Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 02.06.2014 N 232 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» қаулысының 3 тармағына сәйкес IV-ші сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ереже бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е. Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
ІV сайланған Алматы
қаласы мәслихаты ХХХІV
сессиясының төрағасы О. Печеник
ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының төрағасы Т. Мұқашев
ІV сайланған Алматы қаласы
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 382 шешімімен бекітілген
Алматы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету
көлемі мен тәртібі туралы ереже
Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес жасалған және Алматы қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі–телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен ара қатынасы;
2) отбасының (азаматтың) күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметті пайдалану, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне кететін шекті жол берілетін шығыстарының деңгейі – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының жиынтық табысының он пайызы;
3) жеке тұрғын үйде тұратын отбасының (азаматтың) коммуналдық қызметтерге, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне кететін шекті жол берілетін шығыстарының деңгейі–тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының жиынтық табысының он пайызы;
4) кондоминиум қалыптаспаған көппәтерлі тұрғын үйде тұратын отбасының (азаматтың) тұрғын үйді күтіп-ұстауға кететін шығындарға, коммуналдық қызметтерге, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне кететін шекті жол берілетін шығыстарының деңгейі – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының жиынтық табысының он пайызы;
5) отбасының жиынтық табысы–тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
6) отбасы–некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;
7) тұрғын жай–тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
8) кондоминиум–үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке арналған меншіктің түрі;
9) ғимараттың (пәтердің) меншік иесінің кооперативі–бір кондоминиум қатысушылары жалпы үлестік меншіктерін бірлесіп басқару үшін, ғимараттың (пәтердің) меншік иелері құрған коммерциялық емес ұйым;
10) коммуналдық қызметтер–тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
11) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар–кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
12) өтініш беруші (жеке тұлға)– тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі-өтініш беруші);
13) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
14) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
2. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік көмектің бір түрі болып табылады және ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.
3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын Алматы қаласының тұрақты тұрғындарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
2) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
3) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
4) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
5) жергілікті атқарушы орган мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
4. Жеке тұрғын үйлердің меншік иелеріне, жеке тұрғын үйлерде тұратындарға, тұрғын үй көмегі, коммуналдық қызметтердің телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемдерінің ұлғаюына байланысты төленеді.
5. Кондоминиум қалыптаспаған көппәтерлі тұрғын үйде тұратын отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне төленеді.
6. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
7. Тұрғын үй көмегі, егер кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналардың, коммуналдық қызметті пайдалануға, коммуналдық қызметті тұтыну нормативтерінің шегінде және тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалары шегінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланудың, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің шығындары отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда тағайындалады.
8. Ортақ үй-жайда (бір пәтерде) тұратын бірнеше жалдаушылар мен меншік иелері арасында тұрғын үйге төлем және коммуналдық қызметке төлем бойынша ортақ шығындарды бөлу тәртібі, барлық жақтың келісімімен, егер келісімге келе алмаған жағдайда – сот тәртібімен айқындалады.
9. Тұрғын үйді күтіп-ұстау (күрделі жөндеу) және коммуналдық қызметтерді белгіленген нормадан тыс тұтынғаны үшін төлемді жалпы негіздерге сәйкес төлейді және тұрғын үй көмегін төлеу кезінде ескерілмейді.
10. Тұрғын үй көмегін алушы немесе өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне жоғары тұрған органдарға, сонымен қатар, сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш жасау тәртібі
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тұрғын үйдің меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) болып табылатын азамат, жеке өз атынан немесе отбасының атынан уәкілетті органның аудандық бөліміне жүгінеді және осы Ереженің қосымшасына сәйкес бекітілген үлгідегі өтініш беру бланкісін алады.
12. Өтінішпен бірге келесі құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) бөлмелер саны, алатын аумағының өлшемі көрсетілген мәліметтері бар тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шоттың көшірмесі;
6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум нысанын басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум нысанын басқару органы басшысының қолымен расталған, кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың көшірмесі;
7) алдыңғы екі және ағымдағы айдағы коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін төленген ақының шотының көшірмелері;
8) телекоммуникация қызметтеріне арналған түбіртек-шоттар көшірмелері немесе байланыс қызметін көрсетуге жасалған келісім-шарттың көшірмесі;
9) жергілікті атқарушы орган көрсеткен, тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу төлемақысының мөлшері жөніндегі шоттың көшірмесі.
Жеке тұрғын үйдің меншік иесі өтінішпен бірге 12 тармақтың 1)-4), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
Кондоминиум қалыптаспаған көппәтерлі тұрғын үйде тұратын отбасылар (азаматтар), өтінішпен бірге 12 тармақтың 1)-4), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
12 тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген құжаттарды, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұратын өтініш беруші ұсынады.
Уәкілетті органның аудандық бөлімі құжаттардың көшірмелерін салыстырып тексереді, оларды тіркеуге алады және өтініш иесіне құжаттардың түпнұсқасы мен құжаттардың қабылданғаны жөнінде өтініш беру үлгісіне сәйкес растама қағазын береді.
Ескерту. 12 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2012.02.29 № 9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау
13. Өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның аудандық бөліміне ағымдағы айдың 25-ші жұлдызына дейін өтініш берген жағдайда, тұрғын үй көмегі барлық тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген айдың 1-ші жұлдызынан бастап бір жылдық мерзімге тағайындалады. Өтініш беруші ағымдағы айдың 25-ші жұлдызынан кейін өтініш берген жағдайда, тұрғын үй көмегі келесі айдың 1-ші жұлдызынан бастап тағайындалады.
Тұрғын үй көмегі ағымдағы айға көрсетіледі.
14. Тұрғын үй көмегі кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналардың, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы, өтемақылық төлемдермен қамтамасыз етілген нормалар шегінде коммуналдық қызметті пайдалану төлемдерінің орнын толтыру үшін көрсетіледі.
15. Тұрғын үй көмегінің көлемі кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналардың, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу төлемақысы, өтемақылық төлемдермен қамтамасыз етілген нормалар шегінде коммуналдық қызметті пайдалану және отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттағы шекті жол берілетін шығыстар деңгейінің төлем сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің көлемі кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналардың, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу төлемақысы, өтемақылық төлемдермен қамтамасыз етілген нормалар шегінде коммуналдық қызметті пайдалану төлемінің нақты төленген сомасынан аспайды.
Абоненттік тарифтердің ұлғаюы бөлігіндегі тұрғын үй көмегінің көлемі телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюының айырмашылығынан аспайды.
16. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үй инспекциясы кондоминиум нысанының ортақ мүлкін техникалық тексеруді ұйымдастырады, кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындайды, кондоминиум нысанының басқару органы ұсынған кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі және кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады.
Ескерту. 16 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 2012.02.29 № 9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
17. Мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерінде тұрғын үйді күтіп-ұстау шығындары, сонымен қатар ғимараттың (пәтердің), мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар қызмет көрсететін кондоминиум объектісінің меншік иесі төлейтін төлемінің мөлшерін Алматы қаласының әкімдігі белгілейді.
Ғимараттың меншік иелерінің жалпы отырысындағы тұрғын үйді күтіп-ұстау төлемінің мөлшері туралы шешім тұрғын үй көмегін есептеу кезінде негіз болады. Тұрғын үйді күтіп-ұстау шығындарына есептелетін жұмыстар тізімі Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
18. Үй ішіндегі газ жабдықтары бойынша техникалық қызмет көрсеткені үшін төленген төлемі тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде есепке алынады.
19. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде коммуналдық қызметтердің келесі түрлерінің төлеміне кететін шығындар есепке алынады:
1) орталықтандырылған жылыту;
2) суық және ыстық сумен жабдықтау;
3) кәріз;
4) электрмен жабдықтау;
5) газбен жабдықтау;
6) қоқыстарды әкету;
7) лифтілер бойынша қызмет көрсету.
20. Тұрғын үй көмегінің көлемі кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналардың, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу төлемақысы, өтемақылық төлемдермен қамтамасыз етілген нормалар шегінде коммуналдық қызметті пайдалану төлемдері бойынша қарыздары бар отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегі Ереженің 7 тармағына сәйкес, тағайындалған айынан бастап ағымдағы төлемдерге тұрғын үй көмегін жіберу шартымен, жалпы негізде тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін алуға дейінгі қарыздарды өтеуді коммуналдық қызметті жеткізушілер бақылап отырады және ағымдағы айға тұрғын үй көмегін есептеу кезінде есепке алынбайды.
21. Отбасының шекті жол берілетін шығыстарының, кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар төлемі және коммуналдық қызметті пайдалану төлемі, отбасының табыстары, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық қызметіне және байланыс қызметтеріне төлем (тариф) мөлшерінің үлесі өзгерген жағдайда уәкілетті органның аудандық бөлімдері бұрынғы тағайындалған тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жүргізеді.
22. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасы құрамына сол тұрғын үйдегі тіркеуде тұрған отбасының барлық мүшесі енгізіліп, есепке алынады.
Отбасы құрамына жұбайлар, олардың балалары, тұрғын үйдің меншік иесімен немесе жалдаушысымен (қосымша жалдаушысымен) бірге тұрып жатқан және кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар төлемі мен коммуналдық қызметті пайдалану төлемін және бірыңғай жеке шоттар бойынша байланыс қызметтеріне кететін шығындарды төлейтін жақын туыстары (әкесі, анасы, ағалары, әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) енгізіліп, есепке алынады.
Ата-аналарының тұрғын-үйлерінде есепте тұрған, бірақ олардан бөлек тұрып жатқан он сегіз жасқа дейінгі балалар ата-аналарының отбасына есептеледі.
Егер ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған болса, балалар асыраушыларының (қамқоршыларының) отбасына есептеледі.
23. Тұрғын үй көмегін көрсету кезінде, тиісті құжаттармен расталатын, басқа қалада уақытша тұрып жатқан тұлғалар отбасы құрамына есептелмейді.
24. Тұрғын үй көмегі:
1) отбасында жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін, еңбек етуге қабілетті тұлғалар бар болса және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарда жұмыссыз ретінде есепке тұрмаған жұмыссыздар отбасыларына, мүгедектерден және туберкулез ауруының белсенді түрімен ауырып, диспансерлік есепте тұрған тұлғалардан, сонымен қатар олардың стационарлық емдеуде бір айдан көп жатқан кезеңдерінде, І және ІІ екінші топтағы мүгедектің күтімімен, күтімді қажет етеді деп танылған мүгедек-баланың, сексен жастан асқан адамның күтімімен немесе жеті жасқа дейінгі баланың тәрбиесімен айналысатын тұлғалардан басқаларға;
2) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға;
3) егер ата-аналары ажырасқан және олармен бірге тұрып жатқан балаларға алиментті өндіріп алу туралы талап қоймаған болса тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған жағдайда уәкілетті органның аудандық бөлімі бас тартылу себебін көрсете отырып, өтініш иесіне жазбаша хабарлайды.
25. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде уәкілетті органдардың аудандық бөлімдеріне тұрғын үй көмегін алуға немесе оның мөлшеріне ықпал ететін барлық жағдайлар жөнінде, соның ішінде тұрғын үй меншігі түрінің өзгергені жөнінде, отбасының құрамы және оның жиынтық табысы жөнінде, ал жұмыссыздар–мәртебесінің өзгергендігі жайлы хабарлайды.
26. Тұрғын үй көмегін алушылар көмектің заңсыз тағайындалуы мен төленуіне, оның дұрыс есептелмеуіне ықпалын тигізген, расталмаған құжаттарды (мәліметтерді) қасақана тапсырған жағдайда, уәкілетті орган көмекті алушылардың артық алған сомасын қайтарып алу туралы шешім шығаруға құқылы.
Тұрғын үй көмегінің артық төленген сомасын алушы ерікті түрде қайтаруы, егер бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
27. Өтініш иесі (тұрғын үй көмегін алушы) тапсырған құжаттардың (мәліметтердің) растығына күмән туған жағдайда, уәкілетті органның аудандық бөлімі:
1) тұрғын үй көмегін алу құқығының мәселесін ары қарай шешу үшін өтініш иесінің материалдық-тұрмыстық өмір сүру жағдайына тексеру жүргізуге;
2) тиісті органдардан тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті мәліметтерді сұрастыруға құқылы.
4. Тұрғын үй көмегін көрсету кезіндегі әлеуметтік
нормалар мен нормативтер
28. Аймақтық уәкілетті орган арқылы оларға көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіту кезінде қабылданатын табиғи монополияларды реттеу жөніндегі (монополистік қызметтерді), орган қолданатын коммуналдық қызметті тұтыну нормативі коммуналдық қызметті жіберу нормаларына тең.
29. Электроэнергияны жіберу (тұтыну) нормасы айына 1 адамға 90 киловатт/сағ; электропешпен жабдықталған үйде тұрушыларға 115 киловатт/сағ.
30. Тұрғын үй алаңының нормасы, төлемақылармен қамтамасыз етілетін, отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасына тең және адам басына он сегіз шаршы метрлік тиімді алаңды құрайды, ал бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін–иеленіп отырған тұрғын үйінің нақты пайдалы алаңына тең болуы тиіс.
5. Отбасының жиынтық табысын есептеу
31. Отбасының жиынтық табысына, азаматтарды тіркеу кітабына сәйкес, сол тұрғылықты мекен-жайда тіркелген отбасының барлық мүшелерінің тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсандағы, оның алдындағы тоқсандағы табыстары кіреді,
Отбасының орташа айлық табысы отбасының жиынтық табысын алдыңғы тоқсандағы үш айға бөлу жолымен есептеледі.
32. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, төмендегі табыстардан басқа барлық табыстар ескеріледі:
1) тұрғын үй көмегі;
2) жерлеуге берілетін бір жолғы жәрдемақы;
3) төтенше жағдайлар салдарынан денсаулыққа және мүлікке келген залалдардың орнын толтыру;
4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
5) осы жанұяда тұрмайтын тұлғаларға жанұяның бір мүшесі төлейтін алименттер;
6) Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес, аз қамтылған отбасылардың ішінде оқып жатқандарға білім ұйымдары көрсететін қаржылық және материалдық көмектер;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тамақ өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік және басқа да бюджет көздерінен көрсетілетін ақшалай және заттай көмектер;
8) атаулы әлеуметтік көмектер;
9) бюджет қаражаты есебінен төленетін бір жолғы материалдық көмектер;
10) есепті кезеңде көрсетілген, бекітілген күнкөріс минимумы мөлшерінен төмен жалпы сомадағы ақшалай және заттай (баға құнындағы) қайырымдылық көмектер.
Есепті кезеңдегі көрсетілген қайырымдылық көмектер күнкөріс минимумы мөлшерінен асқан жағдайда, есепті кезеңдегі қалада қалыптасқан жиынтық табыста көрсетілген көмек сомасы мен күнкөріс минимумы мөлшерінің арасындағы айырмашылық есептеледі;
11) Қалалық жолаушылар көлігінің бағыттарындағы жол жүру төлемінен босату шеңберінде көрсетілетін жол жүру билетінің құны;
12) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, көрсетілетін заттай көмектер:
дәрілік препараттар;
санаториялық-курорттық емдеулер;
протездік-ортопедиялық өнімдер (дайындау және жөндеу жұмыстары);
мүгедектерге бөлінген қозғалыс құралдары (кресло-коляскалар) және басқа да оңалту құралдары;
білім туралы заңнамаларға сәйкес, білім ұйымдарында көрсетілетін тегін көмектер мен тамақтандырулар.
13) мерекелік және мерейтойлық күндерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер.
Ескерту. 32 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2011.05.31 N 893 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.
33. Құрамында ақылық негіз бойынша оқытуды жүзеге асыратын студенті бар аз қамтамасыз етілген отбасыға, білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа сәйкес, білім беру ұйымдарында оқуға төленетін төлем отбасының жиынтық табысына кіреді.
6. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу
34. Тұрғын үй көмегін алушыны қайта тіркеу әр тоқсан сайын, келесі құжаттарды тапсырған жағдайда жүргізіледі:
1) отбасының табысын растайтын құжаттар;
2) күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шоттың (түбіртектің) көшірмесі;
3) тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне төленген шоттардың (түбіртектердің) көшірмелері;
Жеке тұрғын үйдің меншік иесі қайта тіркеу кезінде Ереженің осы тармағындағы 2) тармақшасында аталған құжаттарды тапсырмайды.
Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұратын тұрғын үй көмегін алушы, Ереженің осы тармағындағы жоғарыда атап көрсетілген құжаттармен бірге, тұрғын үйді жалдауға төленген шотты қоса ұсынады.
Ескерту. 34 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2012.02.29 № 9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
7. Тұрғын үй көмегін төлеу
35. Тұрғын үй көмегі төлемі өткен айға жүргізіледі.
36. Азаматтарға тұрғын үй көмегін төлеу уақытша тоқтатылады, егер оның алушысы:
1) уәкілетті органның аудандық бөлімдері белгілеген уақытқа, қажетті құжаттарды тапсырмаған жағдайда;
2) өз уақытында қайта тіркеуден өтпеген болса;
мақсатты емес түрде тағайындалған тұрғын үй көмегін пайдаланатын болса және кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар төлемін және коммуналдық қызметті пайдалану және байланыс қызметтеріне төлемді өз уақытымен жүргізбеген жағдайда.
37. Тұрғын үй көмегі мынадай жағдайда тоқтатылады:
1) тұрғын үй көмегін алушының уәкілетті органның аудандық бөлімі хабардар еткен айынан бастап тұрғын үй көмегінен өз еркімен бас тартқан жағдайда;
2) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айыратын, тұрғылықты мекенжайы, отбасының құрамы немесе табыстарының өзгергені туралы аталған жағдайлар орын алған айдан бастап;
3) тұрғын үй көмегін уақытша тоқтату рәсімінен кейін, уәкілетті органның аудандық бөлімдері белгілеген уақытта, алушылар өз міндеттерін орындамаған жағдайда;
4) алушы қайтыс болған жағдайда қайтыс болған айынан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
8. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
38. Тұрғын үй көмегі төлемін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпке сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
39. Тұрғын үй көмегін төлеу, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес алушыларға ағымдағы шотқа есептелген қаржыны аудару немесе алушыларға соманы үйде төлеу жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
40. Екінші деңгейдегі банктер және уәкілетті орган ай сайын тұрғын үй көмегіне төленген сомаға тексеру актісін жасайды.
Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің
көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі
Ережеге қосымша
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының бастығына
___________________________________________
___________________________________________
___________________________________________
(өтініш берушінің тегі, есімі, әкесінің есімі)
мекенжайы:_________________________________
___________________________________________
___________________________________________
тел:_______________________________________
жеке куәлігі ______________________________
СТН________________________________________
ЖБН________________________________________
зейнетақы куәлігінің № ____________________
банктің атауы______________________________
ағымдағы шот_______________________________
карт-шот___________________________________
Өтініш
Маған (менің отбасыма) тұрғын үй көмегін көрсетуіңізді сұраймын.
Менің отбасым _____ адамнан тұрады.
Табыстарым төмендегідей:
1) зейнетақы (жәрдемақы)____________________________________________
2) арнайы мемлекеттік жәрдемақы_____________________________________
3) арнайы қалалық жәрдемақы_________________________________________
4) жалақы___________________________________________________________
5) басқа да табыстар________________________________________________
Отбасы мүшелерінің табыстары жөніндегі мәліметті
өтінішке қосымша қоса тапсырамын:
______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жеке меншігімде тұрғын үйдің бір бірлігі бар.
Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережемен таныстым.
Тұрғын үй көмегін тағайындау және көлемін есептеуге ықпал ететін өзгерістер туған жағдайда, 10 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органның аудандық бөліміне хабарлаймын.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тапсырылған
құжаттардағы мәліметтердің жалғандығы және расталмағандығы
(жасанды) жөніндегі жауапкершілік жайлы ескертілдім.
«____» ______________________ жыл __________________________
(күні) (өтініш иесінің қолы)
Құжаттар қабылданды: 20__ жыл «___»____________________
________ __________________________________________________
(қолы) (құжаттарды қабылдаған тұлғаның Т.Е.Ә., қызметі)
--------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Азаматтың (азаматшаның) өтініші______________________________________
№__________тіркелген, құжаттардың қабылданған күні
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қызметі, қолы, тегі, есімі, әкесінің есімі)