Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы" N 738 қаулысымен бекітілген, мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы Нұсқаулықтың 3-тармағы негізінде, ауылдық жерлерде тұратын, интернат мекемелерінде білім алатын оқушыларды әлеуметтік қорғау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыл мектептерінің жанындағы интернат мекемелерінде оқитын балалардың ата-аналары 2010 жылғы тамақтану төлемақысынан босатылсын.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г. К. Сванқұлова) ауыл мектептерінің жанындағы интернат мекемелерінде тәрбиеленетін балалардың тамақтану шығынын білім беру мекемелерін ұстауға бөлінген қаражаттар есебінен толтырсын.
3. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 наурыздағы "Ауыл мектептерінің интернат мекемелерінде оқитын балалардың тамақтанғаны үшін ата-аналарын төлемақыдан босату туралы" N 194/3 қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев