Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2012.08.13 N 378/8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабы 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіпорындар мен ұйымдармен жасасқан шарттар бойынша 150 жұмыссыз үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
2. Қоғамдық жұмыстар өтетін аудан ұйымдары мен кәсіпорындарының тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, қаржыландыру көлемі мен көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздар: асырауында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы аналар, үшінші топтағы мүгедектер, медициналық-бақылау комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекте шектеулері бар азаматтар үшін еңбек ақысын толық төлеумен 40-сағаттық жұмыс аптасы және икемді жұмыс кестесі қарастырылсын.
Үшінші топтағы мүгедектер және медициналық-бақылау комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекке шектеулері бар азаматтар қоғамдық жұмыстарға медициналық мекемелердің ұсыныстарына сәйкес жіберілсін.
4. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға төлемақы Қазақстан Республикасының 2010 жылы 29 қарашадағы "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген ең төмен айлық еңбекақыдан кем емес мөлшерде белгіленсін.
5. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың көлемі 2011 жылға бекітілген аудан бюджетіне сәйкес 002 100 "Қоғамдық жұмыстар" бағдарламасының бөлімшесі бойынша анықталсын.
6. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы "2010 жылы қоғамдық жұмыстар өткізу туралы" N 1/1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-11-120 тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпандағы N 7 (7763) "Заман Тынысы" газетінде жарияланған), қаулысының күші жойылған деп танылсын.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.А. Мұхамбетжановаға жүктелсін.
Аудан әкімі Т. Бастенов
Павлодар ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 31 желтоқсан
N 437/12 қаулысына
қосымша
Қоғамдық жұмыстар өтетін кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері мен нақты
шарттары және қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру көздері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011.04.04 N 69/4 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
N р/с | Кәсіпорын, ұйым атауы | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Көлемі | Сұраныс (адам дар саны | Ұсыныс (адамдар саны) | Қаржыландыру көзі |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
"Павлодар ауданы Пресное ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Елді мекендер аумақтарын, қар мен қар бұрқасындарын қолмен жинау. Аймақтарды экологиялық сауықтыру: аумақтарды көгалдандыру, көріктендіру, көктемде және күзде ағаш отырғызу, жасыл екпелерді жазғы суару Тарихи-сәулет ескерткіштерді, кешендерді және қорықтар аймағын қалпына келтіруге көмек көрсету. Ауыл халқын, қосалқы шаруашылықтың бар болуын (мал, құс) есептеу өткізуде көмек көрсету, үйлерді және аулаларды аралауға көмек көрсету. Құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету |
Қар тазалау – 9600 куб м. Ағаш салу – 800 дана. Бұта салу – 800 дана. Ағаш ақтау, ағаш қесу – 24000 дана. Гүлбақтар мен гүлзарларды жасау – 1600 шаршы м. Ескерткіштер мен обелисктерді, парк аумағын тәртіпке келтіру – 8000 шаршы м. Қоршауларды жөндеу – 84 шаршы м. Аулаларды аралауды және басқа да зерттеулерді өткізу – 8000 аула. 21750 құжат. |
5 |
5 |
Аудандық бюджет |
2 |
"Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
7 |
7 |
Аудандық бюджет |
||
3 |
"Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
6 |
Аудандық бюджет |
||
4 |
"Павлодар ауданы Жетекші ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
4 |
4 |
Аудандық бюджет |
||
5 |
"Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
17 |
17 |
Аудандық бюджет |
||
6 |
"Павлодар ауданы Занғар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
5 |
5 |
Аудандық бюджет |
||
7 |
"Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
17 |
17 |
Аудандық бюджет |
||
8 |
"Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
17 |
17 |
Аудандық бюджет |
||
9 |
"Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
6 |
Аудандық бюджет |
||
10 |
"Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
4 |
4 |
Аудандық бюджет |
||
11 |
"Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
4 |
4 |
Аудандық бюджет |
||
12 |
"Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
9 |
9 |
Аудандық бюджет |
||
13 |
"Павлодар ауданы Маралды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
5 |
5 |
Аудандық бюджет |
||
14 |
"Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
17 |
17 |
Аудандық бюджет |
||
15 |
"Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
4 |
4 |
Аудандық бюджет |
||
16 |
"Павлодар ауданы Шакат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
15 |
15 |
Аудандық бюджет |
||
17 |
Павлодар ауданы әкімдігінің, Павлодар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Коммунальщик" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
3 |
3 |
Аудандық бюджет |
||
18 |
"Павлодар ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету |
750 құжат. |
1 |
1 |
Аудандық бюджет |
19 |
"Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
3 |
3 |
Аудандық бюджет |
||
20 |
"Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
1 |
1 |
Аудандық бюджет |
||
Барлығы |
150 |
150 |
Ескерту: Қоғамдық жұмыс көлемі жұмыспен қамту бағдарламасымен сәйкес анықталады