Ақжар ауданындағы көркейту және жасыл желекті екпелерді қорғау ережесі туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы N 24-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 тамызда N 13-4-107 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 маусымдағы N 4-4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2012.06.14 N 4-4 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 3-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ақжар ауданындағы көркейту және жасыл желекті екпелерді қорғау қоса берілген ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім бұқара ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                    К.Нұрымбеков

      Аудандық
      мәслихат хатшысының м.а.                   Е.Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақжар ауданының
      ішкі істер бөлімінің бастығы               К.Бейсенбаев

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Ақжар ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      С.Кажкенова

      Ақжар ауданының төтенше жағдайлар
      жөніндегі бөлімінің бастығы                А.Джумабаев

      Ақжар ауданының тұрмыстық-коммуналдық
      шаруашылығы жолаушылар көлігі
      және автомобиль жолдары
      бөлімінің бастығы                          Х.Омаров

      Ақжар ауданының
      ауылшаруашылық бөлімінің
      бастығы                                    А.Киманов

      Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық
      министрлігінің агроөнеркәсіптік кешенінің
      Мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжар
      аудандық аумақтық инспекцияның бастығы     М.Сматаев

      Ақжар ауданының
      ветеринария бөлімінің бастығы              К.Маликов

      Ақжар ауданындағы көркейту және жасыл желекті екпелерді қорғау ережелері 1.Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 3300387-баптарына, Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 3-бабына, Қазақстан Республикасы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес әзірленген.
      Ережелер көркейту, жасыл желекті екпелерді қорғау, Ақжар ауданында инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау және қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды.

2. Осы ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар

      2. Ауданды көркейту – аудан аумағында адамның өмірін жайлы, қолайлы, салауатты етуге бағытталған элементтер және жұмыстар кешені.
      3. Аула ішілік аумақтар – шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаятын, контейнер алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға кіретін жолдар үшін пайдаланылатын жерлер.
      4. Бөлінген аумақ – жер пайдаланушының (кәсіпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға) иелігіне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған, уәкілеттік органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес пайдалану үшін өзіне тиісті объектілерді орналастыруға берілген жер учаскесі.
      5. Іргелес жатқан аумақ – тікелей ғимараттар, орын жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне иелігінде, жалға алып пайдаланылуындағы, пайдаланылуындағы басқа объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
      6. Жерді пайдаланушы –мақсаты мен меншік түріне қарамастан (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке сектор үйлерінің иелері, пәтерлер иелері кооперативтері және басқалары) аудандық, қалалық, селолық шекарада жер учаскелерін пайдаланушы заңды және жеке тұлға.
      7. Жалпы пайдалану орындары – демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар) алаңдар, көлік аялдамалары және тағы басқалары.
      8. Шағын сәулеттік нысандар – көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
      сәндік құрылғылар – мүсіндер, фонтандар, және әсемдік су тоғандар, стеллалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;
      іске асыру сипатындағы құрылғылар – демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері және басқалар.
      9. Ғимарат – көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
      Тұрғын үй (тұрғындық ғимарат) – негізінен тұрғын бөлмелерден, сонымен қатар тұрғын емес бөлмелерден және өзге ортақ мүліктен тұратын құрылыс.
      10. Орын-жай - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
      11. Өту жолдары, өтетін жер – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандық, қалалық, селолық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
      12. Жаяужолдар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүл кестемен бөлініп жатқан жолдың бөлшегі.
      13. Жолдарды күтіп ұстау – нәтижесінде талапқа сай келетін, жол мен жол құрылғыларының көліктік-тұтыну жағдайы сақталатын жұмыстар жиынтығы.
      14. Аумақты тазарту – аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды қоқыстарды, қарды мұздықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).
      15. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі – қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
      16. Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі – ҚТҚ) – тұтынудың ұсақ тұрмыстық қалдықтары.
      17. Ірі көлемді қалдық (бұдан әрі – ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б).
      18. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері – заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған ҚТҚ, ІКҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.
      19. ҚТҚ, ІКҚ жинау және шығару – ҚТҚ контейнерлерден арнайы автокөліктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кіретін жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау.
      20. Уәкілетті орган – тұрғын-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігінің және автокөліктік жолдар саласында құзыры Ақжар аудынының әкімдігімен анықталған мемлекеттік мекеме.

3.Аудандық аумақтарды тазарту

      21. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      3) сыпыру, жазғы мерзімде су құю және жуу;
      4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;
      6) қысқы мерзімде жол жүру бөлігін механикалық жинау;
      7) механикалық жинау кезінде қарды арту және шетке шығару.

3.1.Көшенің өту жолдарын тазарту

      22. Жолдардың өту жерлерінің барлық ені бойынша тазарту, алаңдардың, көшелердің және аудандық, қалалық, селолық көше желілерін, сондай-ақ соңғы автобус бағыттарының тұратын-айналу алаңдарын, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде, мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
      23. Жолдардың жиектері өсімдіктен, ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға тыйым салынады.

3.2.Жаяужолдарды, аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      24. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүл кестемен бөлінген және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары коммуналдық кәсіпорындармен жүргізіледі.
      25. Көпірлердегі, жол желілеріндегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жачужолдарды тазарту, осы инженерлік құрылғылардың иесі болып табылатын кәсіпорындармен жүргізіледі.
      26. Көшенің жол жағынан гүл кестемен бөлінген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығатын жерлердің жол жағын тазарту мен күту жұмыстары кесіп берілген жермен сәйкес орындалады.
      27. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
      28. Аялдама алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы керек.

3.3.Қысқы кезде аудандық аумақты тазарту ерекшеліктері

      29. Қала көшелерінің өту жолдары мен кіру жолдарын қыста тазарту жұмыстары, осы Ережелердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      30. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызылымдардың сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етіледі.
      31. Қысқы мерзімде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздықтардан тазартылуы керек.
      32. Қар үйінділерін жасауға болмайтын жерелер:
      бір деңгейде барлық жолдар мен көшелердің және кіру жолдарының қиылыстарында және темір жолға жақын жолдарда;
      көліктік қоршаулармен жабдықталған немесе көтеріңкі жиектемелері бар жол учаскелерінде;
      жаяужолдарда.
      33. Жаяужолдар мен гүл кестелерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.
      34.Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы кесіп берілген, дайындалған алаңшаларға (қарлы үйінділерге) жүргізілуі тиіс. Белгіленген тәртіпте көрсетілмеген жерлерге қар шығаруға жол берілмейді.
      35. Қарды уақытша шығаруға берілген орындар, қар ерігеннен кейін қарлы үйінділерді күтіп-ұстайтын мердігер-ұйымымен қоқыстардан тазартылып, көркейтілуі керек.
      36. Жаяужолдар мен көпірге шығатын жерлердегі баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
      1) жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздықтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
      2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек;
      3) тайғақ болатыны немесе болу мүмкіндігі жөнінде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте баспалдақтар, содан кейін жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуі керек.
      37. Аула ауамақтардың тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға үюге рұқсат беріледі.
      38. Аула ішінде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру керек.

4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      39. Тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндірістік қалдықтарды, жәшіктерді, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды аудан, село аумағында шығаруға жол берілмейді.
      40. Кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, алау жағуға жол берілмейді.
      41. Тоғандарға және сайларға өндіріс кәіспорындарының тазартылмаған суларын және жеке сектордың төгілетін суларын ағызуға жол берілмейді.
      42. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге жол берілмейді.
      43. Жолдарды ластауға жол бермейтін, брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдарын, жеңіл жәшіктерді, жапырақтарды, ағаш үгінділерін тасымалдауға жол берілмейді.
      44. Әр түрлі маңызы бар объектілерді гүл кестелерге, гүлзарларға, жаяужолдарда, балалар алаңшаларында, ғимараттардың аркаларына орналастыруға жол берілмейді.
      45. Ауданның жергілікті атқарушы органдары белгілеген жерлерден тыс жерлерде хабарландыруларды, жарқағаздарды, баспа үгіт материалдарын, хабарламаларды және басқа да көзбен шолатын ақпараттардың нысандарын орналастыруға, жапсыруғажол берілмейді.
      46. Баспа үгіт материалдарын шашып тастауға жол берілмейді.

5. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және іске жарату

      47. Үй-жайлардың аумағына контейнер орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
      48. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі.
      49. Контейнерлік алаңшалары бар аумақтарда мына талаптар орындалуы керек:
      1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы тиіс;
      2) контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
      3) контейнер алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитарлық ұсталуын қамтамасыз етуге;
      4) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
      5) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арналған автокөліктің жұмысына және халықтық пайдаланылуына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қар мен мұздан тазартылуы қамтамасыз ету керек;
      50. Контейнерлер орнату үшін алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңшаларынан және халықтық дем алатын орындарынан кем дегенде 25 метрдей және 100 метрден аспайтын қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі 3 контейнерлер санынан кем емес орнатуға есептелген. Контейнерлер мен алаңшаның шегіне дейін шақырым 1 метрден кем емес болуы тиіс.
      51. Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстары ҚТҚ, ІКҚ шығаруды ұйымдардың қызметкерлері жүзеге асырады.
      52. Сапаржайларда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек. Халық көп келетін орындарда қораптар бір-бірінен 40 метрдей қашықтықта аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қораптар орнатылады.
      53. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық субъектілер мердігерлермен жүргізіледі.

6. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау

      54. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, саяжолдар, көшелер, желекжолдар, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен – демалу орындарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабрыға газеттерімен, қоршаулармен жабдықталады.

7. Тұрғын жай орамдарын көркейту

      55. Тұрғын жай орамдары, кесіп берілген жер учаскелері шегінде аумағының аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:
      аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
      аулаішілік аумақтарды құрылыс материалдарымен үйіп тастауға жол бермеуге;
      өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
      шағын сәулет нысандарын, спорттың, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
      56. Аулаішілік аумақта:
      аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 6-ға дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
      аулаішілік және ішкі орам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
      көлік құралдарын қоюға және (немесе) аялдатуға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға жол берілмейді.

8. Апатты жұмыстарды жүргізу

      57. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғатын, су объектілерінің ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын қысқа мерзімде орындау шараларын талап етеді.
      58. Апаттың бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, ауданның ішкі істер жол полициясы бөліміне, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына, ауданның коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органдарына және басқа да мүдделі қызметтерге хабарлайды.
      59. Аймағында коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, хабарды алғаннан кейін апат орнына өздерінің орындалған сызбаларымен бірге уәкілдерін міндетті түрде жіберулері керек, ол осы жердегі орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі керек.
      60. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, ауданның ішкі істер бөлімі жол полициясы бөлімі жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің қожайындарымен бірге зақымның жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.
      61. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалғандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттың жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенің (магистральдың) жол жағына жол полициясы бөлімінің келісімімен қажетті жол белгілері орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейін, апатты жою жұмыстарын жауап беруші тұлғалар апаттың дарықтандыру, қоршау (қалған) орнату, жол белгілерінің қойылу жұмыстарына жауапты.
      62. Апаттың салдарын жою және аумақты көркейтуді қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен асырмай, жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуы қажет, көрсетілген мерзімге дейін жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазын жасамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн-жосықсыз болып саналады.
      63. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да көркейту элементтерін қалпына келтіру жұмыстары осы кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады. Апатты жұмыстардан кейін жаңартылған асфальтобетон жабуының сапа кепілдігінің мерзімі 2 жылдан кем емес.
      64. Апатты, жоспарлы жұмыстарды жүргізуге қатаң түрде тыйым салынады.

9. Жасыл өсімдіктерді қорғау және күзету

      65. Жасыл өсімдіктер жалпы ұлттық игілік, маңызды емдеу факторы және ауданның, селоның әшекейі болып табылады. Оларды қорғау мен күтіп ұстау - әр заңды және жеке тұлғалардың міндеті.
      66. Жасыл өсімдіктердің ағымдағы күтіп ұстауы, сақталынуы мен жаңартуы аумақ тиесілі заңды және жеке тұлғаларға, иелеріне және жер пайдаланушыларға жүктелінеді:
      1) тұрғын үйлер алдындағы құрылыстардан бастап жаяужол сызығына дейін көшелерде – пәтер иелері кооперативтері, тұрғын қорының иелері;
      2) жалпы пайдалану объектілерінде (саябақтар, тынымбақтар, саяжолдар және тағы басқалары) және жаяужол сызығына дейін көше бойынша – аудандық бюджет есебінен шарттық негізде жұмысты орындайтын кәсіпорындар;
      3) өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және меншіктің түрлі нысанындағы басқа да объектілер аумағында, сондай-ақ оларға тиесілі аумақта және санитарлық қорғау аймақта- кәсіпорындардың бастықтары менг осы объектілердің иелері;
      4) құрылысқа деп кесіп берілген аумақтарда, жұмысты бастаған күннен бастап – талап беруші немесе оның сенімхаты бойынша бас мердігер – құрылыс ұйымы.
      67. Құрылыстың аясына түсіп жатқан жасыл өсімдіктерді алып тастау және қайта салу, жер астындағы коммуникацияларды және инженерлік жүйелерді жіберу жасыл өсімдіктерді жаруына немесе жер астынан алуына рұқсат болған кезде ғана жол беріледі.
      68. Жұмыс жүргізген кезде қажет:
      1) жасыл өсімдіктерді бұзушылықтан қоршау;
      2) аудандық, қалалық, селолық жолдарды, жаяужолдарын, өту жолдарын, алаңшаларды салған кезде 1 метрден кем емес диаметрмен шұңқырды қалтыруға
      3) жасыл өсімдіктерге күтім көрсету, соның ішінде:
      қоқыстарды жинау, көгалдарды тырнақшамен жинауға, құрғақ жапырақтарды жинау;
      арамшөптерді жұлу, көгалдарды шабу, бұталарды қию;
      ағаштардың шұңқыры құралымен жерді қопсыту, ағаштарды ағарту;
      жасыл өсімдіктерге, көгалдарға, гүлзарларға су құю;
      ағаштардың жапырағын кесу, құрғақ бұтақтарды, сынған бұтақтарды кесу;
      ағаштарды, бұтақтарды жаңарту (мамандардың кеңесі бойынша);
      ауру және құрғақ ағаштарды алып тастау (комиссияның актісі бойынша);
      жасыл қордағы ағаштардың және бұтақтарды жөндеу, отырғызу;
      жүйелі ауылшаруашылық зиян келтірушілермен және аурулармен, карантиндік арамшөптермен өз күшімен немесе өсімдіктерді қорғау станцияларымен шарт бойынша күрес жүргізу;
      көгалдарда, саябақтарда және басқа да жасыл өсімдіктер бар жерлерде көлік құралдарының тұрағына жол берілмейді;
      тұрғын құрылыс аумағында, саябақтарда, саяжолдарда жапырақтарды жағуға жол берілмейді.
      69. Жасыл өсімдіктер аумағында мыналарға жол берілмейді:
      1) құрылыс материалдарын, топырақты, ағашты, көмірді және басқа да заттарды жинауға;
      2) көгалдарды, гүлзарларды, шұңқырларды қоқыспен толтыруға;
      3)көгалдар үстінде жүру, ағаштарды, бұтақтарды сындыру мен кесу, басқа да механикалық бұзушылықтарды келтіруге;
      4) ағаштардың және бұтақтарды кесуге;
      5) қоршамдарды құруға, гүлдерді жұлуға, көп жылдық гүлдердің түйнектерін және бадандарын қазуға;
      6) көгалдарға және гүлзарларға автокөлікті қоюға;
      7) жапырақтарды жағуға, көгалдарда көкөністерді өсіруге, ағаштарға сымдарды, әткеншектерді, жіптерді, жарнамаларды және кестелерді орналастыруға, баубақша-саябақ құралдарын бұзуға;
      8) мал, құс бағуға, жалпы пайдаланылатын жерлерде иттерді қыдыртуға;
      9) көгалдар мен гүлзарларда цемент, бетон дайындауға.

10. Аудан аумағында тазарту жұмыстарын ұйымдастыру, санитарлық ұстау, көркейту жағдайын бақылау жөніндегі уәкілетті органның және мемлекеттік органдардың міндеттері

      70. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы Ережелердің сақталуын бақылау қоршаған ортаны қорғау, ішкі істер, сәулет-құрылыс, өртке қарсы, санитарлық қадағалау органдарымен өз құзыры шеңберінде жүргізіледі.
      71. Функционалдық міндеттерге сәйкес ауданды көркейту жағдайын бақылауды, мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының комиссиялық тексерістерін үйлестіруді уәкілетті орган жүргізеді.

      11. Ережелерді бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      72. Осы ережелерді бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану заң бұзушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес келтірген материалдық шығынды өтеу міндетінен және жіберілген заң бұзушылықтарды жоюдан босатпайды.
 
 

О Правилах благоустройства и охраны зеленых насаждений в Акжарском районе

Решение маслихата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 24 июня 2010 года N 24-3. Зарегистрировано Управлением юстиции Акжарского района Северо-Казахстанской области 6 августа 2010 года N 13-4-107. Утратило силу - решением маслихата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 14 июня 2012 года N 4-4

      Сноска. Утратило силу - решением маслихата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 14.06.2012 N 4-4

      В соответствии с подпунктом 8 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и статьи 3 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года № 155 «Об административных правонарушениях», районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые правила благоустройства и охраны зеленых насаждений в населенных пунктах Акжарского района.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования в средствах массовой информации.

      Председатель сессии
      районного маслихата                        К.Нурумбеков

      И.о. секретаря сессии
      районного маслихата                        Е.Жакупов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник отдела
      внутренних дел Акжарского района           К.Бейсенбаев

      Начальник отдела по чрезвычайным
      ситуациям Акжарского района                А.Джумабаев

      Начальник управления государственного
      санитарно-эпидемиологического надзора
      Северо-Казахстанской области
      по Акжарскому району                       С.Кажкенова

      Начальник отдела жилищно-
      коммунального хозяйства,
      пассажирского транспорта
      и автомобильных дорог
      Акжарского района                          Х.Омаров

      Начальник отдела
      сельского хозяйства
      Акжарского района                          А.Киманов

      Начальник Акжарской районной
      территориальной инспекции Комитета
      государственной инспекции в
      агропромышленном комплексе
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан                       М.Сматаев

      Начальник
      отдела ветеринарии
      Акжарского района                          К.Маликов

ПРАВИЛА
благоустройства и охраны зеленых насаждений в Акжарском районе

1. Общие положения

      1. Настоящие правила разработаны в соответствии со статьями 3300387 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях», со статьей 3 Закона Республики Казахстан «О нормативных правовых актах», со статьей 6 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан».
      Правила регулируют отношения и устанавливают ответственность физических и юридических лиц в сфере благоустройства, охраны зеленых насаждений, содержания и защиты объектов инфраструктуры в Акжарском районе.

2. Основные понятия и определения, используемые в настоящих Правилах

      2. Благоустройство района - комплекс элементов и работ, направленных на создание благоприятной, здоровой и удобной жизнедеятельности человека на территории района.
      3. Внутридворовые территории - земли, используемые для установки малых архитектурных форм, детских, бельевых, контейнерных площадок, парковок автотранспорта, декоративных сооружений, проездов к дому, заездов во двор.
      4. Отведенная территория - участок земли, переданный землепользователю (предприятию, учреждению, частному лицу и т.п.) во владение или для использования в соответствии с решениями уполномоченных органов на правах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан для размещения принадлежащих ему объектов.
      5. Прилегающая территория - территория (в границах 5 метров по периметру), непосредственно примыкающая к границам здания, сооружения, ограждения, строительной площадки, к объектам торговли, рекламы и иным объектам, находящимся в собственности, владении, аренде.
      6. Землепользователь - юридическое или физическое лицо, использующее земельные участки в районной, городской, сельской черте, независимо от цели и форм собственности (предприятия, организации, коммерческие структуры, предприниматели, владельцы домов частного сектора, кооперативы собственников квартир и другие).
      7. Места общего пользования - зоны отдыха (парки, скверы), площади, остановочные площадки транспорта и т.п.
      8. Малые архитектурные формы - сравнительно небольшие по объему объекты как декоративного характера, так и практического использования:
      декоративные сооружения - скульптуры, фонтаны и декоративные водоемы, стеллы, барельефы, вазы для цветов, флагштоки и т.д.;
      сооружения практического использования - беседки, павильоны, киоски, скамьи, ограды, урны, таблички улиц, домов, рекламы, почтовые ящики и т.д.
      9. Здание - искусственное строение, состоящее из несущих и ограждающих конструкций, образующих обязательный наземный замкнутый объем, в зависимости от функционального назначения, используемое для проживания или пребывания людей, выполнения производственных процессов, а также размещения и хранения материальных ценностей. Здание может иметь подземную часть.
      Жилой дом (жилое здание) - строение, состоящее в основном из жилых помещений, а также нежилых помещений и иных частей, являющихся общим имуществом.
      10. Сооружение - искусственно созданный объемный, плоскостной или линейный объект (наземный, надводный и (или) подземный, подводный), имеющий естественные или искусственные пространственные границы и предназначенный для выполнения производственных процессов, размещения и хранения материальных ценностей или временного пребывания (перемещения) людей, грузов, а также размещения (прокладки, проводки) оборудования или коммуникаций. Сооружение также может иметь художественно-эстетическое, декоративно-прикладное либо мемориальное назначение.
      11. Проезжая часть, проезд - элемент дороги, обеспечивающий подъезд транспортных средств к жилым и общественным зданиям, учреждениям, предприятиям и прочим объектам районной, городской, сельской застройки.
      12. Тротуар - элемент дороги, предназначенный для движения пешеходов, примыкающий к проезжей части или отделенный от нее газоном.
      13. Содержание дорог - комплекс работ, в результате которых поддерживается транспортно-эксплуатационное состояние дорог, дорожных сооружений, отвечающих требованиям правил пользования автомобильными дорогами.
      14. Очистка территории - уборка территории, сбор, вывоз и утилизация (обезвреживание) бытовых отходов, мусора, снега, наледи.
      15. Отходы производства и потребления (далее - отходы) - остатки сырья, материалов, полуфабрикатов, иных изделий или продуктов, которые образовались в процессе производства или потребления, а также товары (продукция), утратившие свои потребительские свойства.
      16. Твердые бытовые отходы (далее - ТБО) - мелкие бытовые отходы потребления.
      17. Крупногабаритный мусор (далее - КГМ) - отходы потребления и хозяйственной деятельности (бытовая техника, мебель и др.), утратившие свои потребительские свойства.
      18. Несанкционированная свалка - самовольный (несанкционированный) сброс (размещение) или складирование ТБО, КГМ, отходов производства и строительства, другого мусора, снега, льда, образованного в процессе деятельности юридических или физических лиц.
      19. Сбор и вывоз ТБО, КГМ - комплекс мероприятий, связанных с выгрузкой ТБО из контейнеров в спецавтотранспорт, очисткой контейнеров, зачисткой контейнерных площадок и подъездов к ним от просыпавшегося мусора, и транспортировка их с мест сбора мусора к объекту утилизации.
      20. Уполномоченный орган - Государственное учреждение, полномочия которого в области жилищно-коммунального хозяйства пассажирского транспорта и автомобильных дорог определены акиматом Акжарского района.

3. Уборка районных территорий

      21. Уборка и содержание мест общего пользования включают в себя следующие виды работ:
      1) уборка и вывоз мелкого и бытового мусора и отходов;
      2) уборка и вывоз крупногабаритного мусора и отходов;
      3) подметание, полив и мойка в летний период;
      4) покос и вывоз камыша и иной дикорастущей растительности;
      5) ремонт и окраска ограждений и малых архитектурных форм;
      6) механизированная уборка проезжей части в зимний период;
      7) погрузка и вывоз снега при механизированной уборке.

3.1. Уборка проезжей части улиц

      22. Уборку и содержание проезжей части улиц по всей ее ширине, площадей, дорог и проездов районной, городской, сельской дорожной сети, парковочных карманов, а также отстойно-разворотных площадок на конечных автобусных маршрутах, путепроводов производят предприятия-подрядчики на основании договора государственных закупок, заключенного с уполномоченным органом, на производство данных работ.
      23. Обочины дорог должны быть очищены от растительности крупногабаритного и другого мусора. При выполнении работ запрещается перемещение мусора на проезжую часть улиц и проездов.

3.2. Уборка тротуаров, остановочных и посадочных площадок

      24. Уборка тротуаров, расположенных вдоль улиц и проездов или отделенных от проезжей части газонами, и не имеющих непосредственных выходов из подъездов жилых зданий, дворовых территорий, учреждений, предприятий, объектов торговли и обслуживания, производится коммунальными предприятиями.
      25. Уборка тротуаров, находящихся на мостах, путепроводах, а также технических тротуаров (подходов), примыкающих к инженерным сооружениям и лестничным сходам, производится предприятиями-владельцами данных инженерных сооружений.
      26. По тротуарам, отделенным от проезжей части улиц и проездов газонами и имеющим непосредственные выходы из подъездов жилых зданий, дворовых территорий, выходы от въездов во дворы, учреждений, предприятий, выходы от объектов торговли и обслуживания, уборочные работы осуществляются в соответствии с отведенной территорией.
      27. Тротуары должны быть полностью очищены от грунтово-песчаных наносов, различного мусора.
      28. Остановочные площадки должны быть полностью очищены от грунтово-песчаных наносов, различного мусора.

3.3. Особенности уборки районной территории в зимнее время

      29. Зимняя уборка проезжей части дорог, улиц района, города, села и проездов осуществляется в соответствии с требованиями настоящих Правил.
      30. При уборке дорог в парках, лесопарках, садах, скверах, бульварах и других зеленых зонах допускается складирование снега, не содержащего химических реагентов, на заранее подготовленные для этих целей площадки при условии сохранности зеленых насаждений и обеспечения оттока талых вод.
      31. В зимний период дорожки, садовые скамейки, урны, прочие элементы и малые архитектурные формы, а также пространство перед ними и с боков, подходы к ним должны быть очищены от снега и наледи.
      32.Формирование снежных валов не допускается:
      на пересечениях всех дорог, улиц и проездов в одном уровне и вблизи железнодорожных переездов;
      на участках дорог, оборудованных транспортными ограждениями или повышенным бордюром;
      на тротуарах.
      33. Не допускается перемещение снега на тротуары и газоны.
      34. Вывоз снега с улиц и проездов должен осуществляться на специально отведенные, подготовленные площадки (снежные свалки). Не допускается вывоз снега в не согласованные в установленном порядке места.
      35. Места временного складирования снега после снеготаяния должны быть очищены от мусора и благоустроены организацией- подрядчиком, содержащая снежную свалку.
      36. К уборке тротуаров и лестничных сходов на мостовых сооружениях предъявляются следующие требования:
      1) тротуары и лестничные сходы мостов должны быть очищены на всю ширину до покрытия от свежевыпавшего и уплотненного снега (снежно-ледяных образований);
      2) в период интенсивного снегопада тротуары и лестничные сходы мостовых сооружений должны обрабатываться противогололедными материалами и расчищаться проходы для движения пешеходов;
      3) при оповещении о гололеде или его возникновении мостовые сооружения, в первую очередь лестничные сходы, а затем и тротуары обрабатываются противогололедными материалами.
      37. Снег, счищаемый с дворовых территорий, разрешается складировать на территориях дворов в местах, не препятствующих свободному проезду автотранспорта и движению пешеходов.
      38. Складирование снега на внутридворовых территориях должно предусматривать отвод талых вод.

4. Обеспечение чистоты и порядка

      39. На территории района, села не допускается сброс бытового и строительного мусора, отходов производства, тары, спила деревьев, листвы, снега.
      40. Не допускается сжигание мусора, листвы, тары, производственных отходов, разведение костров, включая внутренние территории предприятий и частных домовладений.
      41. Не допускается сброс неочищенных вод промышленных предприятий и сточных вод частного сектора в водоемы и овраги.
      42. Не допускается мойка, очистка и ремонт транспортных средств на землях общего пользования, у водоразборных колонок, на водоемах, в местах массового отдыха людей, у подъездов жилых домов.
      43. Не допускается перевозка грунта, мусора, сыпучих строительных материалов, легкой тары, листвы, спила деревьев без покрытия их брезентом или другим материалом, исключающими загрязнение дорог.
      44. Не допускается размещение объектов различного назначения на газонах, цветниках, тротуарах, детских площадках, в арках зданий.
      45. Не допускается размещение, расклеивание объявлений, афиш, печатных агитационных материалов, извещений и иных объектов визуальной информации вне установленных местным исполнительным органом района мест. Вывешивание указанной продукции в иных местах допускается с разрешения собственника соответствующего объекта.
      46. Не допускается разбрасывание печатных агитационных материалов.

5. Сбор, временное хранение, вывоз и утилизация отходов

      47. На территории домовладений должны быть выделены специальные площадки для размещения контейнеров с удобными подъездами для транспорта. Для сбора твердых бытовых отходов следует применять металлические контейнеры.
      48. Твердые бытовые отходы вывозятся мусоровозным транспортом.
      49. На территориях где установлены контейнерные площадки, должны выполняться следующие требования:
      1) контейнерные площадки, подходы и подъездные пути к ним должны иметь твердое покрытие;
      2) контейнерные площадки должны быть огорожены сплошным ограждением, исключающим распространение мусора на прилегающие территории;
      3) обеспечить надлежащее санитарное содержание контейнерных площадок и прилегающих к ним территорий;
      4) не допускать сжигание бытовых отходов в контейнерах;
      5) обеспечить в зимнее время года - очистку от снега и наледи подходов и подъездов к контейнерным площадкам с целью создания нормальных условий для работы специализированного автотранспорта и пользования населением.
      50. Площадки для установки контейнеров должны быть удалены от жилых и общественных зданий, спортивных площадок и от мест отдыха населения на расстояние не менее 25 метров и не более 100 метров. Размер площадок должен быть рассчитан на установку не менее 3 контейнеров. Расстояние от контейнеров до краев площадки должны быть не менее 1 метра.
      51. Уборку мусора, просыпавшегося при выгрузке из контейнеров в мусоровоз, производят работники организации, осуществляющей вывоз ТБО, КГМ.
      52. На вокзалах, рынках, в парках, зонах отдыха, на площадях, в учреждениях образования, здравоохранения и других местах массового посещения людей, на улицах, остановках общественного пассажирского транспорта, у входа в торговые объекты должны быть установлены урны для мусора. Урны устанавливаются на расстоянии не менее 40 метров одна от другой в местах массового посещения населения; во дворах, в парках, на площадях и других территориях на расстоянии от 10 до 100 метров.
      53. Установка и очистка урн производятся предприятиями-подрядчиками, эксплуатирующими территории в соответствии с договором государственного заказа и хозяйствующими субъектами, во владении или пользовании которых находятся территории.

6. Содержание малых архитектурных форм

      54. Территории жилой застройки, общественные зоны, скверы, улицы, парки, площадки для отдыха оборудуются малыми архитектурными формами - беседками, теневыми навесами, цветочницами, скамьями, урнами, фонтанами, устройствами для игр детей, отдыха для взрослого населения, газетными стендами, оградами.

7. Благоустройство жилых зон

      55. На придомовых территориях в границах отведенных земельных участков необходимо поддерживать следующий порядок:
      не допускать самовольного строительства во дворах различного рода хозяйственных или вспомогательных построек (гаражей и другое);
      не допускать загромождения придомовых территорий строительными материалами;
      содержать в исправном состоянии находящиеся у него на балансе (в хозяйственном ведении или оперативном управлении) инженерные сети, своевременно производить осмотр и очистку колодцев;
      содержать в исправном состоянии малые архитектурные формы, оборудование спортивных, игровых, детских и хозяйственных площадок, ограждения и изгороди, поддерживать их опрятный внешний вид.
      56. На придомовой территории запрещается:
      производство действий, нарушающих тишину и порядок, с 23 до 6 часов, кроме работ по уборке территории либо работ по устранению аварийных ситуаций;
      не допускается:
      стоянка, въезд служебного и личного автотранспорта на зеленые зоны дворовые и детские площадки.
      стоянка и парковка транспортных средств вне специально выделенных и обозначенных знаками и (или) разметками мест.

8. Проведение аварийных работ

      57. Аварии, возникающие в процессе эксплуатации или при проведении строительных работ на подземных и наземных коммуникациях, повлекшие за собой нарушение их нормальной работы или появление возможности угрозы здоровью и жизни граждан, загрязнения водных объектов, являются чрезвычайными происшествиями и требуют принятия оперативных мер для восстановления их нормальной работы в кратчайшие сроки.
      58. Одновременно с направлением аварийной бригады к месту аварии эксплуатирующая организация сообщает о характере и месте аварии в организации, имеющие в районе аварии подземные и наземные сооружения, Отдел дорожной полиции ОВД района, госсанэпидемнадзор, уполномоченный орган коммунального хозяйства района и другие заинтересованные службы.
      59. Юридическим и физическим лицам, имеющим в зоне аварии наземные или подземные коммуникации, при получении информации об авариях необходимо немедленно выслать на места своих представителей с исполнительными чертежами, которые должны указать расположение подведомственных им сооружений и инженерных коммуникаций на местности.
      60. Если работы по ликвидации аварии требуют полного или частичного закрытия проезда, Отдел дорожной полиции ОВД района принимает оперативное решение о временном закрытии проезда, маршруте объезда транспорта и установлении совместно с владельцами поврежденных сетей срока ликвидации повреждения.
      61. Место производства аварийных работ ограждается щитами или заставками установленного образца с устройством аварийного освещения и установкой красных габаритных фонарей. На проезжей части улицы (магистрали) по согласованию с Отделом дорожной полиции ОВД района устанавливаются необходимые дорожные знаки. Лица, ответственные за производство работ по ликвидации аварии, отвечают за работу аварийного освещения, установку ограждения (заставок), дорожных знаков до полного окончания работ.
      62. Для ликвидации последствий аварии и восстановления благоустройства территории необходимо оформить в срок не позднее суток со дня возникновения аварии разрешение на производство земляных работ. В случае неоформления разрешения на производство земляных работ в установленные сроки раскопка считается несанкционированной, и предприятие привлекается к ответственности согласно действующему законодательству.
      63. Восстановление нарушенных дорожных покрытий и других элементов благоустройства осуществляется владельцами инженерных сетей немедленно после завершения аварийных работ. Срок гарантии качества восстановленного асфальтобетонного покрытия после аварийных работ не менее 2-х лет.
      64. Производство плановых работ, под предлогом аварийных, категорически не допускается.

9. Охрана и защита зеленых насаждений

      65. Зеленые насаждения являются общенародным достоянием, важным оздоровительным фактором и украшением района, села. Их охрана и содержание - обязанность каждого юридического и физического лица.
      66. Текущее содержание, сохранность и воспроизводство зеленых насаждений возлагается на владельцев, землепользователей, юридических и физических лиц, за которыми отведена территория:
      1) на улицах перед жилыми домами от строений до тротуарной линии - кооперативы собственников квартир, владельцы жилого фонда;
      2) на объектах общего пользования (парки, скверы, аллеи и т.д.) и вдоль улиц до тротуарной линии - предприятия, выполняющие работы на договорной основе за счет районного бюджета;
      3) на территориях промышленных предприятий, организаций, учреждений и других объектов различных форм собственности, а также прилегающей за ними территории и санитарно-защитных зонах - руководители предприятий и владельцы этих объектов;
      4) на территориях, отведенных под строительство, со дня начала работ - заказчик или по его доверенности генеральный подрядчик - строительная организация.
      67. Снос и пересадка зеленых насаждений, попадающих под пятно застройки, прокладки подземных коммуникаций и инженерных сетей, допускается при наличии разрешения на спил или выкорчевку зеленых насаждений.
      68. При производстве работ необходимо:
      1) ограждать зеленые насаждения от повреждений.
      2) оставлять при замощении и асфальтировании районных, сельских дорог, тротуаров, проездов, площадей приствольную лунку не менее 1 метра в диаметре.
      3) производить уход за зелеными насаждениями, в том числе:
      уборку мусора, прочесывание газонов граблями, сбор сухих листьев, прополка сорняков, косьба газонов, стрижка кустарников;
      рыхление почвы с устройством приствольных лунок деревьев, побелку деревьев;
      полив зеленых насаждений, газонов, цветников;
      обрезку крон деревьев, вырезка сухих ветвей, поросли, ломанных веток;
      омоложение деревьев, кустарников (по консультации специалистов);
      удаление больных и сухостойных деревьев (по актам комиссии);
      ремонтные посадки деревьев и кустарников в существующем зеленом фонде;
      систематически проводить борьбу с сельскохозяйственными вредителями и болезнями, карантинными сорняками своими силами или по договорам со станциями защиты растений.
      Стоянка транспортных средств на газонах, в скверах и других местах зеленых насаждений не допускается;
      отведенные участки, либо на поля компостирования. Сжигать листья на территории жилой застройки, в скверах и парках не допускается.
      69. На территории зеленых насаждений не допускается:
      1) складировать строительные материалы, землю, дрова, уголь и другие предметы;
      2) засорять газоны, цветники, приствольные лунки;
      3) ходить по газонам, ломать и надрезать деревья, кустарники, причинять другие механические повреждения;
      4) осуществлять самовольные порубки деревьев и кустарников;
      5) устраивать изгороди, рвать цветы, выкапывать клубни и луковицы многолетних цветов;
      6) располагать автомототранспорт на газонах и цветниках;
      7) сжигать листья, выращивать овощи на газонах, прикреплять к деревьям провода, проволоку, качели, веревки, рекламу и таблички, портить садово-парковый инвентарь;
      8) пасти скот, птицу, выгуливать собак в местах общего пользования;
      9) готовить цементный раствор или бетон на газонах и цветниках.

10. Обязанности уполномоченного органа и государственных органов по контролю за состоянием благоустройства, санитарным содержанием, организацией уборки территории района

      70. В соответствии с законодательством Республики Казахстан контроль за соблюдением настоящих Правил осуществляется органами охраны окружающей среды, внутренних дел, архитектурно-строительного, противопожарного, и санитарного надзора в пределах своих компетенций.
      71. В соответствии с функциональными обязанностями общий контроль за состоянием благоустройства района, координацию проведения комиссионных объездов и обследований, государственных контрольно-надзорных органов проводит уполномоченный орган.

11. Ответственность физических и юридических лиц за нарушение Правил

      72. Физические и юридические лица, виновные в нарушении настоящих Правил, привлекаются к ответственности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан и Кодексом об административных правонарушениях в Республике Казахстан. Применение мер административной ответственности не освобождает нарушителей от обязанностей возмещения причиненного ими материального ущерба в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан и устранения допущенных нарушений.