Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2011.12.12 № 444 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 4 тармағының 8) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысын басшылыққа алып, Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 229-ХХV "Ауданның 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімі негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның елді мекендеріне білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салалары бойынша келген мамандарға әр-қайсына жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы тағайындалсын.
2. Ауданның елді мекендеріне білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салалары бойынша келген мамандарға әр-қайсына алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит тағайындалсын.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі: А. Такешев