«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт, Сайрам аудандары мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық округінің аумағынан жаңадан ауыл құрылсын және оған Диқан атауы берілсін.
2. Сайрам ауданы Жұлдыз ауылдық округінің аумағынан жаңадан ауыл құрылсын және оған Жалын атауы берілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Р.Тәңірбергенов
Облыстық мәслихат хатшысы Ә.Досболов