Шарбақты ауданында үй жануарларын ұстау және аймақтағы тазалықты ұйымдастыру, тазалықты сақтау, аумақты санитариялық тазарту, абаттандыру Ережесін бекіту туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 125/25 шешімі. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде N 12-13-101 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 31 қазандағы N 39/14 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 31.10.2012 N 39/14 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бап 2 тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бап 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шарбақты ауданында үй жануарларын ұстау және аймақтағы тазалықты ұйымдастыру, тазалықты сақтау, аумақты санитариялық тазарту, абаттандыру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            А. Поляков

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б. Паванов

Шарбақты аудандық мәслихатының
2010 жылғы 16 сәуірдегі  
N 125/25 шешіміне    
қосымша        

Шарбақты ауданында үй жануарларын ұстау және аймақтағы
тазалықты ұйымдастыру, тазалықты сақтау, аумақты
санитариялық тазарту, абаттандыру Ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының экологиялық кодексіне", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына, және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ауданда үй жануарларын ұстау және аймақтағы тазалықты ұйымдастыру, тазалықты сақтау, санитарлық тазарту, абаттандыру саласында жеке және  заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді.
      Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметі мен тіршілік ету негізі, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрмысын жақсартуда табиғат және оның байлықтары басты құбылыс екендігін ескере отырып, осы Ереженің міндеті:
      азаматтардың экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық саулық, радиациялық қауіпсіздігі үшін конституциялық құқықтарын жүзеге асыру;
      қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізбейтін, қолайлы қоршаған ортаны қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық саулығын мемлекеттің қамтамасыз ету негізін жүзеге асыру;
      тұрғындардың санитарлық- эпидемиологиялық саулығын және денсаулығын сақтау болып саналады.
      Егер тұрғындардың денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық саулығына ықпал етуіне байланысты болса, әр азаматтың, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы толық ақпарат алуға, мемлекеттік басқару органдары, лауазымды тұлғалармен шешім қабылдауға қатысуға, орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, және талқылауға құқығы бар.
      Осы Ереженің мақсаты: қыс және жаз маусымдарында ауылдық  аймақтарды тазартуды реттеуді анықтау, жаяу жүрушілер мен көлік қатынасының қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайлар мен тазалықты қамтамасыз ету, қала аймақтарын абаттандыру және санитарлық жағдайын бұзуға жауапкершілігі, ғимараттар мен басқа да ауылдық инфрақұрылым нысандарының сыртқы жарықпен қамтамасыз ету, жарнамалар, ағаш отырғызу болып саналады.
      Ереже Шарбақты ауданының аумағында орналасқан барлық идаралық ғимараттар, құрылыстар және құрылыс ғимаратарының иелері, жалға алушы, құрылысшы, мекемелер мен ұжымдарға міндетті.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғым:
      қалдықтар - өндіріс және тұтыныс барысындағы өнімдердің, материалдардың, жартылай дайындалған өнімдердің басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ тұтынушылық қасиетін жойған тауар (өнім);
      тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) - тұрғындық және қоғамдық ғимараттарда (тұрғын үйлердегі ағымдағы жөндеу жұмыстарынан қалған қалдықтарды есептегенде) пайда болған қалдықтар, жылу жүйелерінің орындарында пайда болған, жерге түскен жапырақтар және үйдегі керек-жарақ ірі заттардың қалдықтары;
      санитарлық тазарту – жинақтау жүйесі, жою, залалсыздандыру, кәдеге жарату және қалдықтарды көму;
      қалдықтарды (жою) шығару - белгіленген жерлерге қалдықтарды шығару;
      қоқыстарды жою–жинақтау, жою, залалсыздандыру, кәдеге жарату және қалдықтарды көмуді өзіне алатын мамандандырылған ұйымның көрсететін коммуналдық қызметі;
      мамандандырылған ұйым - қоқыстарды жою бағытында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және арнайы көліктері бар заңды және жеке тұлғалар;
      қоқыс жою бойынша тариф – уәкілетті органдар белгілеген қызмет құны және қосымша шыққан шығынның орнын толтыратын, пайда түсетін мүмкіндіктерді есептеп және қызмет көрсетуге қажетті, мамандандырылған ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      қоқыс тастайтын жер (полигон) – қалдықтарды көму және жинақтау үшін тағайындалған, жалпы қолданыстағы арнайы орын;
      үй-жайға иелік ету - кісі тұратын (тұрғын үй, пәтерлер) және кісі тұрмайтын (әкімшілік, саудалық, өнеркәсіптік, мәдени-тұрмыстық және т.б. міндеттер) ғимараттар;
      уәкілетті орган – құқықтық қатынастың белгіленген бағытында өкілеттілік үлесі бар мемлекеттік орган.
      2. Санитарлық тазарту жүйесі және аудан аймағын тиімді жинақтауды қарастырады, тез арада жою, тұрмыстық қалдықтарды экономикалық мақсатта залалсыздандыру (тұрмыстық-шаруашылық, оның ішінде тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, қоғамдық тамақтану және мәдени-тұрмыстық саладағы сауда мекемелерінен тамақ қалдықтары) көшелердегі қоқыстар және басқа да тұрмыстық қалдықтар, аудан аймағында жиналып қалған, және жалпы қолданыстағы және үй-жайлардың аймақтарын қыс және жаз мауысмдарында қамтамасыз ету және жинауды ұйымдастыруды өзіне алады.
      3. Ауылдық аймақтардағы санитарлық жағдайын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін, санитарлық тазарту және жинау жұмыстары уақтылы- жоспар жүйесімен және кесте бойынша арнайы көліктермен мемлекеттік коммуналдық шаруашылық сияқты жекеменшік секторларымен де жүзеге асыруы керек.
      4. Уақтылы - жоспар жүйесін ұйымдастыру және қалдықтарды жою уәкілетті органдардың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орындарымен келісім арқылы белгіленеді.
      5. Жалпы қолданыстағы орындарды жинастыру арнайы мекемелерге келісім бойынша жүктеледі. Субъектілерге белгіленген жер телімдерін бекіту шекараларда нақты жер пайдаланушы немесе атқарушы органның келісімімен жүргізіледі.
      6. Үйлерге кіреберіс жолдарды, ауладағы аумақты жинау тұрғын үйлердің жеке иелеріне жүктеледі.
      7. Көшелерді, ішкі орамдарға жолшыбай жерлерді, жасыл ағаш отырғызылған аймақтарды, жаяу жүргінші жолдарды жинау; мамандандырылған эксплуатациялық ұйымға.
      8. Аймақтарды және жаяу жүргінші жолдарды жинау: жақын аумақта (іргелес) орналасқан мекемелер, ұйымдар, басқармаларға.
      9. Автомай құю станцияларына іргелес радиусы 15 метр аймақты жинау және тазалықты сақтау, олардың қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
      10. Киоскілер, дүкендер мен басқа да сауда орындарына іргелес радиусы 5 метр аймақты тазарту және жинау жұмыстарымен сауда ұйымдарының барлық меншік нысандарының басшылары қамтамасыз етеді.
      11. Мекемелер, құрылыс алаңдары, қоймалар, базалар және оларға кіреберіс аймақтар осы ұйымның күшімен және қаражатымен немесе келісім шарт бойынша мамандандырылған ұйымдармен жиналады.
      12. Ауылдық аймақтардағы басқа жерлерді (стадиондар, базарлар, жәрмеңке ұйымдастырылатын орындар, автокөлік қоятын ашық орындар, ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлер және т.б) тиісті жер пайдаланушыларға жүктеледі.
      13. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуші құрылыс нысандарына іргелес аймақтарды жинау және тазалықта ұстау, осы жұмысты орындайтын жөндеу-құрылыс ұйымына жүктеледі.
      14. Өз балансында арнайы жабдықтары бар тиісті эксплуатациялық қызмет ету орындары суағар тораптарын тазартуды маусымына екі реттен кем емес, төмен орналасқан аймақтарды нөсер немесе су тасқыны кезінде  су басу қаупінің бар екендігін ескерту мақсатында жүргізеді.
      15. Тұрмыстық қатты және сұйық қалдықтарды жинақтау және көму арнайы белгіленген телімдерде жүргізіледі.
      16. Арнайы белгіленбеген басқа орындарға қалдықтарды шығаруға, сонымен қатар ауылшаруашылық алқаптарында көмуге тыйым салынады.
      17. Аймақтарды абаттандыру және жинау жұмыстары жүйелі, мерзімді және апатты ретпен қысқа және жазға бөлінеді.
      18. Жүйеліге жататындары: суару, қазу, қарды тазарту, мұздарды ою және қарлы-мұзды төсемелерді жою.
      19. Мерзімдіге: - топырақты үйінділерді, түскен жапырақтарды жинау, жол жиектерін шөптерден тазарту.
      20. Апат кезінде - (қар жауған кезде, көктайғақ, боран) – жол жабындыларын құмды-тұздалған қоспамен өңдеу, қарды сыпыру және үю, көше қиылыстарындағы қар үйінділерін итеру және т.б.

2. Жалпы қолданыстағы орындарды қамтамасыз ету және жинау

      21. Саябақтар, жаппай шеруге шығатын орындар және басқа да жалпы қолданыстағы орындар аталған Ереженің 1 бөлімінде белгіленген талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
      22. Барлық көшелер мен алаңдарда, басқа да орындарда жеткілікті түрде урналар қойылуы қажет.
      23. Урналар жүйелі түрде толған кезде тазаланып отыру қажет.
      24. Өздеріне бекітілген аймақтарда тазартуды жүзеге асырушы мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарға урналардың тазалығын қамтамасыз ету жүктеледі.
      25. Дүкендердің, сауда ғимараттарының иелері урналарды өз кеңселерінің алдыңғы жағына - кіреберіс және шығаберістерге орналастырады.
      26. Урналардың жағдайы дұрыс және ұқыпты болуын қамтамсыз етілу, жылына бір рет боялуы тиіс.
      27. Киоскілердің, дүкендердің алдында тауар қорын және бос ыдыстарды қалауға, сондай-ақ тиісті аймақты қойма ретінде падалануға тыйым салынады.
      28. Ведомстволық құрамына қатыссыз, жасыл көшеттер дербестік мемлекеттік қорды құрайды және заңмен қатаң қорғалады.
      29. Бекітілген аймақтардағы заңды және жеке тұлғалар:
      1) жасыл көшеттерді сақтауды қамтамасыз етеді, ол үшін толық кешенді агротехникалық шаралар өткізеді, атап айтқанда: суару, кесу, құрғақ ағаштарды, апатты  және қураған ағаштарды кесу, бағандарды тазарту, бағанды және тамыр бұтақшаларын жою, жас ағаштардың жанынан бағандық шұңқырлар орналастыру, жарақаттарын залалсыздандыру және сылау, сондай-ақ арамшөптерді жою үшін механикалық өңдеу;
      2) ауыл шаруашылық зиянкестер мен аурулар, карантин арам шөптермен жүйелі түрде күрес жүргізу;
      3) ағаштың жапырағы түсетін мезгілде жерге түскен жапырақтарды дер кезінде жинайды. Жинаған жапырақтарды арнайы белгіленген орындарға жеткізеді, тұрғын үй құрылыстары аймағында және саябақтарда жапырақтарды жағуға тыйым салынады;
      4) жасыл қорлардың сақталуы табиғатты қорғау заңнамаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.
      30. Өнеркәсіптік немесе басқа да құрылысты жүзеге асырушы құрылыс және басқа ұйымдар, жеке меншік түріне қарамастан, жердің үстіңгі қабатының бұзылуына байланысты, жердің құнарлы бөлігін алып, оларды жасыл құрылысқа пайдалану үшін сақтайды, сонымен қатар құрылыс  аяқталысымен дереу өз есептерінен бұзылған жер телімдері мен жасыл көшеттерді қалпына келтіреді.

3. Көшелерді және жол құрылыстарын қамтамасыз ету тәртібі

      31. Көшелер, жолдар және жол құрылыстары мемлекеттік меншікке жатады және көпшілік пайдалануға арналған.
      32. Көшелерді ластайтын көлікпен тасымалданатын жүктер, көшелерді ластауды болдырмас үшін мұқият жабылады.
      33. Жолдарды және көшелерді пайдаланушылар көлік қатынасын кедергісіз жүріп-тұруын қамтамасыз етеді.
      34. Тыйым салынады:
      1.Көшелерді, жолдарды және жол жабдықтарын, жол белгілерін, жол қатынасын реттейтін құралдарды, жасыл көшеттерді зақымдауға.
      2. Ғимарттарға және құрылыс ғимараттарына, сондай-ақ өрт кезіндегі су көздеріне кіреберіс жолдарды, көшелердегі өткелдерді қоршауға және ығыстыруға.
      35. Жеке және заңды тұлғалар жол жабындыларын зақымдауға байланысты жер немесе басқа да жұмыстарын "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жазба түрдегі рұқсаты бойынша  (ордермен) ғана жүргізе алады.

4. Үй аулаларын жинастыру және қамтамасыз ету

      36. Үй аулаларын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жүйелі түрде жоспар бойынша жүргізіледі.
      37. Тұрмыстық қатты қалдықтар қоқыс шығаратын арнайы көліктермен, канализациясыз үй аулаларындағы сұйық қалдықтар – қоқыстан тазарту көліктерімен шығарылады.
      38. Тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды шығару меншік иесінің мамандандырылған ұжымының шарты, шығару кестесі, атқарылған жұмыс үшін төлемақысы болған жағдайда, уақытында шығарылмаған қоқыс үшін келісім шарт жасаған мамандандырылған ұжым жауапты болады.

5. Елді мекенді аймақтардағы кіші сәулеттік
нысандарды қамтамасыз ету және орнату тәртібі

      39. Сыртқы абаттандырудың барлық элементтері, оның ішінде қасбеттерін өңдеу аймақтардағы құрылыс тәртібі белгілеген ережеге сәйкес орындалуы қажет.
      40. Шарбақтар, қоршаулар, көгал алаңдарын, киоскілер, дүкендер, жарнамалық тақталар, маңдайша жазуларын безендіру, осы сияқты көрнекі және басқа да құралдарды орналастыру және құру, саябақтардағы орындықтарды орналастыру уәкілетті органдардың келісімінен кейін ғана  рұқсат етіледі.
      41. Барлық кіші сәулет құрылыс нысандары дұрыс жағдайда ұсталуы, жылына бір рет боялуы қажет.
      42. Көшелерді жарықтандыру шамдары, жарық арқылы жарнамалар және маңдайша жазулары қараңғы түскен кезде жағылуы тиіс.
      43. Тұрғын үй, қызмет, өндірістік және басқа да ғимараттар мен құрылыс иелері, үйлердің нөмір белгілерін, көшелердің атауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған маңдайшалардағы жазуларды (оның ішінде жарнамалық сипаттағы)  тиісті жағдайда ұстаулары қажет.

6. Инженерлік құрылыстар мен коммуникацияларды
тазарту және қамтамасыз ету тәртібі

      44. Жобалаушы ұжымдар құрылыс және қатынас жобаларын дайындаған кезде:
      1) құрылыс алаңдарында орналасқан ағаштар мен көшеттердің жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз ететін, жұмысты ұйымдастыру тәртібін дайындайды;
      2) құрылыс жұмыстарының сметасына бұрынғы қалпына келтіру құнына төлем ақыны, көшіріп отырғызатын жағдайда – жасыл көшеттерді көшіріп отырғызу бойынша қосымша жұмыс құнын қарастырады.
      45. Құрылыс мерзімінде құрылыс объектісіндегі негізгі бағыттағы жол бөлігінің осы және қарама-қарсы жаққа 600 метр қашықтығын күнделікті тазарту, құрылыс ұжымына бекітіледі.
      46. Бұрынғы құрылыс орындарында жүргізілетін құрылыс алаңдары барлық периметрлер бойынша, құрылыс бұзылғанға дейін мықты дуалдармен қоршалуы қажет.
      47. Қоршауда адамдар өтетін жер саны аз болуы тиіс.
      48. Ауданда ауылдық аймақтардағы ішкі орам телімдерінде, тораптарда, көшелерде жер және құрылыс жұмыстарын істеу осындай жұмыстарды істеу құқығына рұқсат қағаз/ордер/ беруші уәкілетті органның бекіткен тәртібіне сәйкес заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.
      49. Шашылатын және басқа да көшелерді ластайтын жүктер, көшелерді ластанудан сақтау үшін мұқият түрде жабылуы тиіс.

7. Елді мекенді аймақтарды санитарлық қамтамасыз
ету бойынша қызмет және уәкілетті органдардың әрекеті

      50. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы негізгі заңнамаларына сәйкес, көшелерді, аулаларды, басқа да аймақтарды, сонымен қатар жұртшылық пайдаланатын орындарды қамтамасыз етудегі санитарлық ережелерді сақтауды ішкі істер және санитарлық бақылау органдары жүзеге асырады.
      51. Жергілікті атқарушы органдары:
      1) механикаландырылған жиыстыруға тиісті көшелердің, алаңдардың және жол бойларының титулдық тізімі, сонымен қатар олардың жыл бойындағы қыс және жаз маусымдарында жиыстыру кезегі;
      2) меншік түріне қарамастан, мекемелер мен ұжымдардың күшімен жиыстырылатын тиісті аумақтар тізімі;
      3) табиғат байлықтарын сақтау, қоршаған ортаны ластанудан сақтау және қорғау шаралары;
      4) саябақтар, шағын бақтар, техникалық қызмет ғимарататары мен құрылыстары, құрылыс алаңдары, сауда мекемелері және басқаларының санитарлық жағдайына жауапты ұжымдар;
      5) қалдықтарды көму және жинастыру орындарын бекітеді.
      52. Үй аулаларының иелері /пайдаланушылар/ тұрмыстық қалдықтарды дер кезінде жоюы тиіс немесе қалдықтарды жою үшін келісім шарт жасауға міндетті.
      53. Кәсіпорын тазарту үшін:
      1) дер кезінде (келісім шартқа сәйкес) ұжымдар, мекемелер мен кәсіпорындардың контейнерлердегі қоқыстарды жоюды жүзеге асыруға міндетті.
      54. Санэпидқызмет мекемесінің мамандары келесі міндеттерді орындауға:
      1) елді мекенді кенттерде санитарлық тазартуды ұйымдастыру бойынша жобаларды дайындауда жергілікті басқару органдардың шешіміне қатысу;
      2) тұрмыстық қатты және өнеркәсіп қалдықтары полигондарын жобалау және орналастыру бойынша материалдарды қарастыру және келісу,  ауылдарды санитарлық тазарту схемалары және т.б;
      3) елді мекендердегі санитарлық жағдайға байланысты тұрғындардың ауру-сырқауын тексеруге және зерттеуге;
      4) ауыл аймақтардың санитарлық жағдайын бақылауды жүзеге асыру және әкімшілік тарапынан құқық бұзушыларға әсер ететін шара қолдануға тиісті.
      55. Аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары:
      1) белгіленген аумақтағы санитарлық жағдайды үнемі бақылауды жүзеге асыруға;
      2) санитарлық тәртіп бұзушыларды анықтап, белгіленген тәртіп бойынша тиісті органдарға оларға мәлімет беруге;
      3) меншік түріне қарамастан тұрғындарға, мекемелер мен ұжымдарға көшелерде қоқыс үйінділерін тудыру және оларды өртеуге үзілді-кесілді тыйым салуға міндетті.
      56. Осы Ережені бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" бекітілген Кодексіндегі тәртіп бойынша жауапқа тартылады.

8. Аталған Ережеде ұсынылмаған іс әрекеттер

      57. Жеке және заңды тұлғаларға:
      1) көшелерде, тротуарларда, көгал алаңдарында, үйлердің алдында  құрылыс материалдарын, отын, көмір, шөп-салам, улыхимикаттар, метал сынықтары, минералды тыңайтқыштар және басқа материалдарды төгуге;
      2) жолдардағы өтетін жерлер мен тротуарлар бойында қоршалмаған канализациялық, суқұбырларын, жаңбыр және басқа құдықтарды ашық қалдыруға;
      3) шашылатын және сұйық жүктерді қораптары жөнделмеген автокөліктермен және жабдықталмаған жүк арбалармен тасымалдауға;
      4) қолданыстағы құрылыс ғимараттарын (жол жабындыларын, жол жиектерін, құдық қақпақтарын және т.б), жасыл көшеттерді жол және жер  жұмыстарын жүргізу кезінде зақымдау, сондай-ақ оларды топырақпен көмуге;
      5) тротуарларға, көгал алаңдарына, көшелердегі өтетін жерлерге су шашатын зақымдалған суқұбырлары мен канализация жүйелеріндегі апаттық жұмыстарды жүргізуге;
      6) кәсіпорындар мен ұжымдардың аумақтарында, көшелерде және тұрғылықты орамдардағы көгал алаңдарында, жеке меншік жер телімдерінде қоқыстарды, жапырақтарды жағуға;
      7) электр сымдарын, сымдарды, әткешектерді және т.б бекіту үшін ағаштарды пайдалануға болмайды.

9. Иттер мен мысықтарды ұстау

      58. Үй жануарларының иелері:
      1) үй жануарларын олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау, гуманитарлық айналысу, қараусыз қалдырмау, сырқаттанып қалған жағдайда дер кезінде ветеринарлық көмек көрсетуге;
      2) мемлекеттік ветеринарлық мекемелердің мамандарының талаптары бойынша жануарларды дер кезінде тексеруге, диагностикалық зерттеу және емдік-профилактикалық өңдеуге жеткізуге;
      3) үй жануарларынан олардың маңындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, тиісті шараларды қолдануға;
      4) жануарларды ары қарай ұстауға мүмкіндік болмаған кезде, басқа иеге немесе ветеринарлық мекемеге тапсыруға;
      5) өлген жануарларды көму немесе жою арнайы белгіленген орындарда жүргізуге міндетті.
      59. Тыйым салынады:
      1) жұртшылық қолданатын орындарда шылбырсыз және тұмылдырықсыз итпен шығуға және қыдыруға;
      2) иттерді жұртшылық қолданатын орындарда ұстауға;
      3) жұртшылық қолданатын орындарды, балалардың спорттық алаңдарын, көгал алаңдарын, тротуарларды үй жануарларының ластауына тыйым салынады.
      Үй жануарларының иелері жұртшылық орындарында, көгал алаңдарында және тротуарларда жануарлардың қалдырған нәжістерін жинауға міндетті.

10. Ауылшаруашылық, үй жануарлары мен құстарын ұстау

      60. Ауылшаруашылық жануарлары мен құстар жеке үй аулаларындағы қоршалған алаңдардағы арнайы жабдықталған жабық жайларда ұсталуы тиіс.
      61. Ауылшаруашылық жануарлары мен құстар жеке үй қожалықтарына жатпайтын (қосалқы шаруашылық немесе т.б), экзотикалық жануарларды ұстау уәкілетті органдардың келісімімен ғана рұқсат етіледі.
      62. Ауылшаруашылық жануарлары мен құстардың иелері жануарларды ұстаудың зоотехникалық және ветеринарлық–санитарлық талаптарын сақтауға міндетті, малшаруашылығы қалдықтарымен қоршаған ортаны ластауға мүмкіндік бермеу.
      63. Уәкілетті органдардың рұқсаты болған жағдайда жануарларды кез келген көлік түрімен тасымалдауға мүмкіндіктері бар.
      64. Тыйым салынады:
      1) малжайылымдарына бекітілген трассалардан басқа көшелерде, алаңдарда, кішігірім алаңдарда және басқа да жұртшылық қолданатын жерлерде малдардың жайылуына;
      2) ашық аймақтарды мал шаруашылық қалдықтары және тезектерімен ластауға тыйым салынады.

11. Осы Ережені бұзғаны үшін жеке
және заңды тұлғалардың жауаптылық

      65. Осы Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаларына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік заң бұзушылық туралы" Кодексімен жауапқа тартылады.
      Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаларына сәйкес, заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікпен қолданған шара, жіберілген қателіктерді жоюдан және материалдық шығынның орнын толтыру жауапкершілігінен босатылмайды.

Об утверждении Правил благоустройства, санитарной очистки, соблюдения чистоты, организации уборки территорий и содержания домашних животных в Щербактинском районе

Решение маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 16 апреля 2010 года N 125/25. Зарегистрировано Управлением юстиции Щербактинского района Павлодарской области 29 апреля 2010 года N 12-13-101. Утратило силу решением Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 31 октября 2012 года N 39/14

      Сноска. Утратило силу решением Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 31.10.2012 N 39/14.

       В соответствии с пунктом 2 статьи 3 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года "Об административных правонарушениях", подпунктом 8) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила благоустройства, санитарной очистки, соблюдения чистоты, и содержания домашних животных в Щербактинском районе согласно приложению.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянные комиссии районного маслихата.

      Председатель сессии                        А. Поляков

      Секретарь районного маслихата              Б. Паванов

Приложение        
к решению Щербактинского   
районного маслихата    
от 16 апреля 2010 года N 125/25

Правила благоустройства, санитарной очистки, соблюдения чистоты, организации уборки территорий и содержания
домашних животных в Щербактинском районе

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" от 30 января 2001 года, Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" от 18 сентября 2009 года, "Экологическим кодексом Республики Казахстан" от 9 января 2007 года, Законами Республики Казахстан: "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, "О ветеринарии" от 10 июля 2002 года и другими нормативными правовыми актами, и регулируют отношения физических и юридических лиц в сфере благоустройства, санитарной очистки и организации уборки территорий и содержания домашних животных в районе.
      Исходя из того, что природа и ее богатство являются естественной основой жизни и деятельности граждан Республики Казахстан, их устойчивого социально-экономического развития и повышения благосостояния, задачами настоящих Правил являются:
      реализация конституционного права граждан на экологическое, санитарно-эпедемиологическое благополучие и радиационную безопасность;
      реализация принципов обеспечения государством санитарно-эпидемиологического благополучия населения и сохранения благоприятной окружающей среды, которая не оказывает отрицательного влияния на состояние здоровья настоящего и будущего поколений;
      защита здоровья и санитарно-эпидемиологического благополучия населения.
      Каждый гражданин имеет право получать достоверную информацию о санитарно-эпидемиологической ситуации, участвовать в разработке, обсуждении и осуществлять контроль над выполнением решений, принимаемых органами государственного управления, должностными лицами, если реализация этих решений связана с воздействием на санитарно-эпидемиологическое благополучие и здоровье населения.
      Целью настоящих Правил является: определение порядка уборки сельских территорий в зимний и летний периоды, установление требований при выполнении уборочных работ, обеспечивающих чистоту и необходимые условия для безопасного движения транспорта, пешеходов, ответственность за нарушения санитарного содержания и благоустройства городских территорий, состояние объектов наружного освещения, рекламы, зеленых насаждений, зданий и других объектов сельской инфраструктуры.
      Правила обязательны для всех ведомств, предприятий и организаций, являющихся арендаторами, застройщиками, владельцами зданий, строений и сооружений, расположенных на территории Щербактинского района.

1. Общие положения

      1. Понятия, используемые в настоящих Правилах:
      отходы - остатки сырья, материалов, полуфабрикатов, иных изделий и продуктов, которые образовались в процессе производства и потребления, а также товары (продукция), утратившие свои потребительские свойства;
      твердые бытовые отходы (ТБО) - отходы, образующиеся в жилых и общественных зданиях (включая отходы от текущего ремонта жилых домов), отходы от отопительных устройств мест отопления, смет, опавшие листья и крупные предметы домашнего обихода;
      санитарная очистка - система сбора, удаления, обезвреживания, утилизации и захоронения отходов;
      вывоз (удаление) отходов - транспортировка отходов в определенные места;
      мусороудаление - коммунальная услуга, включающая в себя сбор, вывоз, утилизацию и захоронение отходов, оказываемая специализированной организацией;
      специализированная организация - юридические и физические лица, занимающиеся предпринимательской деятельностью в области мусороудаления и имеющие специальный транспорт;
      тариф на мусороудаление - стоимость услуги, установленная уполномоченным органом и включающая в себя полное возмещение понесенных затрат, необходимых для оказания услуг и учитывающая возможность получения прибыли, обеспечивающей эффективное функционирование специализированной организации;
      свалка (полигон) - специальное место общего пользования, предназначенное для складирования и захоронения отходов;
      домовладения - жилые (дома, квартиры) и нежилые (административного, торгового, промышленного, культурно-бытового и т.п. назначения) здания;
      уполномоченный орган – государственный орган, наделенный полномочиями в определенной области правоотношений.
      2. Система санитарной очистки и уборки территорий района предусматривает рациональный сбор, быстрое удаление, экономически целесообразную утилизацию бытовых отходов (хозяйственно-бытовых, в том числе пищевых отходов из жилых и общественных зданий, предприятий торговли, общественного питания и культурно-бытового назначения) уличного мусора, смета и других бытовых отходов, скапливающихся на территории района, и включают в себя организацию содержания и уборки в летнее и зимнее время территорий мест общего пользования и домовладений.
      3. Для обеспечения должного уровня санитарного состояния территорий сел организация всех работ по их санитарной очистке и уборке должна осуществляться по планово-регулярному и заявочному режимам, специальным транспортом, как государственного коммунального хозяйства, так и частного сектора.
      4. Организация планово-регулярной системы и режим удаления отходов определяется уполномоченным органом по согласованию с санитарно-эпидемиологической службой.
      5. Уборка мест общего пользования возлагается на специальные предприятия на договорной основе. Закрепление за субъектами для уборки определенных участков территории производится в границах, фактического землепользования либо договором с исполнительным органом.
      6. Уборка подъездных дорожек к дому, дворовых территорий возлагается на владельцев индивидуальных жилых домов.
      7. Уборка улиц, внутриквартальных проездов, зон зеленых насаждений, тротуаров: на специализированные эксплуатационные организации.
      8. Уборка территорий и тротуаров: на организации, предприятия, управления, которые находятся в непосредственной близости (граничащих) с ними.
      9. Уборка и поддержание чистоты на территориях, прилегающих к автозаправочным станциям  в радиусе 15 метров, осуществляется их персоналом.
      10. Работу по очистке и уборке территорий, прилегающих к киоскам, ларькам и другим торговым точкам в радиусе 5 метров, обеспечивают руководители торговых организаций всех форм собственности.
      11. Территории предприятий, строительных площадок, складов, баз, подъезды к ним убираются силами и средствами этих организаций или по договорам со специализированными организациями.
      12. Содержание в чистоте других участков сельских территорий (стадионы, рынки, места проведения ярмарок, открытые стоянки автомобилей, сельскохозяйственные угодья и т.д.) возлагается на соответствующих землепользователей.
      13. Уборка и содержание в чистоте территорий, прилегающих к объектам строительства, капитального, текущего ремонта, возлагается на ремонтно-строительную организацию, выполняющую эти работы.
      14. В целях предупреждения возможного затопления пониженных участков территорий ливневыми или паводковыми водами очистка водосточной сети производится не менее двух раз за сезон соответствующими эксплуатационными службами, у которых эти сооружения находятся на балансе.
      15. Складирование и захоронение твердых и жидких бытовых отходов производится на специально отведенных участках.
      16. Запрещается вывозить отходы на другие, не предназначенные для этого места, а также закапывать их на сельскохозяйственных полях.
      17. Работы по благоустройству и уборке территорий подразделяются на зимние и летние, которые проводятся систематически, периодически и в аварийном порядке.
      18. К систематическим относятся: поливка, сгребание, удаление снега, скалывание льда и удаление снежно-ледяных накатов.
      19. К периодическим - уборка грунтовых наносов, опавших листьев, скос травы на обочинах.
      20. К аварийным - (во время снегопада, гололеда, метелей) - обработка дорожных покрытий песко-соляной смесью, сгребание и подметание снега, раздвигание снежного вала на перекрестках, и т.д.

2. Уборка и содержание мест общего пользования

      21. Территории парков,  мест массовых гуляний и других мест общего пользования содержатся в соответствии с требованиями, установленными разделом 1 настоящих Правил.
      22. На всех площадях и улицах, и других местах должны быть выставлены в достаточном количестве урны.
      23. Очистка урн должна производиться систематически по мере их наполнения.
      24. Содержание урн в чистоте возлагается на организации, предприятия и учреждения, осуществляющие уборку закрепленных за ними территорий.
      25. Владельцами устанавливаются урны с фасадной части - у входов и выходов своих офисов, торговых помещений, ларьков.
      26. Урны должны содержаться в исправном и опрятном состоянии, окрашиваться не реже одного раза в год.
      27. Запрещается складировать тару и запасы товаров у киосков, и магазинов, а также использовать для складирования, прилегающие к ним территории.
      28. Зеленые насаждения, независимо от ведомственной принадлежности, составляют неприкосновенный государственный фонд и строго охраняются законом.
      29. Юридические и физические лица на закрепленной территории:
      1) обеспечивают сохранность зеленых насаждений, для чего проводят полный комплекс агротехнических мероприятий, а именно: полив, обрезку, вырезку сушняка, уборку аварийных, сухостойных деревьев, очистку стволов, удаление стволовой и прикорневой поросли, устройство приствольных лунок у молодых деревьев, дезинфекцию и замазку ран, а также механическую обработку по уничтожению сорняков;
      2) систематически проводят борьбу с сельскохозяйственными вредителями и болезнями, карантинными сорняками своими силами;
      3) в период листопада своевременно убирают опавшие листья. Собранные листья вывозят на специально отведенные участки, сжигать листья на территории жилой застройки и парков запрещается;
      4) обеспечивают сохранение зеленого фонда в соответствии с природоохранным законодательством.
      30. Строительные и другие организации, независимо от форм собственности, осуществляющие промышленное или иное строительство, связанное с нарушением почвенного покрова, снимают и хранят плодородный слой почвы для использования его в зеленом строительстве, а также восстанавливают за свой счет земляные участки и зеленые насаждения, нарушенные при производстве работ, немедленно после окончания строительства.

3. Порядок содержания улиц и дорожных сооружений

      31. Улицы, дороги и дорожные сооружения являются государственной собственностью и предназначены для общего пользования.
      32. Грузы, перевозимые транспортными средствами, загрязняющие улицы, должны быть тщательно укрыты, для исключения возможности загрязнения улиц.
      33. Все пользователи улиц и дорог обеспечивают беспрепятственное движение транспортных средств.
      34. Запрещается:
      1. повреждение улиц, дорог и дорожных сооружений, знаков, средств регулирования дорожного движения, зеленных насаждений.
      2. заграждение или загромождение улиц, дорог, проездов и подъездов к зданиям и сооружениям, а также к пожарным водоисточникам.
      35. Юридические и физические лица могут производить земляные работы, либо другие работы, связанные с разрушением дорожных покрытий только при наличии письменного разрешения (ордера), выданного государственным учреждением "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Щербактинского района.

4. Уборка и содержание домовладений

      36. Уборка домовладений от бытовых отходов должна производиться регулярно по плану.
      37. Твердые бытовые отходы вывозятся мусоровозным транспортом, жидкие отходы из не канализованных домовладений - ассенизационным транспортом.
      38. При наличии у собственника заключенного договора на оказание услуг по вывозу мусора и бытовых отходов, графика его вывоза, оплаты за выполняемую работу со специализированной организацией ответственность за несвоевременный вывоз мусора несет специализированная организация, с которой заключен договор.

5. Порядок установки и содержания малых
архитектурных форм на территории населенных мест

      39. Все элементы внешнего благоустройства, в том числе и отделка фасадов, должны быть выполнены в соответствии с правилами, определяющими порядок застройки территории.
      40. Строительство и установка оград, заборов, газонов, киосков, ларьков, рекламных стендов, оформление вывесок, всякого рода наглядных и других устройств, установление парковых скамеек допускается только после согласования с уполномоченным органом.
      41. Все установки малых архитектурных форм должны содержаться в исправном состоянии, окрашиваться не реже одного раза в год.
      42. Светильники уличного освещения, световая реклама и световые вывески, должны включаться с наступлением темноты.
      43. Владельцы жилых, служебных, производственных и прочих зданий и сооружений содержат в исправном состоянии номерные знаки домов, указатели улиц, а также вывески (в том числе и рекламного характера) на казахском и русском языках в соответствии с Законом Республики Казахстан "О языках в Республике Казахстан".

6. Порядок содержания и очистки
инженерных сооружений и коммуникаций

      44. При разработке проектов строительства сооружений и коммуникаций проектные организации:
      1) разрабатывают порядок организации работ, обеспечивающих максимальное сохранение деревьев и кустарников, находящихся на участках строительства;
      2) предусматривают в сметах строительных работ оплату восстановительной стоимости, а в случае пересадки - дополнительно стоимость работ по пересадке зеленых насаждений.
      45. На период строительства за строительной организацией закрепляется участок дороги основной магистрали по длине 600 метров в ту и другую стороны от строящегося объекта - для ежедневной чистки от грязи.
      46. Строительные площадки на месте сноса существующих строений должны быть огорожены по всему периметру плотным забором до начала сноса строений.
      47. В ограждениях должно быть минимальное количество проездов.
      48. Начало производства земляных и строительных работ на улицах, магистралях, внутриквартальных территориях сел района осуществляется юридическими и физическими лицами в соответствии с установленным порядком с согласия уполномоченного органа, выдающего ордер разрешения на право производства таких работ.
      49. Сыпучие и другие грузы, могущие загрязнять улицы, должны быть тщательно укрыты, чтобы исключить возможность загрязнения улиц.

7. Действия уполномоченных органов и служб по
санитарному содержанию территорий населенных мест

      50. В соответствии с основами законодательства Республики Казахстан о здравоохранении надзор за соблюдением санитарных правил содержания улиц, дворов и других территорий города, а также мест общественного пользования осуществляется органами внутренних дел совместно с органами санитарного надзора.
      51. Местными исполнительными органами утверждаются:
      1) титульный список улиц, площадей и проездов, подлежащих механизированной уборке, а также очередность их уборки в летний и зимний периоды года;
      2) список территорий, подлежащих уборке силами предприятий, организаций и ведомств независимо от форм собственности;
      3) мероприятия по охране и защите окружающей среды от загрязнения, сохранению природных богатств;
      4) организации, ответственные за санитарное состояние парков, скверов, служебно-технических зданий и сооружений, строительных площадок, торговых учреждений и др.;
      5) места складирования и захоронения отходов.
      52. Собственники (пользователи) домовладений, должны своевременно удалять или заключать договора на удаление бытовых отходов.
      53. Предприятия по уборке должны:
      1) своевременно осуществлять (в соответствии с договором) мусороудаление с контейнеров, организаций, учреждений и предприятий.
      54. Специалисты учреждений санэпидслужбы должны обеспечить выполнение следующих задач:
      1) участвовать в подготовке проектов решений местных органов управления по организации санитарной очистки в населенном пункте;
      2) рассматривать и согласовывать материалы по размещению и проектированию полигонов твердых бытовых и промышленных отходов, схемы санитарной очистки сел и т.д.;
      3) изучать и анализировать заболеваемость населения в связи с санитарным состоянием населенных мест;
      4) осуществлять контроль за санитарным состоянием территорий сел и применять меры административного воздействия к нарушителям.
      55. Участковые инспектора районного отдела внутренних дел должны:
      1) осуществлять постоянный контроль за санитарным состоянием территории закрепленного участка;
      2) выявлять лиц, нарушающих санитарный порядок, и в установленном порядке представлять на них материалы в соответствующие органы;
      3) категорически запрещать населению, предприятиям и организациям независимо от форм собственности создавать на улицах самовольные мусорные свалки и производить их сжигание.
      56. Физические и юридические лица, виновные в нарушении настоящих Правил, привлекаются к ответственности в порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

8. Действия, не рекомендуемые настоящими Правилами

      57. Физическим и юридическим лицам не рекомендуется:
      1) складировать на улицах, тротуарах, газонах, у фасадов домов - стройматериалы, дрова, уголь, сено, солому, ядохимикаты, металлолом, минеральные удобрения и другие материалы;
      2) оставлять на проезжей части дорог и тротуарах не огражденные открытые канализационные, водопроводные, дождевые и другие колодцы;
      3) перевозка сыпучих и жидких грузов в автомашинах с неисправными кузовами и в необорудованных повозках;
      4) повреждать существующие сооружения (дорожное покрытие, бордюры, люки колодцев, и т.п.), зеленые насаждения при производстве дорожных и земляных работ, а также покрывать их землей;
      5) производить аварийные работы по устранению повреждений системы водоснабжения и канализации с выбросом воды непосредственно на тротуары, газоны и проезжую часть улиц;
      6) сжигать мусор, листву на территориях предприятий, организаций, на улицах и газонах в жилых кварталах, на частных участках;
      7) использовать деревья для крепления электропроводов, проволоки, качелей и пр.

9. Содержание собак и кошек

      58. Владельцы животных должны:
      1) содержать животных в соответствии с их биологическими особенностями, гуманно обращаться, не оставлять без присмотра, в случае заболевания вовремя прибегать к ветеринарной помощи;
      2) по требованию специалистов государственных ветеринарных учреждений своевременно представлять животных для осмотра, диагностических исследований и лечебно-профилактических обработок;
      3) принимать необходимые меры, обеспечивающие безопасность окружающих людей от животных;
      4) при невозможности дальнейшего содержания передать животное другому владельцу или сдать в ветеринарное учреждение;
      5) вывозить, производить захоронение или уничтожение трупов павших животных только в специально отведенном месте.
      59. Запрещается:
      1) выгуливать собак и появляться с ними в местах общего пользования без поводка и намордника;
      2) содержать собак в местах общего пользования;
      3) загрязнение животными мест общего пользования, детских спортивных площадок, газонов, тротуаров и т.п.
      Экскременты животных, оставленные ими в общественных местах, включая газоны и тротуары, должны убираться владельцами животных.

10. Содержание сельскохозяйственных,
домашних животных и птиц

      60. Домашние сельскохозяйственные животные и птицы должны содержаться в специально оборудованных закрытых помещениях на огражденных территориях частных домовладений.
      61. Содержание и разведение сельскохозяйственных животных и птиц вне частных домостроений (подсобные хозяйства и пр.), содержание экзотических животных допускается только по согласованию с уполномоченным органом.
      62. Владельцы сельскохозяйственных животных и птиц должны соблюдать зоотехнические и ветеринарно-санитарные требования содержания животных, не допускать загрязнения окружающей среды отходами животноводства.
      63. Разрешается перевозка животных всеми видами транспорта при наличии разрешения уполномоченного органа.
      64. Запрещается:
      1) выгул скота на улицах, площадях, скверах и других местах общего пользования, кроме утвержденных скотопрогонных трасс;
      2) загрязнение навозом и другими отходами животноводства открытых территорий.

11. Ответственность физических и юридических
лиц за нарушение настоящих Правил

      65. Физические и юридические лица, виновные в нарушении настоящих Правил, привлекаются к ответственности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан и Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях в Республике Казахстан".
      Применение мер административной ответственности не освобождает нарушителей от обязанностей возмещения причиненного ими материального ущерба в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан и устранения допущенных нарушений.