Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2012.10.23 № 360 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы негізінде Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек беру қамтамасыз етілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
2. Анықталсын:
1) әлеуметтік көмек "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-өкілетті орган) мүгедек баланың тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі;
2) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) көрсетіледі;
3) әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірмеде уәкілетті органға беріледі. Түпнұсқалар және көшірмелердің сәйкестігі уәкілетті органның бастығымен куәландырылады, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте құжаттардың көшірмелері куәландырылған жағдайларды қаспағанда. Салыстырудан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері іске қалыптастырылады;
4) Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы оқу жыл бойы тағайындалады;
5) Әлеуметтік көмектің ай сайынғы мөлшері тиісті жылға заңнамамен белгіленген алты айлық есептік көрсеткішін құрайды;
6) Әлеуметтік көмекті төлеу "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыкөл ауданының әкiмi Қ. Ғабдулин
КЕЛIСIЛДI
"Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi" ММ бастығы
_________________ Ю. Кондриков
"Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
қаржы бөлiмi" ММ бастығы
_________________ Т. Лысяк