Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02-08-02-02/828 хаты)
Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17, 18, 44-баптарына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабына 1-тармағына 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1. 2011 жылдың қаңтары-наурызында 1994 жылы туған, тіркеу жылы 17 жасқа толатын және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы ер азаматтардың әскерге шақыру учаскесінде тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.В.Вишневскаяға жүктелсін.
3. Осы шешім 2011 жылдың 5 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қалиев