Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010.10.07 № 305 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10, 27 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық Министірлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Ұзынкөл аудандық аймақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 829 ұсынысының негізінде және Федоров селолық округінің Федоров селосында жануарлардың құтырмасын жою жөніндегі іс-шараларды өткізу мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Ұзынкөл ауданы Федоров селолық округінің Федоров селосындағы жануарлардың құтырмасынан сау емес деп белгіленсін.
2. Алдын ала ветеринарлық бауыздау байқауынан мұқият өтпеген және сойылған малдың өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптаудан өтпеген жануарларды союға тыйым салыну ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Ұзынкөл аудандық аймақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі салауатсыз пунктте мына іс шараларды өткізсін (келісім бойынша):
1) ауру және ауруға қүдікті жануарлар топтарынан бөлінген, сонымен қатар қаңғыбас иттер мысықтар мен жабайы хайуандар қауып алған жануарлар топтарына тәулігіне үш реттен кем емес үнемі ветеринарлық қадағалау белгіленсін. Жануарлардың құтырма ауруымен ауырған ауруларды және оған күдіктілерді неғұрлым ерте анықтау мақсатында бүкіл топты ветеринарлық байқаудан өткізсін;
2) құтырма ауруымен ауырған жануарлар, аурулар және оған күдіктілердің болған жерлерін,жануарларды күтуге қажетті саймандарды, киімдерді және басқа да құтырма ауруымен ауырған жануарлардың сілекейімен және зәрлерімен ластанған заттарды залалсыздандырсын;
3) Ұзынкөл ауданы Федоров селолық округінің Федоров селосында жануарлардың құтырмасы ауруының алдын алу мен оны жою жөніндегі мал дәрігерлік іс шаралар әзірленсін.
4. "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаменті Ұзынкөл ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне мыналар ұсынылсын келісім бойынша:
1) құтырмаға қарым–қатынас жасайтындар қарсы егуді қажет ететін тұлғаларды анықтау үшін,құтырма ауруынан салауатсыз елді мекендерді аула сайын аралауды ұйымдастырсын;
2) жануарлар ұсталатын жерлердің санитарлық жағыдайына, сонымен қатар елді мекеннің аумағына тексеріс жүргізсін;
3) ауданның емдеу–сауықтыру мекемелерін антиробиялық вакцинамен имуноглобулиннің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етсін;
4) ветеринарлық қызметпен бірлесіп қауып алған зардап шеккендердің жүгінуінің барлық жағдайына эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тергеу жүргізсін;
5) Ұзынкөл орталық аудандық аурухана мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесіп құтырманың алдын алу жөнінде халық арасында санитарлық-сауаттандыру жұмысын жүргізсін.
5. "Ұзынкөл орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны келісім бойынша:
1) барлық зардап шеккендерге дәлелдемелері болған жағдайда құтырмаға қарсы емдеу–алдын алу егулерін уақытында жүргізуін қамтамасыз етсін;
2) құтырмаға диагностика, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің теориялық және тәжірбие дайындығын өткізуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Н. Мұхамедқалиевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданының әкімі А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
ауылшаруашылық Министрлігінің
агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
Комитетінің Ұзынкөл аудандық
аймақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесі, бастық
___________ К. Бекмағанбет
2010 жылғы 4 тамыздағы
Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау
министрлігі мемлекеттік
санитарлық-эпидемиялық
қадағалау комитетінің
Қостанай облысы бойынша
Департаменті Ұзынкөл
ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі, бастық
____________ А. Мендикенов
2010 жылғы 4 тамыздағы
"Ұзынкөл орталық аудандық
аурухана" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорны, бас дәрігер
____________ Қ. Ержанов
2010 жылғы 4 тамыздағы