Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 05.11.2013 N 323 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақжар ауданының аумағында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
29 (жиырма тоғыз) жасқа дейінгі жастар;
өз еріктерімен босатылған тұлғалар;
уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
50 (елу) жастан асқан тұлғалар;
жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіби колледждердің түлектері;
ұйымдардың штаттық немесе сандық қысқартуына байланысты жұмыссыз қалған тұлғалар.
2. «Нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін орнату туралы» Ақжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 98 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2009 жылғы 4 мамырда Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-86 тіркелді, 2009 жылғы 16 мамырда № 20 Дала дидары газетінде жарияланды).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ.Айтмұхаметовқа жүктелсін.
4.Осы қаулы алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Тастеміров