Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 495 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 5 тармағына сәйкес, ІV шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс ХХ сессиясында ШЕШТІ:
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М. Шырдабаев) жүктелсін.
Облыстық мәслихаттың | |
ХХ сессиясының төрағасы | М. Шырдабаев |
Облыстық мәслихат хатшысы | Ж. Дүйсенғалиев |
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-IV шешіміне 1 қосымша |
Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Рет № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) | 1 киллограмм үшін төлемақы ставкалары (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт тотықтары | 20 | |
2. | Азот тотықтары | 20 | |
3. | Шаң және күл | 10 | |
4. | Қорғасын және оның қосындылары | 3986 | |
5. | Күкіртсутек | 124 | |
6. | Фенолдар | 332 | |
7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
8. | Формальдегид | 332 | |
9. | Көміртегі тотықтары | 0,32 | |
10. | Метан | 0,02 | |
11. | Күйе | 24 | |
12. | Темір тотықтары | 30 | |
13. | Аммиак | 24 | |
14. | Алты валентті хром | 798 | |
15. | Мыс тотықтары | 598 | |
16. | Бенз (а) пирен | 996,6 |
Ескертпе:
Коммуналдық кызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы № 1 қосымшада белгіленген төлемақы ставкаларына 0,3 коэффициенті қолданылады.
Коэффициент қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-IV шешіміне 2 қосымша |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Рет № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Көмірсутектер | 44, 6 |
2. | Көміртегі тотықтары | 14, 6 |
3. | Метан | 0, 8 |
4. | Күкірт диоксиды | 200 |
5. | Азот диоксиды | 200 |
6. | Күл | 240 |
7. | Күкіртті сутегі | 1240 |
8. | Меркаптан | 199320 |
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-IV шешіміне 3 қосымша |
Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық мәслихатының 10.09.2014 № 315-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Рет № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,9 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,48 |
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-IV шешіміне 4 қосымша |
Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары
мыналарды құрайды:
Рет № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 1 340 |
2. | Мырыш | 2 680 |
3. | Мыс | 26 804 |
4. | Оттегіне биологиялық сұраныс | 8 |
5. | Тұзды аммоний | 68 |
6. | Мұнай өнімдері | 536 |
7. | Нитраттар | 2 |
8. | Жалпы темір | 268 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
10. | Өлшенген заттар | 2 |
11. | Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар | 54 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
13. | Алюминий | 54 |
Ескертпе:
Коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы № 4 қосымшада белгіленген төлемақы ставкаларына 0,43 коэффициенті қолданылады.
Коэффициент қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-IV шешіміне 5 қосымша |
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 13.03.2015 № 363-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабек-керель (Гбк) үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: | ||
1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) | 0,38 | |
1.2. | Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар: | ||
1.2.1. | "қызыл" тізім | 14 | |
1.2.2. | "жақұт" тізім | 8 | |
1.2.3. | "жасыл" тізім | 2 | |
1.2.4. | сыныпталмағандар | 0,9 | |
1.3. | Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар: | ||
1.3.1. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.3.1.1 | аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.3.1.2 | жанас таужыныстары | 0,026 | |
1.3.1.3 | байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.3.1.4 | шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.2. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.3. | күл мен күлшлактар | 0,66 | |
1.3.4. | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,002 | |
2. | Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): | ||
2.1. | Трансуранды | 0,76 | |
2.2. | Альфа-радиоактивті | 0,38 | |
2.3. | Бета-радиоактивті | 0,04 | |
2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |
Облыстық мәслихаттың ХХ сессиясының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-ІV шешіміне 6 қосымша |
Ескерту. Шешім 6-қосымшамен толықтырылды - Атырау облыстық мәслихатының 11.05.2012 № 45-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы мынаны құрайды:
№ | Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, күкіртті орналастырғаны үшін | Төлемақы ставкасы (АЕК) 1 тонна үшін |
1. | Күкіртті орналастыру | 7,54 |