Алматы қаласының аумағындағы көші-қон үдерістерін реттеу тәртібі туралы

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 311 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 17 мамырда N 843 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 260 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 10.09.2014 N 260 шешімімен (ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі № 258 «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 3 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 75 бабының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын құжаттау және тіркеу ережелерінің» 39 тармағын жүзеге асыру үшін Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:     
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының аумағындағы көші-қон үдерістерін реттеу Тәртібі бекітілсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А.В.Моргунов) және Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.В. Доспановқа жүктелсін.

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХХVІІ сессиясының
      төрағасы                              Б. Шин

      ІV сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      хатшысы                              Т. Мұқашев

ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының ХХVІІ сессиясының
2010 жылғы 12 сәуірдегі
№ 311 шешімімен бекітілген

Алматы қаласының аумағында көші-қон
үдерістерін реттеу
тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Азаматтардың өздерінің құқықтары мен еркіндігін жүзеге асыру, олардың басқа азаматтардың, мемлекеттің және қоғамның алдында міндеттерін орындауға қажетті жағдайларды жасау үшін, сонымен бірге Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі № 258 «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы» Заңының  3 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 75 бабының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын құжаттау және тіркеу ережелерінің» 39 тармағын жүзеге асыру үшін әзірленді және Алматы қаласының аумағында көші-қон үдерістерін, азаматтарды тұрған жері бойынша тіркеу бөлігіндегі ерекшелігін белгілейді.
      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрған жер болып азаматтардың тұрақты немесе басымдықпен тұратын елді-мекен болып табылады (азаматтың басымдықпен тұратын жері азаматтың үш айдан артық тұратын елді-мекені боп танылады).
      Он төрт жасқа толмаған тұлғалардың немесе қамқорлықта болған азаматтардың тұрған жері олардың ата-аналарының, асырап алушылары мен қамқоршыларының тұрған жері болып танылады.
      3. Азаматтарды тұрған жері бойынша тіркеу қандай да болмасын меншік түріндегі тұрған жайларға жүзеге асырылады және Алматы қаласының әділет органдары жүргізеді.
      4. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйіне немесе жергілікті атқарушы органы жеке тұрғын үй қорында жалға алған тұрғын үйге тұрған жері бойынша тіркеу, бір адамға пайдалы алаңының көлемі он бес шаршы метрден кем емес тұрғын үй нормасын ескере отырып жүзеге асырылады.
      5. Жеке тұлғаларды тұрған жеріне тіркеу белгіленген тәртіпте оның тұрғын үйді меншігіне алғанын немесе оны пайдалануға алғанын растайтын құжаттардың негізінде, сонымен бірге жалға алу шарты бойынша (жалдау), қосымша жалға алу, сондай-ақ осы Тәртіптің 4 тармағына сәйкес белгіленген Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін өзге негіздер бойынша, тұрғын үйдің меншік иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімімен пайдалы алаң нормасын ескере отырып жүзеге асырылады. Егер де тұрғын үй бірнеше меншік иелеріне (жалға алушыларға) жататын болса, онда тұрғын үйдің барлық иелерінің (жалға алушылардың) екі жақты келісімімен жүргізіледі.
      Азаматтарды тіркеу тұрақты тұратын орны бойынша тұрғын үйлерге, пәтерлерге, интернат-үйлеріне, қарттар үйіне, басымдықпен тұратын орны бойынша тұрғын үйлерге, пәтерлерге, қонақ үйлерге, жатақханаларға, демалыс үйлеріне, шипажайларға, профилакторияларға, емдеу мекемелеріне, интернат-үйлеріне, пансионаттарға, қарттар үйіне, қызметтік ғимараттар мен жайларға жүзеге асырылады.
      Азаматтарды бағбаншылар серіктестіктері мен кооперативтерінің саяжай құрылыстарына тіркеу Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 3 қарашадағы «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Заңның 2 бабына сәйкес, саяжай құрылысын жеке тұрғын үйге қайта ресімдегеннен кейін, олардың тұрғын үй ғимараттары мен құрылыстары үшін оның шартының белгіленген нормативтеріне сәйкес болған, сондай-ақ жер телімінің мақсатты қолданылуын өзгерткен жағдайда жүзеге асырылады.

2. Азаматтарды басымдықпен тұратын орны бойынша тіркеу

      6. Азаматтарды басымдықпен тұратын орны бойынша тіркеу меншік түрінің қандай да болмасын тұрғын жайларына тұрған жері бойынша тіркеу есебінен шығарылмай жүзеге асырылады.
      7. Азаматтарды басымдықпен тұратын орны бойынша ресімдеу жалпы тәртіппен уақытша тұру кезеңіне жүргізіледі, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес тұрғын жайларға меншік түрі мен оны беру шарттарымен негізделген.
      Өзге міндеттер бойынша басымдықпен тұратын орны бойынша тіркеу оқу, еңбек қызметі, іссапар, емдеу, әскери қызмет, контракт бойынша шығармашылық және ғылыми қызметі кезеңіне жүргізіледі.
      8. Он төрт жасқа толмаған тұлғалардың басымдықпен тұратын орны бойынша тіркеу онымен бірге болатын ата-аналарының (асырап алушыларының, қамқоршыларының) немесе жақын туыстарының жеке басын растайтын құжаттарының, сондай-ақ осы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тууы туралы куәлігінің негізінде жүзеге асырылады.

3. Азаматтарды тұрақты тұратын орны бойынша тіркеу

      9. Азаматтарды тұрақты тұратын орны бойынша тіркеу қандай да болмасын меншік түрінің тұрғын жайларына жүзеге асырылады.
      10. Жазасын өтеген бас бостандығынан айырған орындардан босатылған қаланың бұрынғы тұрғындарын тұрақты орны бойынша тіркеу, олардың сотталғанға дейін тұрған тұрғын үй алаңына, сондай-ақ туыстарына немесе тұрғын үй алаңының көлеміне қарамастан белгіленген тәртіпте берілген тұрғын алаңына жүргізіледі.
      11. Жақын туыстарын (ата-аналарын, балаларын, асырап алушыларын, асырап алынғандарды, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілерін және апалы-сіңлілерін (аға-қарындастарын), аталарын, әжелерін, немерелерін), сондай-ақ тұрғын үй иесінің отбасы мүшелерін тұрақты орны бойынша тіркеу тұрғын үй алаңының көлеміне қарамастан белгіленген тәртіпте берілген тұрғын алаңына жүргізіледі.
      12. Он төрт жасқа толмаған тұлғалардың немесе қамқорлықта болған азаматтарды тұрақты тұратын орны бойынша тіркеу тұрғын үй алаңының көлеміне қарамастан олардың заңды өкілдерінің – ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының тұрғын алаңдарына жүзеге асырылады.

О порядке регулирования миграционных процессов на территории города Алматы

Решение XXVII сессии Маслихата города Алматы IV созыва от 12 апреля 2010 года N 311. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 17 мая 2010 года за N 843. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 10 сентября 2014 года № 260

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 10.09.2014 № 260 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, пунктом 8 статьи 3 Закона Республики Казахстан «Об особом статусе города Алматы» от 1 июля 1998 года, пунктом 1 статьи 75 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях» и реализации пункта 39 «Правил документирования и регистрации населения Республики Казахстан», утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан № 1063 от 12 июля 2000 года, маслихат города Алматы РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемый Порядок регулирования миграционных процессов на территории города Алматы.
      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по вопросам законности, правопорядка, местного государственного управления и самоуправления (Моргунов А.В.) и руководителя аппарата акима города Алматы Б.В. Доспанова.

      Председатель ХХVII- й сессии
      маслихата города Алматы
      IV-го созыва                            Б. Шин

      Секретарь
      маслихата города Алматы
      IV-го созыва                            Т. Мукашев

Утвержден
решением ХХVII-й сессии
маслихата города Алматы
IV-го созыва
от 12 апреля 2010 года № 311

Порядок регулирования миграционных процессов
на территории города Алматы 1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок разработан в целях создания необходимых условий для реализации гражданами своих прав и свобод, исполнения ими обязанностей перед другими гражданами, государством и обществом, а также обеспечения в городе Алматы общественного порядка и безопасности, в соответствии с пунктом 8 статьи 3 Закона Республики Казахстан "Об особом статусе города Алматы" от 1 июля 1998 года, пунктом 1 статьи 75 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях» и реализации пункта 39 «Правил документирования и регистрации населения Республики Казахстан», утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан № 1063 от 12 июля 2000 года, и устанавливает особенности регулирования миграционных процессов на территории города Алматы, в части регистрации граждан по месту жительства.
      2. В соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан местом жительства признается тот населенный пункт, где гражданин постоянно или преимущественно проживает (преимущественным местом жительства гражданина признается населенный пункт, в котором гражданин проживает свыше трех месяцев).
      Местом жительства лиц, не достигших четырнадцати лет, или граждан, находящихся под опекой, признается место жительства их родителей, усыновителей или опекунов.
      3. Регистрация граждан по месту жительства осуществляется в жилые помещения любых форм собственности и производится органами юстиции города Алматы.
      4. Регистрация по месту жительства в жилище из государственного жилищного фонда или в жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, осуществляется с учетом норм предоставления жилища в размере не менее пятнадцати квадратных метров полезной площади на одного человека.
      5. Регистрация места жительства физических лиц осуществляется на основании документов, подтверждающих приобретение ими в установленном порядке жилища в собственность либо свидетельствующих о получении его в пользование, в том числе по договору найма (аренды), поднайма, а также предоставляющих им право на вселение в жилище по иным основаниям, предусмотренным законодательством Республики Казахстан, по письменному согласию собственника (нанимателя) жилища с учетом норм полезной площади, установленной пунктом 4 настоящего Порядка. В случае принадлежности жилья нескольким собственникам (нанимателям), то по обоюдному согласию всех собственников (нанимателей) жилья.
      Регистрация граждан осуществляется по постоянному месту жительства в жилых домах, квартирах, домах-интернатах, домах престарелых, а по преимущественному месту жительства в жилых домах, квартирах, гостиницах, общежитиях, домах отдыха, санаториях, профилакториях, лечебных учреждениях, домах-интернатах, пансионатах, домах престарелых, служебных зданиях и помещениях в установленном порядке.
      Регистрация граждан в дачных строениях садоводческих товариществ и кооперативов осуществляется в соответствии со статьей 2 Закона Республики Казахстан от 3 ноября 1994 года «Об индивидуальном жилищном строительстве», после переоформления дачного строения в индивидуальный жилой дом, при условии их соответствия нормативам, установленным для жилых зданий и застройки, а также изменении целевого назначения земельного участка.

2. Регистрация граждан по преимущественному
месту жительства

      6. Регистрация граждан по преимущественному месту жительства осуществляется в жилые помещения любых форм собственности без снятия с регистрационного учета по месту жительства.
      7. Оформление регистрации граждан по преимущественному месту жительства производится в общем порядке на период временного проживания, обусловленном в соответствии с нормами действующего законодательства, формой собственности на жилое помещение и условиями его предоставления.
      При иных обстоятельствах регистрация по преимущественному месту жительства производится на период: учебы, трудовой деятельности, командировки, лечения, военной службы, творческой и научной деятельности по контракту.
      8. Регистрация по преимущественному месту жительства лиц, не достигших четырнадцати лет, осуществляется на основании документов, удостоверяющих личность находящихся вместе с ними родителей (усыновителей, опекунов) или близких родственников, а также свидетельства о рождении этих несовершеннолетних.

3. Регистрация граждан по постоянному месту жительства

      9. Регистрация граждан по постоянному месту жительства осуществляется в жилые помещения любых форм собственности.
      10. Регистрация по постоянному месту жительства бывших жителей города, освободившихся из мест лишения свободы по отбытии наказания, производится на жилую площадь лиц, с которыми они проживали до осуждения, а также к родственникам или на предоставленную в установленном порядке жилую площадь независимо от размера жилой площади.
      11. Регистрация по постоянному месту жительства близких родственников (родителей, детей, усыновителей, усыновленных, полнородных и неполнородных братьев и сестер, дедушек, бабушек, внуков), а также членов семьи собственника жилища осуществляется независимо от размера жилой площади.
      12. Регистрация по постоянному месту жительства лиц, не достигших четырнадцати лет, или граждан, находящихся под опекой, осуществляется на жилую площадь их законных представителей - родителей, усыновителей или опекунов независимо от размера жилой площади.