Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 28.01.2014 N 24/1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқық қатынастарына таралады)
Қазақстан Республикасындағы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Жамбыл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштаразға бару үшін 500 тенге ай сайын;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге, ұсынылған шот фактура құны мөлшерінде (бағалы металдардан, метал-пластикадан, метал-керамикадан, метал-акрил протездерден басқа) жылына бір рет;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер және кепілдіктемелер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, жеңілдіктер және кепілдіктермен соғысқа қатысушыларға теңістірілген тұлғалардың басқа да санаттарына; Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің екінші қайта некеге тұрмаған жесірлеріне; Кеңес Одағының Батырларына; үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне; Социалистік Еңбек Ері және «Халық Қаһарманы» атағын алған тұлғаларға; Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қайсарлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен мерапатталған немесе бұрын «Батыр-ана» атағын, сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы ордендерімен» марапатталған көп балалы аналарға; Қазақстан Республикасы алдында айырықша еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға; саяси қуғын сүргіннен зардап шеккен зейнеткер болып табылатын тұлғаларға; мүгедектерге; 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қатарынан тұлғаларға, көшіру күні құрсақта болған баларды қоса алғанда Қазақстан республикасындағы шеттеу және қоныс аудару аймағынан көшірілгендерге (өз еріктерімен шығып кеткендерге) санаторлық-курорттық емделуге жылына бір рет жолдама құны мөлшерінде;
4) үйде тәрбиеленіп оқытатын мүгедек балаларға әр тоқсан сайын 6,5 айлық көрсеткіш шамамен қосымша әлеуметтік көмек.
2. Анықталсын:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштаразға бару үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш түскен айдан бастап тағайындалатыны және өтініш берушінің қайтыс болуына байланысты немесе ауданнан тысқары кеткеннен тоқталатыны. Төлем нұсқалған жағдайлар басталған айдың келесі айынан тоқтатылады;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге әлеуметтік көмек лицензиясы бар медицина ұйымында ұсынылған шот-фактура құны мөлшерінде (бағалы металдардан, метал-пластикадан, метал-керамикадан, метал-акрилден протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылатыны;
3) үйде тәрбиеленіп оқытатын мүгедек балаларға, әр тоқсан сайын, Ведомствоаралық психолого-медико-педагогикалық консультациялық комиссиясының баланы үйде оқытуды (тәрбиелеуді) қажеттілігі туралы қорытындыда берілген кезеңіне қосымша әлеуметтік көмек;
4) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер банктік операция түрлеріне тиіснше екінші деңгейлі банктер немесе Қазақстан республикасының ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйым арқылы әлеуметтік көмек алушыныңжеке шотына есептелінген ақшалай қаражаты аудару жолымен жүзеге асырылатыны;
5) әлеуметтік көмекті қаржыландыру сыныптаудың шығындар сыныптамасының «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451.007.000 коды бойынша өндіріледі, «Үйде тәрбиеленіп оқытатын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету» 451.010.000 коды бойынша өндіріледі.
3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
кезектен тыс ХХІХ сессиясының хатшысы
төрайымы
Ғ.Құсаинов Б.Мұсабаев