Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Ертіс ауылы әкімінің 2011.01.17 N 1-14-4 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және Ертіс ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Ертіс ауылындағы Маяковский көшесінің атауы Оразбай Қуанышев көшесі атауына ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Ертіс ауылының әкімі Т. Бекпауов