Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Ақсу кенті халқының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ақсу кентінің Пионерская көшесі Владимир Новик атындағы көшеге қайта аталсын.
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ақсу кентінің әкімі Е. Сәрсенов