Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012.01.23 N 48 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13), 14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7, 18-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бастауыш, орта және жоғары, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі оқу орындарының түлектері санынан жұмыссыз жастардың (бұдан әрі – Қатысушылар) жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша жастар тәжірибесі түріндегі, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдауды ұйымдастыру арқылы әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары қабылдансын.
2. Оқу орындарының жұмыссыз түлектерін іріктеу мынадай:
жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұру;
мамандығы бойынша тәжірибесі және жұмыс өтілі жоқтығы;
жасы 27 жасқа дейін болу;
жұмыс мерзімі 6 айға дейін болу критерийлері бойынша жүргізілсін.
3. Жастардың әлеуметтік қорғалуы меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі Жұмыс беруші) «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) және Жұмыс беруші арасындағы келісім-шарт негізінде ұйымдастырылып, жүргізіледі.
4. Еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Жұмыс беруші және жұмысқа қабылданған Қатысушы арасында жасалған еңбек келісім - шартымен белгіленеді.
5. Қатысушылардың қаржыландырылуы халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарының орындалуына қаралған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
6. Қатысушылар еңбеқақысы мынадай:
1) орта кәсіптік білім және бастауыш оқу орындарының түлектеріне толық айға 1,2 ең төмен еңбекақы;
2) жоғары, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі оқу орындарының түлектері үшін толық айға ең төменгі еңбекақының 1,5 мөлшерінде жүргізіледі;
3) бастауыш, орта және жоғары, жоғарыдан кейінгі оқу орындарының түлектеріне еңбекақы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді. Бір түлекке орташа айлық аударымдар мөлшері 20000 (жиырма мың) теңгені құрайды.
Ескерту. 6-тармақ 3-тармақшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.04.23 N 401 қаулысымен (жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Бөлім Қатысушылардың еңбекақы төлемін жеке шоттарына қаражатты аударуы арқылы жүргізеді.
8. Жұмыс берушілер Бөліммен арадағы келісім шарт негізінде нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың еңбекақысына кеткен Жұмыс берушілер шығындарының жартылай өтелуімен әлеуметтік жұмыс орындарын құрады.
9. Бөлім мынадай:
1) әлеуметтік жұмыс орындары нысаналы топтардағы жұмыссыздар үшін арнайы арналған болу;
2) әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатта болу және оны ұйымдастыруға тұрақты бос жұмыс орындары пайдаланылмау критерийлері бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын Жұмыс берушілердің іріктеуін жүргізеді.
10. Жұмыс беруші жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдағанда оны Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес рәсімдейді.
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған нысаналы топтардағы жұмыссыздар еңбекақысының төлемі жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен және атқарылған жұмыстың мөлшеріне, сапасына және күрделілігіне байланысты еңбек келісімінің шарттарына сәйкес ай сайын жүргізіледі.
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған нысаналы топтардағы жұмыссыздар еңбекақысының төлеміне кеткен Жұмыс берушілердің шығындары, Жұмыс беруші Бөлімге жұмыс істеген күндерді, атқарылған жұмыс түрлерін және көлемін көрсете отырып ұсынатын анықтама және атқарылған жұмыстар актісінің негізінде, ең төменгі еңбекақының 0,5–1,0 мөлшерінде алты айдан аспайтын мерзімге, жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қаралған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жартылай өтеледі. Бөлім жұмыссыздар еңбекақысының төлемі бойынша өтемақыны Жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аударады.
12-1. Жұмыс берушілер төлейтін Жол картасы шеңберіндегі әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың еңбекақы төлемі республикалық бюджеттен аударылған сомадан төмен болмауы тиіс. Бір қатысушыға республикалық бюджеттен орташа айлық аударымдар мөлшері 20000 (жиырма мың) теңгені құрап, жұмыссыздың жеке шотына аударылады.
Ескерту. Қаулы 12-1-тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.04.23 N 401 қаулысымен (жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13. Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны үшін, ұсынылатын жұмысқа шығу анықтамаларына және атқарылған жұмыстар актілеріне жауапкершілік Жұмыс берушіге жүктеледі.
14. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
15. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі М. Айнабеков