Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011.10.07 N 238 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 65-жылдығына байланысты біржолғы материалдық көмек (әрі қарай - біржолғы материалдық көмек) келесі азаматтардың санаттарына берілсін:
20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға (интернационалист–жауынгерлерінен және техногендік апаттарды жою салдарының қатысушыларынан басқа) - 5 000 теңге көлемінде;
ҰОС жылдарында тылдағы жанкешті еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және айрықша белгілерімен марапатталған тұлғаларға, сонымен қатар, ҰОС жылдары 1941 жылғы 22 маусымынан бастап, 1945 жылғы 9 мамырын қоса тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген (әскери қызмет атқарған) тұлғаларға - 2 000 теңге көлемінде.
2. Біржолғы материалдық көмектің төленуі жергілікті бюджет қаражаты есебінен 451-020-015 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызметтен өткен, запасқа босатылған (отставка), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшiн» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
3. «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етсін.
4. «Шал ақын ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық бюджетпен бекітілген, бөлінген қаражат шегінде біржолғы материалдық көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Әмрин