Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 31.10.2014 № 283 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға өз іс-әрекетін таратады.
Кезектен тыс сессия төрайымы К. Айтпаева
Секретарь районного маслихата А. Төлебаев
КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ Т. Салмина
______________ 2010 жыл
Мәслихаттың
2010 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 294 шешіміне қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарабалық ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызмет көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылған шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттарының әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстардың, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының, отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 07.02.2014 № 201 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таратылады).
2. Тұрғын үй көмегін көрсету үшін отбасы (азамат) (әрі қарай - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын өкілетті органға (әрі қарай - өкілетті органға) арызбен жолығады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" қаулысының 4 тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.
3. Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері түрінде тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын өкілетті органға тапсырылады. Тексеріс өткеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады.
Өкілетті органның қызметкерлерімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері іске қалыптастырады.
4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар тапсырылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, оның бір данасы өтініш берушіге беріледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2011.10.26 № 405 (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
5. Ұсынылған құжаттар күмәнді болған жағдайда, өкілетті орган арыз берушінің тұрғын үй көмекті тағайындауға және төлеуге құқығын айқындайтын тиісті органда мәліметтерді сұратады.
6. Тұрғын үй көмегі өтінішті берген айдан тағайындалады және өтініш берген ағымдағы тоқсанына көрсетіледі.
7. Тұрғын үй көмегінің алушысы тұрғын үй көмегінің мөлшерінің өзгертуіне негіз болып табылатын, сонымен қатар оның дұрыс емес тағайындалғаны жағдайлары туралы уәкілетті органға хабарлайды.
8. Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне ықпал ететін жағдайлар пайда болса, көрсетілген жағдайлар (алушының қайтыс болғанынан басқа) басталған күнінен бастап қайта есептеледі.
Өтініш берушімен тұрғын үй көмегінің заңсыз төлем тағайындалған дұрыс емес мәліметтерді ұсынған жағдайда, тұрғын үй көмектің төлемі тағайындалған кезеңге тоқталады.
9. Артық төленген сомасы бюджетке қайтарылады. Алушы аударылған сомаларды қайтаруға ерікті тәртібінде бас тартқан жағдайда, өкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамамен бекітілген тәртіппен өндіріп алады.
10. Жалғыз басты тұратын тұрғын үй көмегін алушының қайтыс болған жағдайларын тұрғын үй көмегінің төлемі қайтыс болған кейінгі келесі айдан тоқтатылады.
Тұрғын үй көмегін алушының бір отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда қайтыс болғаннан кейін айдан бастап қайта есептеледі.
Қайтыс болуына байланысты төлемдердің тоқтатуы немесе қайта есептелуі ай сайын уәкілетті органмен әділет органдардың немесе отбасы мүшелерімен мәліметті ұсынуды сұратқан қайтыс болған тізімінің негізінде жүргізіледі.
11. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша шыққан келіспеушіліктер әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша комиссияның қарауына салынады, немесе Қазақстан Республикасы қолданылып жүрген заңдылыққа сәйкес шешіледі.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін анықтау
12. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген, тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері, тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негізге алғанда уәкілетті органмен анықталады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012.04.27 № 41 (алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
13. алынып тасталды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012.04.27 № 41 (алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. Азаматтың табысын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде жұмыссыз тұлғалармен, мүгедектерден және стационарлық емделуде бір айдан астам болған тұлғалардан, күндізгі түрдегі оқудың оқушыларынан, студенттерден, тыңдаушылардан, курсанттардан және магистранттардан, сонымен қатар 1,2 топ мүгедектерін, сексен жастан асқан тұлғалармен, жеті жасқа дейінгі балалармен күтімді іске асыратын азаматтардан басқа, жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарда олардың тіркеулерін жұмыссыз ретінде куәландырған құжаттар ұсынылады.
15. Жол берілетін шекті шығыстың үлесі қосынды табыстан 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012.07.30 № 52 (алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
16. Тұрғын үй көмек көрсетілгенде есепте көлем нормасы алынады:
1) отбастың бір мүшесіне көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратын он сегіз шаршы метр пайдалы көлемі, отбасқа 9 шаршы метр қосылады, бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындарға – тұрғын үйдің жалпы көлемі;
2) жалғыз тұратын азаматтарға пайдалы көлеміне қарамастан, бірақ нақтыны астам 30 шаршы метр шегінде, осы норма жатақханалар үшін қолданады.
17. Коммуналдық қызметін пайдалану есеп құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтемақы шараларымен қамтылған нормативтері қолданыстағы заңдылықа сәйкес белгіленеді.
Егер заңнама бекіткен тәртіппен шығындарға нормативтер мен тарифтер анықталмаса, шығындардың өтуі нақты шығыстар бойынша жасалады.
18. Коммуналдық қызметін пайдалануға есептеу құралдары бар тұтынушыларға үшін есептеуге қабылдайтын шығыстар есеп құралдардың көрсеткіштердің негізінде, бірақ есеп құралдары жоқ, толық мөлшерінде барлық коммуналдық қызметтер көрсетілген алдындағы тоқсан немесе соңғы тоқсанның нақты төлемдер жөнінде анықталады.
19. Электр энергия пайдалануға шығындарын өтеу үшін бір адамға 100 киловатт; электроплиталар, электро су жылытулары бар үйлерде бір адамға 130 киловатт есебімен шығарылады, бірақ нақты шығыстан астам емес.
20. Егер төлем осы тараумен белгіленген нормалардан тыс болса, ол меншік иелерімен немесе жалдаушылармен (қосымша жалдаушылармен) жалпы негізінде жүзеге асырылады.
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі
21. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаттары арқылы, сондай-ақ мақсатты ағымдағы трансферттер қаражаты (олар бөлінсе) жүзеге асырылады.
22. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша, тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминимум нысандарын басқару органдарының банктік шоттарына аударылып екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012.10.15 № 65 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.