Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппарат басшысының 24.10.2014 N 1-18/672 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы "2010 жылы Успен ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 13/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 12-12-89 тіркелген 2010 жылғы 27 ақпандағы "Сельские будни" газетінде жарияланған) (бұдан әрі - Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауы орыс тілінде төмендегі мазмұнда баяндалсын: "2010 жылы Успен ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы";
қаулының 2 тармағының 8) тармақшасындағы "Ауған соғысындағы" деген сөзден кейін "бейбіт уақытта әскери қызметті өту барысында қаза тапқан (өлген) әскери қызметшілердің отбастары" деген сөздермен толықтырылсын;
қаулының 3 тармағының 3) тармақшасындағы "1), 9)-11) тармақшаларда көрсетілген" деген сөздер "1), 9), 10), 11) тармақшаларда көрсетілген" сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 3 тармағының 4) тармақшасындағы "2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларда көрсетілген" деген сөздер "3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларда көрсетілген" сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 3 тармағының 5) тармақшасындағы "7), 9), 10) тармақшаларда көрсетілген" деген сөздер "3), 7), 9), 10) тармақшаларда көрсетілген" сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 3 тармағының 8 тармақшасындағы "әр ай сайын материалдық көмек төлеу үшін" деген сөздер, "әр тоқсан сайын материалдық көмек төлеу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 3 тармағының 21 тармақшасындағы, "Қазақстан Республикасының Халық банкі" деген сөздерден кейін "есепке алу жөніндегі медицина мекемесінен анықтама" деген сөздермен толықтырылсын;
қаулының 4 тармағының 1 тармақшасындағы "25000 теңге мөлшерінде" деген сөз тіркесі, "100000 теңге мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 4 тармағының 2 тармақшасындағы "2), 3), 4), 5), 6), 8) тармақшаларда көрсетілген" деген сөздер "1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларда көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 4 тармағының 3 тармақшасындағы "7 тармақшада көрсетілген" деген сөздер "3), 7) тармақшаларда көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 4 тармағының 3 тармақшасы:
"9 мамыр қарсаңында 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек";
"тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 50000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек";
"9 мамыр қарсаңында 5000 теңге сомасында азық-түлік жиынтығы" деген сөздермен толықтырылсын;
қаулының 4 тармағының 4 тармақшасындағы "10000 теңге мөлшерінде" деген сөз "50000 теңге" деген сөзбен ауыстырылсын;
қаулының 4 тармағының 4 тармақшасындағы "10 АЕК мөлшерінде" деген сөздерден кейін:
"9 мамыр қарсаңында 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 5000 теңге сомасында азық-түлік жиынтығы" деген сөздермен толықтырылсын;
қаулының 4 тармағы "5), 6) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - 9 мамыр қарсаңында 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек";
"тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 50000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек";
"9 мамыр қарсаңында 5000 теңге сомасында азық-түлік жиынтығы" деген мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын;
4 тармақ "8 тармақшада көрсетілген санаттар үшін" деген мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын;
9 мамырға 10000 теңге сомасында бір жолғы материалдық көмек;
2 АЕК мөлшерінде сауықтыруға арналған тоқсан сайынғы материалдық көмек;
тұрғын үй, коммуналдық қызметті төлеу үшін 1600 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
мерзімді баспа сөзге жазылу үшін 3 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек".
2.
Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі Н. Әутәліпов |