Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округі әкімінің 27.06.2018 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес және халық пікірін ескере отырып ауылдық округтің әкімі ШЕШТІ:
1. Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округтің әкімі | Ә. Өтеубаев |
Драгомиров ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 4 шешіміне қосымша |
Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы
Любимовка ауылы:
1) бірінші көшесі – Мира;
2) екінші көшесі – Школьная;
3) үшінші көшесі – Степная.
Драгомировка ауылы:
1) бірінші көшесі – Панфилов;
2) екінші көшесі – Молодежная;
3) үшінші көшесі – Центральная;
4) төртінші көшесі – Школьная;
5) бесінші көшесі – Абай;
6) алтыншы көшесі – Мира;
7) жетінші бұрылысы – Школьный.
Обуховка ауылы:
1) бірінші көшесі – Мира;
2) екінші көшесі – Школьная;
3) үшінші көшесі – Степная.
Ивангород ауылы:
1) бірінші көшесі – Пушкин;
2) екінші көшесі – Школьная;
3) үшінші көшесі – Мира.