Ескерту. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2011.12.28 N 1352 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Риддер қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Техникалық және кәсіптік, жоғарғы білім алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрi – Қатысушылар) жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша, әлеуметтiк қорғаудың қосымша шаралары қабылдансын.
2. Жастарды жұмысқа орналастыру төмендегi критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
1) қатысушылардың «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде (бұдан әрi – Бөлiм) жұмыссыз ретiнде тiркелуi;
2) қатысушыларды iрiктеу кезеңiңде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;
3) жасы 24 жасқа дейiн;
4) жұмыс мерзiмi 6 айға дейiн.
3. Жастарды жұмысқа орналастыру, меншiк түрiне тәуелсiз, ұйымдарда (бұдан әрi – Жұмыс берушi) Жұмыс берушi мен Бөлiм арасындағы шарттың негiзiнде ұйымдастырылады және өткiзiледi.
4. Еңбек жағдайлары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, Жұмыс берушi мен жұмысқа қабылданған Қатысушының арасындағы еңбек шартымен анықталады.
5. Жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған жергiлiктi бюджет қаражатынан қаржыландыру кезiнде, Қатысушылардың еңбек ақысы:
1) кәсiптiк лицейдің түлектерi үшiн толық айға ең төменгi бiр жалақы;
2) орта кәсіптік колледж түлектері үшiн толық айға 1,2 ең төменгi жалақы;
3) жоғарғы кәсіптік білім алған түлектер үшін толық айға 1,5 ең төменгі жалақы мөлшерінде жүргізіледі.
6. Еңбек ақы төлеу, қаражатты Бөлiммен Қатысушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.В. Кагармановқа жүктелсiн.
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
Риддер қаласының әкімі Д.Ю. Кавригин