Ескерту. Шешiмнің қазақ тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим селолық округі әкімінің 19.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы", Қазақстан Респуликасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Повозочное ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округінің Повозочное ауылының құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Хабдулин |
Ауылдық округ әкімінің 2010 жылғы 15 қарашаның № 9 шешіміне қосымша |
Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округінің атау берілген Повозочное ауылының құрамдас бөліктерінің тізбесі
Бірінші көшеге – Тыныштық көшесі;
Екінші көшеге – Солтүстік тұйық көшесі;
Үшінші көшеге – Орман көшесі;
Төртінші көшеге – Еңбек тұйық көшесі.
Бесінші көшеге – Бейбіт көшесі;
Алтыншы көшеге – Құрылысшы көшесі;
Жетінші көшеге – Жағалау көшесі;
Сегізінші көшеге – Мектеп көшесі;
Тоғызыншы көшеге – Жеңіс көшесі;
Оныншы көшеге – Аққайың көшесі;
Оң бірінші көшеге – З.Иманбаев көшесі;
Оң екінші көшеге - Конституция көшесі;
Оң үшінші көшеге - Жарық көшесі;