Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Тасқұдық станциясы тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ақсу қаласы Пограничный селолық округінің Тасқұдық станциясының атауы жоқ көшесі N 1 үйден N 23 үй бойынша "Теміржолшы" деп аталсын.
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Пограничный селолық округінің әкімі В. Штрауб