Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2011.03.28 N 31/7 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
1) жетпіс есе айлық есептеуіш көрсеткішіне тең, сомада көтерме жәрдемақы;
2) алты жүз есе айлық есептеуіш көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, сомада тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XXIV сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы Ғ. Шаяхметов
«КЕЛІСІЛГЕН» 25 маусым 2010 жыл
«Тимирязев ауданының
ауыл шаруашылық бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Құсаинов
«Тимирязев ауданының экономика
және бюджетті жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ж. Макенова