"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес, қалалық ономастикалық комиссияның қорытындысын қарап, халықтың пікірін ескеріп, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай қаласының Жастар көшесі Генерал Арыстанбеков көшесіне қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қаласының әкімі Ж. Нұрғалиев
"Қостанай қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің әкімшілік
органдар және заңды қамтамасыз
ету бөлімінің бастығы А. Исенбаев
"Қостанай қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық
қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А. Антеева