрлерiне нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмi қоса берiледi.»;
31 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Егер өтiнiш берушi сұратылып отырған жер учаскесiнiң нақты орнын және мөлшерiн (шекарасын) көрсеткен жағдайларда, онда жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары одан құрылыс жүйесiнде учаскенiң орналасқан жерiне қатысты өтiнiш берушiнiң тiлектерiне және ұйғарылып отырған (жоспарланып отырған) құрылыс объектiсiнiң негiзгi параметрлерiне негiзделген нобайларды сұратады.»;
32, 33, 34, 35 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін таңдау алдын ала жүргізіледі, оны облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі өз құзыреттері шегінде құратын жер учаскелерін беру жөніндегі арнаулы комиссиялар жүзеге асырады.»;
33. Өтініш берілген объектінің құрылысын салуға жер учаскесін беру туралы өтініштерді не болмаса өтініш берушінің меншік немесе жер пайдалану құқына тиесілі жер учаскесін құрылыс салуға пайдалануға рұқсат алу туралы өтініші Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген мерзімде қаралады.»;
34. Жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiне құқық табыстаудан бас тарту облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң шешiмiмен, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен ресiмделедi, оның дәлелдi себептерi көрсетiлуге, ал көшiрмесi өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде тапсырылуға тиiс.
Облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның тиiстi қорытындысы келiп түскен кезден бастап жетi күнге дейiнгi мерзiмде қабылданады.
Тапсырыс берушiге меншiк немесе жер пайдалану құқығында тиесiлi учаскенi құрылыс салуға пайдалануға рұқсат беру туралы оң шешiм мүмкiн болмаған жағдайларда, жергiлiктi атқарушы органдар өтiнiш берiлген сәттен бастап 10 күнтiзбелiк күн iшiнде өтiнiш берушiге (тапсырыс берушiге) оның осы құрылысты жүзеге асыру ниетi күшiне енетiн қайшы келетiн заңнамалық нормаларды (ережелердi, талаптарды, шектеулердi, сервитуттарды) көрсете отырып, дәлелдi бас тартумен жауап қайтаруға мiндеттi.
Өтiнiш берушiнiң жергiлiктi атқарушы органға жеткiлiксiз, дұрыс емес не заңнамаға немесе мемлекеттiк нормативтерге сәйкес келмейтiн өтiнiш құжаттарын ұсынуы рұқсат беру құжаттарын беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады.»;
35. Жер учаскесiн беру туралы бұрын қабылданған шешiм не тапсырыс берушiде бар учаскенi құрылыс салуға пайдалануға бұрын берiлген рұқсат, егер осы учаскеде рұқсат етiлмеген басқа да құрылыс жүргiзiлiп жатса, қайтарып алынады.»;
36-тармақтағы «азаматтар» деген сөз «жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
41- тармақ мына редакцияда жазылсын:
«41.Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi жеткiзушiлер сұрауды алған сәтiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органына қосу параметрлерi мен орнын көрсете отырып, техникалық шарттарды немесе негiзделген беруден бас тартуды жiбередi.»;
42- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Тапсырыс берушi сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алуға өтiнiштi аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органына бередi.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) жергiлiктi атқарушы органның жаңа құрылыс үшiн жер учаскесiн беру (бөлiп беру) туралы шешiмi (учаскенi пайдалануға рұқсат) немесе жергiлiктi атқарушы органның қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшiн қолданыстағы объектiлердi өзгертуге рұқсаты;
2) жобалауға арналған бекiтiлген тапсырма.»;
45-тармақ «қамтамасыз ету көздеріне» деген сөздерден кейін «қосымша» деген сөзбен толықтырылсын;
47-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) тұрғын ғимараттардағы (үйлердегi) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды лицензиясы бар тұлғалар орындаған және қосымша жер учаскесiн бөлудi (аумақты бөлiп берудi) талап етпейтiн, құрастырмалардың есептiк берiктiгiн төмендетпейтiн, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитарлық сапаларын нашарлатпайтын, пайдалану кезiнде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтiн қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), ол туралы жоба авторының (жобаның бас инженерiнiң, жобаның бас сәулетшiсiнiң) тиiстi жазбасы болады;
14) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық күрделi емес басқа да кұрылыстар.»;
49- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Жобалауға берiлген тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы мемлекеттiк нормативтiк құжаттамаларда белгiленген талаптарға сәйкес келiсiледi және бекiтiледi.»;
56- тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінішке қоса, құжаттың нақты екендігін қарайтын мемлекеттік органға түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін үй-жайға (ғимараттың бір бөлігіне) меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не үй-жайлардың немесе ғимараттың бөліктерінің меншік иесінің (меншік иелерінің) оларды өзгертуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі немесе тиісті жергілікті сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындалған ұйғарылып отырған өзгерістердің жобасы (нобай) қоса беріледі».;
58-тармақтың 1) тармақшасы «немесе өзгертуге өтініш берілген ғимараттың бір бөлігі, сондай-ақ көрсетiлген өзгерiстер, өзге де үй-жай меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын» деген сөздермен толықтырылсын;
66 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Үй-жайларды (ғимараттың бөліктерін) өзгерту жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту өтініш берілген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
75-тармақтағы «(бұл рұқсаттың мерзімі жыл сайын ұзартылып отырады)» деген сөздер алып тасталсын;
80- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«80. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды мемлекеттiк қабылдау комиссиясы немесе қабылдау комиссиясы оның бекiтiлген жобаға сәйкес толық әзiрлiгi және жұмыс комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда жүргiзедi.»;
85- тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылдау актiсiн бекiту:
1) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер бойынша - актiге қол қойылған күннен бастап жеті күннен аспайтын мерзiмде;
2) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлер бойынша - актiге қол қойылған күннен бастап бес күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.»;
88 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«88. Жұмыс комиссиясының нақты объект бойынша өкiлеттiктерi оның тағайындалған кезiнен басталады және пайдалануға қосылған объектiнi кешендi тексеру жөнiнде заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген қорытынды тапсырыс берушіге өткізген кезден бастап тоқтатылады.»;
126-тармақтағы «124-130» деген сандар «119-127» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Еділхан
Облыстық
мәслихат хатшысы Б. Шелпеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Облыстық сәулет және қала
құрылысы басқармасының бастығы
Б. Өтеғалиев
«___» ________ 2010 ж.