Ескерту. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2012.07.25 N 5-6-3 Шешімімен (жалпы ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың үшінші шақырылымдағы алтыншы сессиясының «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелері туралы» 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 3-6-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1272 тіркелген және 2004 жылғы 2 шілдедегі «Айыртау таңы» газетінде, 2004 жылғы 2 шілдедегі «Айыртауские зори» газетінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
кіріспеде «Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы «Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы» № 477-1 ҚРЗ Заңының негізінде» деген сөздер Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97- бабының 2-тармағына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген, аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелерінде:
2-тармақта «30 % көлемінде» деген сөздер «10 % көлемінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта «Тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ» деген сөздер «Тұрғын үй көмегін ала алмайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
8, 10, 13-тармақтардағы «ауданның еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі» деген сөздер «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«9.Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттармен өтінеді:
1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейлі банктер мен ұйымдарда ашылған жеке есеп шоты, (көшірмесі);
4) салықтық тіркеу нөмірі (көшірмесі);
5) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі (бұрынғы жұмыс орны туралы мәлімет), еңбек шартының көшірмесі, өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің табыстары жайлы анықтама, оқу орнынан анықтама және басқалар);
6) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
7) дәрігерлік-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
8) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы) және тіркеуін, мекен жайын растайтын құжат;
9) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт, сату-сатып алу шарты, сыйға беру шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, жалдау (жалға алу) шарты, пәтердің меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі, тіркеулік куәлігі, пәтердің техникалық төлқұжаты және басқалар);
10) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжат (неке туралы немесе некені бұзу туралы, өлгені туралы куәлік, N 4 нысандағы азаматтық жағдайы жазбасынан анықтама, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда);
11) тұрғын үйді ұстау бойынша, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация қызметтерінің түбіртектері немесе шарты, архитектура бөлімінен орталықтандырылған жылудың жоқтығы мен пешпен жылынатын үйге берілген анықтама;
12) тіркелген жылжымайтын мүліктерге құқының жоқтығы жайлы (арнайы комиссия шешімі бойынша, қажеттілігі жағдайында) анықтама;
Құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
Құжатты қабылдаған тұлға, құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.».
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХXІІІ Аудандық мәслихаттың
кезекті сессиясының төрайымы хатшысы
Н. Кислина Қ. Хамзин
КЕЛІСІЛДІ
«Айыртау ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Г. Әбілқайырова
2010 жылғы 6 сәуір
«Айыртау ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Е. Қазбеков
2010 жылғы 6 сәуір