Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 23/6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 18 мамырда № 5-1-143 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының V сессиясының 2012 жылғы 24 мамырдағы N 5/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының V сессиясының 2012.05.24 N 5/2-V шешімімен.

      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 32 бабының 1 тармағына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі бекітілсін.
      2. Өскемен қалалық мәслихатының «Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 5/10 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 29 сәуірдегі 1758 нөмірімен тіркелген, 2004 жылғы 15 мамырдағы № 46 «Дидар», № 72-73 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы –
      қалалық мәслихаттың хатшысы                 В. Головатюк
 

Өскемен қалалық мәслихатының
2010 жылғы 16 сәуірдегі  
№ 23/6 шешімімен бекітілген

Өскемен қаласында иттер мен
мысықтарды ұстау Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 32 бабының 1 тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Ереженің күші Өскемен қаласындағы жеке және басқадай меншігінде иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.

2-тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртібі

      3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптар мен осы Ережені сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
      бір жанұя тұратын тұрғын үй-жайда;
      бірнеше жанұялар тұратын пәтерде, тек өзі тұратын тұрғын үй көлемінде (пәтерде тұратын барлығының жазбаша келісімімен);
      кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, бағбандық және саяжайлық бірлестіктердің аумағында, демалыс базаларында иттерді байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, түнгі уақыттарда мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшін қауіп төндіру мүмкіндіктерін болдырмайтын жағдайларда ұстау қажет. Аумаққа кіреберісте тиісті жазу жазылған ескерту кестесін қамтамасыз ету қажет.
      4. Барлық иттер мен мысықтар оларды иелері сатып алған сәттен бастап екі айлық жасынан тіркеуге және вакцинациялауға жатады. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезінде иелеріне тиісті уәкілетті мемлекеттік орган – өз өкілетті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қалалық аумақтық инспекциясы ветеринарлық төлқұжат береді.
      5. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтар бөліктерінде, жертөледе, шатырлар астында, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда) үй жанындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерінің жанындағы аумақтардан басқа), қонақүйлерде ұстауға рұқсат етілмейді.
      6. Иттер мен мысықтарды олардың терісін және етін пайдалану мақсатында өсіруге және аулауға рұқсат етілмейді.
      7. Иттерді таластыруға және басқа да жануарларға қатысты қатыгез іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге рұқсат етілмейді.
      8. Пәтер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын үй кооперативтеріне, үй-жай иелерінің кооперативтеріне, кондоминиумдарға:
      1) жертөлелерге, шатырлар астына және басқа да қосалқы үй-жайларға кіретін есіктерді онда иттер мен мысықтардың кіріп кетуіне жол бермейтіндей жабық күйінде ұстау;
      2) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өзінің аумағында бұралқы иттер мен мысықтардың бары туралы хабарлау ұсынылады.
      9. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аулалық аумақтарда, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иесіз жүрген иттер, иесі байлап кеткендерден басқасы, қараусыз деп есептеледі және қараусыз иттер мен мысықтарды аулайтын тиісті ұйымдардың аулауына жатады.
      10. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулауды жергілікті атқарушы органмен, онда аулаудың шарттары реттелетін шарт жасасқан тиісті ұйым жүзеге асырады.
      11. Серуендетуге рұқсат беріледі:
      1) айналасындағыларға мазасыздық және кедергі тудырмай, аумақтың санитарлық жағдайын сақтағанда тұмылдырық кигізілген (сәндік тұқымды иттерден басқалары) және қысқа баудағы иттерді;
      2) қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және осы мақсаттар үшін қарастырылған орындарда қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иттерді.
      12. Иттерді серуендетуге тыйым салынады:
      1) балалар аулалық және спорттық алаңқайларында, қалалық жағажайларда, мектепке дейінгі балалар және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және басқа қала тұрғындарының жаппай демалатын орындарында;
      2) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық іс-шаралар өтетін жерлерде адамдарды құтқару бойынша, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстарды орындайтын қызметтік иттерді және көзі нашар көретін адамдар үшін жетектеуші иттерді қоспағанда.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      13. Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесінің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      14. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Усть-Каменогорске

Решение Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 16 апреля 2010 года N 23/6. Зарегистрировано Управлением юстиции города Усть-Каменогорск Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 18 мая 2010 года за N 5-1-143. Утратило силу - решением V сессии Усть-Каменогорского городского маслихата от 24 мая 2012 года N 5/2-V

      Сноска. Утратило силу - решением V сессии Усть-Каменогорского городского маслихата от 24.05.2012 N 5/2-V.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 3 и статьей 311 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года «Об административных правонарушениях», подпунктом 8) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 1 статьи 32 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии», Усть-Каменогорский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания собак и кошек в городе Усть-Каменогорске.
      2. Признать утратившим силу решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 8 апреля 2004 года № 5/10 «О правилах содержания собак и кошек в городе Усть-Каменогорске» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 1758 от 29 апреля 2004 года, опубликовано 15 мая 2004 года в газетах «Дидар» № 46, «Рудный Алтай» № 72-73).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии -
      секретарь городского маслихата           В. Головатюк

Утверждены         
решением Усть-Каменогорского
городского маслихата   
от 16 апреля 2010 года № 23/6

Правила содержания собак и кошек
в городе Усть-Каменогорске

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания собак и кошек в городе Усть-Каменогорске (далее - Правила) разработаны в соответствии c пунктом 2 статьи 3 и статьей 311 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года "Об административных правонарушениях", подпунктом 8) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 1 статьи 32 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии».
      2. Действие настоящих Правил распространяется на физические и юридические лица в городе Усть-Каменогорске, имеющих в собственности или ином владении собак и кошек.
 

Глава 2. Порядок содержания и выгула собак и кошек

      3. Содержание собак и кошек разрешается при условии соблюдения санитарно-гигиенических, ветеринарно-санитарных требований и настоящих Правил:
      в жилых помещениях, занятых одной семьей;
      в квартире, занятой несколькими семьями, на своей жилой площади (с письменного согласия всех проживающих в квартире);
      на территориях предприятий, организаций, учреждений, садоводческих и дачных товариществ, базах отдыха, собак на привязи или в вольерах и в условиях, исключающих возможность причинения беспокойства, нарушения тишины в ночное время суток и создания опасности для окружающих. При входе на территорию необходимо обеспечить предупреждающую табличку с соответствующей надписью.
      4. Все собаки и кошки с момента приобретения их владельцами подлежат регистрации и вакцинации с двухмесячного возраста. При регистрации собак и кошек владельцу выдается ветеринарный паспорт соответствующим уполномоченным государственным органом – городской территориальной инспекцией Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, осуществляющей в пределах своих полномочий реализацию государственной политики в области ветеринарии.
      5. Не допускается содержание собак и кошек в местах общего пользования (кухни, коридоры, лестничные площадки, подвалы, чердаки, лоджии, балконы и другие подсобные помещения), на придомовых территориях (кроме придомовых территорий домов индивидуального жилищного фонда), в гостиницах.
      6. Не допускается разведение и отлов собак и кошек с целью использования их шкур и мяса.
      7. Не допускается организация и проведение собачьих боев и других мероприятий, допускающих жестокость по отношению к животным.
      8. Кооперативам собственников квартир, жилищным кооперативам, кооперативам собственников помещений, кондоминиумам рекомендуется:
      1) содержать входы в подвалы, на чердаки и в другие подсобные помещения в закрытом состоянии, исключающие проникновение туда собак и кошек;
      2) сообщать организациям, занимающимся отловом животных, о наличии на своей территории бездомных собак и кошек.
      9. Собаки, находящиеся в общественных местах (улицах, дворовых территориях, парках, скверах и прочих местах) без ошейников и намордников, без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи, считаются безнадзорными и подлежат отлову соответствующими организациями.
      10. Отлов безнадзорных собак и кошек осуществляется соответствующими организациями, заключившими договор с местным исполнительным органом, в котором регламентируются условия отлова.
      11. Допускается выгул:
      1) собак в наморднике (кроме собак декоративных пород) и на коротком поводке при соблюдении санитарного состояния территорий, не создавая беспокойства и помех окружающим;
      2) собак без поводка и намордника на огороженных территориях, дрессировочных площадках и в предусмотренных для этих целей местах.
      12. Не допускается выгул собак:
      1) на детских дворовых и спортивных площадках, городских пляжах, территориях детских дошкольных и учебных заведений, лечебных учреждений, парках и в других местах массового отдыха граждан;
      2) в местах скопления народа и в местах проведения общественных мероприятий, за исключением служебных собак, выполняющих работу по спасению людей, а также по борьбе с преступностью и охране общественного порядка, и собак-поводырей для людей со слабым зрением.

Глава 3. Заключительные положения

      13. Контроль за соблюдением настоящих Правил содержания собак и кошек в городе Усть-Каменогорске осуществляют государственные органы, уполномоченные на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      14. За нарушение требований настоящих Правил виновные лица несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.