Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімі аппарат басшысының 28.10.2013 N 26/1-28/361 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 19-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қауылысына сәйкес, жұмыссыздардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру және жұмысқа орналасуына қолдау көрсету мақсатында аудан әкімдігi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi 2011 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылған қаржы есебінен жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша жұмысын ұйымдастырсын.
2. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру" 002 бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте бекiтiлген қаржы көлемiнде уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы оның ресми жарияланған алғашқы күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.З. Ысқақоваға мiндеттелсiн.
Аудан әкiмі Ж. Кожанов