«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 29-бабы 2-тармағына, «Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2313 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiнің 7-тармағына сәйкес облыс әкімі ШЕШТІ:
1. Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылы арналған субсидия көлемдері (бұдан әрі – субсидиялар) облыс аудандары бойынша қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Аудан әкімдері субсидияларды төлеуге арналған бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сапаровқа жүктелсін.
4. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Біләлов
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімінің 2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 19 шешіміне қосымша
2010 жылы өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидияларды облыстың аудандары бойынша бөлу
Аудан |
Сомасы, мың теңге |
Айыртау |
96435,0 |
Ақжар |
10000,0 |
Аққайың |
54420,0 |
Есіл |
101103,0 |
Жамбыл |
103273,5 |
Мағжан Жұмабаев |
16800,0 |
Қызылжар |
84400,0 |
Мамлютка |
35549,5 |
Ғабит Мүсірепов атындағы |
191491,0 |
Тайынша |
192100,0 |
Тимирязев |
156649,0 |
Уәлиханов |
20000,0 |
Шал ақын |
5872,0 |
Қорытынды: |
1068093,0 |