Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 28.01.2013 № 31 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы № 168 "Жайық-Каспий бассейні бойынша (Атырау облысы шегінде) балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы" қаулысына (2006 жылғы 10 шілдедегі № 2467 нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2006 жылғы 29 шілдедегі № 90 "Атырау" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
кіріспеде "Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі № 162-1 "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 11 және 48-баптарын" деген сөздер мен сандар "Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10 және 73-баптарын" деген сөздер және сандармен ауыстырылсын;
2-тармақта "Департамент" деген сөз "Басқарма" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Айдарбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Рысқалиев