РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2011.01.06 N 1-34/8 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 236/18 қаулысына, Ақсу қалалық мәслихатының (IV сайланған XXIV кезектен тыс сессиясы) 2010 жылғы 17 ақпандағы "Әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтар санатының тізбесі туралы" N 194/24 шешіміне сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы (бұдан әрі – Комиссия) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Комиссия отырысы кемінде тоқсанына бір рет өткізілсін.
2. Әлеуметтік көмекке құқылы азаматтардың санаттары:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар;
2) Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқандар мен мүгедектер;
4) жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер;
5) жас мамандар – Ақсу өңіріне жұмысқа орналасуға жіберілген, педагогикалық мамандықтағы оқу орындарының түлектері, сонымен қатар облыс әкімінің грантымен оқығандар, сондай-ақ Ақсу өңіріне жіберілген медициналық мамандық бойынша жөғары оқу орындарының түлектері;
6) жан басына шаққандағы орташа табысы бекітілген азық-түлік себеті құнынан аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтар;
7) бас бостандығынан айыру орнынан келген тұлғалар;
8) ауылдық жерде тұратын білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары;
9) өртке қарсы қызметтің өрт туралы актісін немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте уәкілетті органмен берілген қорытындыға сәйкес өрт, зіл-зала апаты, жазатайым оқиға, төтенше жағдайлар, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған тұлғалар;
10) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
11) "Құрметті донор", "Почетный донор" белгісімен марапатталған немесе "Құрметті донор", "Почетный донор" белгісімен марапатталғаны туралы мұрағаттың анықтамасы бар азаматтар;
12) 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек-әйелдер;
13) "Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Ақсу қалалық филиалы ұсынған тізімге сәйкес Астана қаласына экскурсияға қатысу үшін өңірді дамытуға үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлері, Құрметті азаматтар, еңбегі сіңген тұлғалар;
14) медициналық академияның 7-курс студенттері;
15) жалпы білім беру бағдарламасы бойынша 18 жасқа толмаған мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына, келесі құжаттар қоса берілген өтініші бойынша: "Ақсу қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы; дәрігерлік-кеңес комиссиясының хаттамасынан үзіндінің көшірмесі; медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
16) "Батыр ана" белгісімен, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқасымен марапатталған әйелдер;
17) дәрігерлік-кеңес комиссиясы берген анықтамасы негізінде 12 аптаға дейінгі жүкті әйелдер;
18) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кем дегенде алты ай жұмыс істеген тыл ардагерлері;
19) балалар-кеңесі мен педиатор учаскелері меңгерушілерінің қолымен расталған учаскелік дәрігердің рецепті бойынша балаларға арналған сүт қоспасын қосымша алуға мұқтаж аз қамтамасыз етілген отбасылары;
20) дәрігерлік-кеңес комиссиясы берген анықтамасы негізінде оғаш отбасыларынан бала табу кезеңі жасындағы әйелдер;
21) онкологиялық аурулармен ауыратын тұлғалар;
22) облыстың жоғары оқу орындарында оқуына ақы төлеу үшін аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері;
23) туберкулезге қарсы аурухана берген тізімге сәйкес туберкулезбен ауыратын және тубвиражды азаматтар;
24) қысқа мерзімді курстарда кәсіби даярлықтан, қайта даярлаудан және кәсіби біліктілігін арттырудан өту үшін "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ тіркелген жұмыссыздар;
25) 18 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін аз қамтамасыз етілген қамқоршылар;
26) ауылдық аймақта тұратын әлеуметтік-қорғалатын және аз қамтамасыз етілген отбасылары;
27) жетім-балалар;
28) аз қамтамасыз етілген толық емес отбасылар;
29) аз мөлшерде зейнетақы алатын, жасына байланысты зейнеткерлер;
30) дәрігерлік-кеңес комиссиясымен берілген анықтамасы негізінде гемодиализ процедурасын алуға мұқтаж тұлғалар;
31) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен тұлғалар.
3. Әлеуметтік көмек алу үшін осы қаулының 2-тармағында көрсетілген әрбір санат бойынша "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) мынадай құжаттарды:
1) 1-тармақшада көрсетілген санат үшін - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне (2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша) біржолғы материалдық көмек төлеу үшін, дәрі-дәрмек сатып алуға, коммуналдық төлемдердің шығынын қайтаруға, пәтерлерді ағымдағы жөндеуге, телефон орнатуға, тісті протездеуге біржолғы әлеуметтік көмекке ай сайын төлем жүргізу үшін – тегі, аты, әкесінің аты, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалының Ақсу қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген тізімді, жеке әлеуметтік коды (бұдан әрі - ӘЖК), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН);
2) 1, 2 және 3-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – жылына бір рет Алматы және Астана қалаларының госпитальдарына бару және тұрақты жеріне кері қайту үшін жолақы шығындарын төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, азаматтарды тіркеу кітабының, белгіленген орынға және кері тұрақты жеріне дейінгі автомобиль немесе теміржол көліктерінде пайдаланылған жол билеттерінің көшірмелерін, жеке куәлігінің, мәртебесін растайтын құжаттың және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмелерін;
3) 1, 2, 3 және 18-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – 2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тегі, аты, әкесінің аты, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалының Ақсу қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген тізімді;
4) 2 және 3-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - сауықтыруға арналған тоқсан сайынғы материалдық көмекті, сондай-ақ Отан қорғаушылар Күніне біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін – тегі, аты, әкесінің аты, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалының Ақсу қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген тізімді;
Ауған соғысының қатысушылары үшін Ауғанстаннан әскерлерді шығарған Күніне орай және тіс протезін салуға қосымша біржолғы материалдық көмек;
5) 9-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, өрт туралы тиісті органның (өрт бөлімінің) анықтамасын, барлық отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтаманы, жеке куәлігінің және СТН көшірмесін;
6) 4-тармақшада көрсетілген санат үшін – қатты отын сатып алуға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке куәлігі мен СТН көшірмесін;
7) 24-тармақшада көрсетілген санат үшін – кәсіби оқудан өту кезінде материалдық көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, жеке куәлігінің, СТН, ӘЖК көшірмелерін, оқу кезеңін растайтын құжатты;
8) 6, 7, 24-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – құжаттандыруға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті;
9) 22-тармақшада көрсетілген санат үшін – студенттерге жоғары оқу орындарындағы оқуларына төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген студенттің өтінішін, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке куәлігінің және СТН көшірмелерін, білім беру қызметін көрсетуге Ақсу қаласы әкімінің, жоғары оқу орны басшысы мен студенттің қолы қойылған үш жақты келісім-шартты. Тұрудың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актілері және қосылған табыс туралы мәлімет бір рет оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау кезінде беріледі;
10) 14-тармақшада көрсетілген санат үшін - жоғары медициналық оқу орындарындағы 7-курстың студенттеріне (интерндерге) оқуларына төлеуге әлеуметтік көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті (Ақсу қаласының емдеу-алдын алу жұмысын үйлестіру бөлімімен келісу бойынша), жеке куәлігінің және СТН көшірмесін, Ақсу қаласы әкімінің, Ақсу қалалық орталық ауруханасының бас дәрігерінің және студенттің қолы қойылған үш жақты келісім-шартты;
11) 5-тармақшада көрсетілген санат үшін (медициналық жоғары оқу орындары мен педагогикалық оқу орындары мамандықтарының, сонымен қатар облыс әкімінің гранты бойынша оқитын түлектер) – біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, жеке куәлігінің, СТН, ӘЖК, жоғару оқу орнын және арнаулы орта оқу орнын аяқтағаны туралы дипломның, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, түлекті Ақсу өңіріне жіберу туралы бұйрықтың көшірмелерін;
12) 23-тармақшада көрсетілген санат үшін – міндетті медициналық тексеруден өтуге байланысты ауылдық жерде тұратын амбулаториялық емделуде тұрғандарға жолақыға шығындарды өтеу үшін материалдық көмек; амбулаториялық емделуде бар ауыратындарға тамақтануға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін "Ақсу қалалық туберкулез ауруханасы" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) ұсынылған ауруды растайтын анықтама бойынша – тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті;
13) 21-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген аурудың өтінішін, ауруды растайтын анықтаманы және азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке куәлігінің және СТН көшірмелерін;
14) 10-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмек төлеу үшін ата-аналарының (қамқоршысының) біреуінен "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген материалдық көмек тағайындау туралы өтінішті, баланың мүгедектігін растайтын құжатты, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке куәлігінің және СТН көшірмесін, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
15) 12-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, жеке куәлігінің, мүгедектігі туралы анықтаманың, СТН, азаматтарды тіркеу кітабының, балалардың туу туралы куәліктердің көшірмелерін;
16) 17-тармақшада көрсетілген санат үшін - әйелдер консультациясы мен учаскелік гинеколог-дәрігерімен куәландырылған, дәрігерлік-кеңес комиссиясының төрағасы құрамында бар дәрігерлік-кеңес комиссиясы берген анықтама негізінде жүкті әйелдерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, мекен жайы, СТН, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті;
17) 30-тармақшада көрсетілген санат үшін – Павлодар қаласына және тұрғылықты орнына қайта бару жолақы шығындарын төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, СТН көрсетілген өтінішті, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке басы куәлігінің көшірмесін және гемодиализ курсын алғаны туралы парағын, автомобиль көлігінде Павлодарға және қайта тұрғылықты орнына қолданылған жол жүру билеттерін.
Жыл ішінде қайта өтінген жағдайда - өтініш, гемодиализ курсын алғаны туралы парағының көшірмесін, автомобиль немесе теміржол көліктерінде белгіленген мекенге және тұрғылықты орнына қайтуда қолданылған жол жүру билеттерін;
18) 8-тармақшада көрсетілген санат үшін – қатты отын алуға шығынның бөлігін қайтаруға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Ақсу қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, "Ақсу қалалық орталық ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің тізімдеріне сәйкес "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, анықтамаларды, азаматтарды тіркеу кітабының, жеке куәлігінің, СТН көшірмелерін;
19) 10-тармақшада көрсетілген санат үшін – Мүгедектер күніне біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – тегі, аты, әкесінің аты, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалының Ақсу қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген тізімді;
мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес гигиеналық құралдарды сатып алуға әлеуметтік көмек;
жүріп-тұруда қиындық көретін мүгедектер: арбамен жүретін және тірек-қозғалыс аппараттарының кемістігімен бірінші топтағы мүгедектерге көлік қызметін көрсетуді ұйымдастыру;
20) 11-тармақшада көрсетілген санат үшін - "Құрметті донор", "Почетный донор" белгісімен марапатталған немесе "Құрметті донор", "Почетный донор" белгісімен марапатталғаны туралы мұрағаттың анықтамасы барларға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, анықтамаларды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке куәлігінің, СТН көшірмелерін;
21) 15-тармақшада көрсетілген санат үшін - жалпы білім беру бағдарламасы бойынша 18 жасқа толмаған мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына компьютерлік техника алуға біржолғы материалдық көмек көрсету үшін мына құжаттарды қоса берген өтініші негізінде беріледі: "Ақсу қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі" мемлекеттік мекемесінің қорытындысын; дәрігерлік-кеңес комиссиясының хаттамасынан үзіндінің көшірмесін; медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесін;
22) 1, 2, 4, 6, 12, 18, 27 және 29-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру үшін мемлекеттік тапсырысы бар облыстық және қалалық газеттерге жазылуға біржолғы материалдық көмек – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, анықтамаларын, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке куәлігінің және СТН көшірмелерін;
23) 6-тармақшада көрсетілген санат үшін - балалар кеңесі мен учаскелік педиатор меңгерушілерінің қолымен расталған, учаскелік дәрігердің рецепті бойынша балаларға арналған сүт қоспасын қосымша алуға мұқтаж аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, анықтамаларын, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке куәлігінің және СТН көшірмелерін;
24) 20-тармақшада көрсетілген санат үшін – аз қамтамасыз етілген оғаш отбасыларының бала табу жастағы әйелдеріне контрацептивтер алуға, әйелдер консультациясының меңгерушісімен және учаскелік гинеколог-дәрігермен куәландырылған, құрамында дәрігерлік-кеңес комиссиясының төрағасы бар дәрігерлік-кеңес комиссиясы берген анықтама негізінде әлеуметтік көмек - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, анықтамаларын, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке куәлігінің және СТН көшірмелерін;
25) 1-тармақшада көрсетілген санат үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушыларына - коммуналдық қызметтердің төлем шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек және 13 - "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын алған тұлғаларға коммуналдық қызметтерді төлегені туралы түбіртектер бойынша коммуналдық қызметтерге төлем шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, анықтамаларын, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке куәлігінің және СТН көшірмелерін;
26) 6-тармақшада көрсетілген санат үшін - жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға біржолғы әлеуметтік көмек атаулы әлеуметтік көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссиясының шешімі бойынша тағайындалады, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, азаматтарды тіркеу кітабының, жеке куәлігінің, СТН көшірмелерін;
27) 1-4, 6, 10, 18, 24, 28 және 29 -тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға суды есептейтін жеке аспаптарды орнатуға біржолғы материалдық көмек - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, анықтамаларын, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке куәлігінің және СТН көшірмелерін;
28) 1 және 13-тармақшада көрсетілген санат үшін - "Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Ақсу қалалық филиалы ұсынған тізімге сәйкес Астана қаласына экскурсияға қатысу үшін өңірді дамытуға үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлері, Құрметті азаматтар, еңбегі сіңген тұлғалар жолдама құны бойынша;
29) 24-тармақшада көрсетілген санат үшін – қайтыс болған кезде Бөліміде есепте тұрған жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек төлеу үшін жерлеуді жүзеге асыратын тұлға "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, жеке куәлігінің, СТН, ӘЖК көшірмесін беру қажет;
30) 26) тармақшада көрсетілген санат үшін – спутниктік теледидардың клиенттік қабылдау жабдықтарын орнату төлеміне - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды куәліктерінің көшірмелерімен өтініш.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010.11.17 N 791/6 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына мына түрлер бойынша әлеуметтік төлем тағайындасын және қызмет көрсетсін:
1) 1-тармақшада көрсетілген санат үшін – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне 30000 (отыз мың) теңгеге дейінгі мөлшерде біржолғы материалдық көмек, 5000 (бес мың) теңге сомаға мерекелік азық-түлік жиынтығы (Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі қайтыс болған жағдайда жыл сайын 1 сәуірден 9 мамыр аралығындағы кезеңде мерекелік жиынтық отбасына тапсырылады), дәрі-дәрмек сатып алуға бір айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) бойынша; коммуналдық қызметтерге шығынды өтеуге 5 (бес) АЕК бойынша жеке үйлерде тұратындарға ай сайынғы төлем; пәтерді ағымдағы жөндеуге 15000 (он бес мың) теңге, телефон орнатуға, тістерді протездеуге өтініштері бойынша нақты құнымен біржолғы материалдық көмек, бірақ 15000 (он бес мың) теңгеден артық емес;
2) 1, 2, 3-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – өтініш бойынша жылына бір рет Алматы және Астана қалаларындағы госпитальдарға бару және тұрақты тұратын жеріне кері қайту үшін жолақы шығындарын төлеу;
3) 1, 2, 3 және 18-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
4) 2 және 3-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – сауықтыруға екі АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
Отан қорғаушылар Күніне 10000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
Ауған соғысына қатысқандарға әскерлерді шығарған Күніне 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
5) 9-тармақшада көрсетілген санат үшін - Комиссияның шешімі бойынша 15 (он бес) АЕК аспайтын мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
6) 4-тармақшада көрсетілген санат үшін - қатты отын алу үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
7) 24-тармақшада көрсетілген санат үшін - кәсіби оқудан өту кезеңінде 7000 (жеті мың) теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
8) 7-тармақшада көрсетілген санат үшін - 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
9) 22-тармақшада көрсетілген санат үшін - жоғары оқу орындарында оқығаны үшін тиісті оқу орындарындағы оқудың нақты құнының мөлшерінде төлем, оқу кезеңінде тұруына, тамағына және тұрғылықты жеріне бару жолақысына 7000 (жеті мың) теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік төлем;
10) 14-тармақшада көрсетілген санат үшін – жоғары медициналық оқу орындарындағы 7-курс студенттеріне оқуларына төлеу үшін тиісті оқу орындарындағы оқудың нақты құнының мөлшерінде төлем;
11) 5-тармақшада көрсетілген санат үшін – медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне 200000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде және педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектеріне 70 (жетпіс) АЕК теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
12) 23-тармақшада көрсетілген санат үшін – қалада тұратындарға 10000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, "Ақсу қалалық туберкулез ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде міндетті медициналық тексеруден өтуге байланысты ауылдық өңірде тұратындарға және амбулаториялық емделуде тұрғандарға тамақтануға және жол жүруге - 4 (төрт) АЕК мөлшерінде ай сайын емделу кезеңінде, қалада тұратын азаматтарға біржолғы тамақпен қамтамасыз ету;
13) 21-тармақшада көрсетілген санат үшін – 10000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
14) 15-тармақшада көрсетілген санат үшін - жалпы білім беру бағдарламасы бойынша 18 жасқа толмаған мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына компьютерлік техника алуға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
15) 12-тармақшада көрсетілген санат үшін - Мүгедектер күніне бір АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
16) 17-тармақшада көрсетілген санат үшін – 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
17) 30-тармақшада көрсетілген санат үшін – Павлодар қаласына және тұрғылықты орнына қайта бару жолақы шығындарын нақты жолақы құны бойынша төлеу;
18) 8-тармақшада көрсетілген санат үшін - "Ақсу қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, "Ақсу қалалық орталық ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің тізімдеріне сәйкес қатты отын алуға шығынның бөлігін қайтаруға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - 10 (он мың) теңге мөлшерінде;
19) 10-тармақшада көрсетілген санат үшін – Мүгедектер күніне бір АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төлеу үшін;
20) 11-тармақшада көрсетілген санат үшін - "Құрметті донор", "Почетный донор" белгісімен марапатталған немесе "Құрметті донор", "Почетный донор" белгісімен марапатталғаны туралы мұрағаттың анықтамасы барларға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
21) 1, 2, 4, 6, 12, 18, 27 және 29-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру үшін мемлекеттік тапсырысы бар облыстық және қалалық газеттерге жазылуға үш АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
22) 6-тармақшада көрсетілген санат үшін - балалар кеңесі мен учаскелік педиатор меңгерушілерінің қолымен расталған, учаскелік дәрігердің рецепті бойынша балаларға арналған сүт қоспасын қосымша алуға мұқтаж аз қамтамасыз етілген отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
23) 20-тармақшада көрсетілген санат үшін – аз қамтамасыз етілген оғаш отбасыларының бала табу жастағы әйелдеріне контрацептивтер алуға 5000 (бес мың) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
24) 13) тармақшада көрсетілген санат үшін - "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын алған тұлғаларға коммуналдық қызметтерге төлем туралы түбіртектер бойынша коммуналдық қызметтерге төлем шығынын өтеуге әлеуметтік көмек;
25) 6-тармақшада көрсетілген санат үшін - жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға, үш ірі қара мал сатып алуға 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік біржолғы көмек;
26) 1-4, 6, 10, 18, 24, 28 және 29-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға суды есептейтін жеке аспаптарды орнатуға суды есептейтін аспаптың нақты құны мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
27) 1 және 13-тармақшада көрсетілген санат үшін - Астана қаласына экскурсияға қатысу үшін өңірді дамытуға үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлері, Құрметті азаматтар, еңбегі сіңген тұлғаларға жолдама құны бойынша әлеуметтік көмек;
28) 24-тармақшада көрсетілген санат үшін – қайтыс болған кезде Бөлімде есепте тұрған жұмыссыздарды жерлеуге АХАЖ органдарынан анықтама, қайтыс болғанның өлімі туралы куәлік негізінде 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;
29) 26-тармақшада көрсетілген санат үшін – спутниктік теледидардың клиенттік қабылдау жабдықтарының нақты құны бойынша – спутниктік теледидардың клиенттік қабылдау жабдықтарын орнату төлеміне.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010.11.17 N 791/6 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру 2010 жылға арналған қалалық бюджет шеңберінде жүзеге асырылады.
6. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 25 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарына тарайды.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.
Қала әкімі О. Қайыргелдинов
Ақсу қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 25 наурыздағы
N 158/3 қаулысына
қосымша
Ақсу қаласы азаматтарының жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
жөніндегі комиссияның құрамы
Рахымжанов Ержан Мэлсұлы |
- Ақсу қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы; |
Бобчихина Елена Валентиновна |
- "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, Комиссия төрағасының орынбасар; |
Қожахметова Гүлжан Айдарбекқызы |
- Ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы; |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Арынов Зәлмұқан |
- Ақсу Ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша); |
Женаева Күлжан Сұлтанқызы |
- "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалының Ақсу аудандық бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша); |
Гайдаренко Марина Анатольевна |
- "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Мартынова Людмила Александровна |
- Қалалық мәслихаттың депутаты (келісім бойынша). |