Үйде оқытылатып және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 33 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 наурызда № 9-8-150 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 347 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № 347 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына, Денисов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 170 "2010-2012 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-141 болып тіркелген) шешіміне сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты айлық мөлшерінде үйде оқытылатып және тәрбиеленетін мүгедек-балаларға оқу жылы мерзіміне ай сайын жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек көрсету.
      2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай–уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен ұсынылған тізімдерге сәйкес тиісті операциялар түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына қаржы аудару арқылы жүзеге асырылады.
      4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Үйде оқытылатып және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" атты бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қантарынан бастап орын алған қатынастарға таратылады.

      Денисов ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                        М. Мұратбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ Д. Мұсылманқұлова

      "Денисов ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________________ Е. Подело

О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дома

Постановление акимата Денисовского района Костанайской области от 22 февраля 2010 года № 33. Зарегистрировано Управлением юстиции Денисовского района Костанайской области 18 марта 2010 года № 9-8-150. Утратило силу - Постановлением акимата Денисовского района Костанайской области от 29 декабря 2010 года № 347

      Сноска. Утратило силу - Постановлением акимата Денисовского района Костанайской области от 29.12.2010 № 347.
      В соответствии с подпунктом 1-3) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", решением Денисовского районного маслихата от 21 декабря 2009 года № 170 "О бюджете Денисовского района на 2010-2012 годы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9-8-141)акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Оказать ежемесячно социальную помощь из местного бюджета детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому на период учебного года в размере шести месячных расчетных показателей, установленного Законом Республики Казахстан от 7 декабря 2009 года "О республиканском бюджете на 2010-2012 годы".
      2. Определить уполномоченным органом по назначению и выплате социальной помощи государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Денисовского района" (далее - уполномоченный орган).
      3. Выплата социальной помощи осуществляется путем перечисления денежных средств на лицевой счет получателя социальной помощи через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии Национального банка Республики Казахстан на соответствующие виды банковских операций, согласно спискам, представленным уполномоченным органом.
      4. Финансирование социальной помощи производить по бюджетной программе "Материальное обеспечение детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому".
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Денисовского района Муратбекова М.Т.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2010 года.

      Исполняющий обязанности
      акима Денисовского района                М. Муратбеков

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного учреждения
      "Отдел занятости и социальных программ
      Денисовского района"
      ___________________ Д. Мусулманкулова

      Начальник государственного учреждения
      "Отдел экономики и бюджетного планирования
      Денисовского района"
      _______________________________ Е. Подело