Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының 2011.05.05 N 6-2078 хаты).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары әкімдерінің, сондай-ақ облыстық басқармалардың қолдаухаттары негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2010 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 383 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2527, 2010 жылғы 13 наурыздағы № 32 (16348) «Дидар», 2010 жылғы 15 наурыздағы № 34 (18863) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 22-33-тармақтармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы 11 маусымдағы
№ 496 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 383 қаулысымен бекітілген
2010 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін
кезеңдеріне жататын Шығыс Қазақстан облысы коммуналдық меншік
объектілерінің тізбесі
№ |
Объектінің атауы |
Объектінің орналасқан жері мен балансұстаушысы |
1 |
2 |
3 |
22 |
УАЗ 31512 автомобилі, м/н F 172 АК, 1995 жылы шыққан |
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 18, «Өскемен қаласының № 1 Балалар ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
23 |
ГАЗ 3110 автомобилі, м/н F 087 АА, 2002 жылы шыққан |
Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
24 |
ВАЗ 21099 автомобилі, м/н F 203 КТ, 2003 жылы шыққан |
Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Абай бульвары, 14, «Аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
25 |
УАЗ 22069 автомобилі, м/н F 988 KV, 1998 жылы шыққан |
Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 187, «Бородулиха қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме» мемлекеттік мекемесі |
26 |
Skoda Octavia Combi Elegance автомобилі, м/н F 969 NK, 2000 жылы шыққан |
Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69, «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
27 |
Алаңы 89 ш.м. ішіне салынған үй-жай |
Риддер қаласы, 4 шағын аудан, 3-99, Риддер қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
28 |
Алаңы 51,9 ш.м. ішіне салынған үй-жай |
Риддер қаласы, 5 шағын аудан, 6-74, Риддер қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
29 |
Алаңы 29,4 ш.м. ішіне салынған үй-жай |
Риддер қаласы, Гоголь көшесі, 37-64, Риддер қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
30 |
Жалпы алаңы 635,7 ш.м. ғимарат |
Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Киров көшесі, 102, «Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
31 |
Жалпы алаңы 1423,8 ш.м. мектеп ғимараты |
Жарма ауданы, Жіңішке ауылы, «Жалғызтөбе орта мектебі» мемлекеттік мекемесі |
32 |
Жалпы алаңы 3277,7 ш.м. мектеп ғимараты |
Жарма ауданы, Бөке ауылы, «Жарма ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
33 |
Алаңы 56,1 ш.м. екінші қабаттағы үй-жай |
Өскемен қаласы, Е.П. Славский атындағы жағалау, 40, Облыс коммуналдық меншік мемлекеттік тізілімінің «Қазына» бөлімінде есепте тұр |
Шығыс Қазақстан облысы
қаржы басқармасының бастығы А. Құрманғалиев