Қазақстан Республикасындағы Жер кодексінің 108 бабын 5 тармағын, «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 4) тармақшасын, 31 бабы 1 тармағы 10) тармақшасын басшылыққа алып, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 226 Разъезд ауылдық елді мекенінің шекарасы (шегі) 2 телімнен тұратын, жалпы ауданы 31,94 гектар белгіленсін:
ауданы 17,24 гектар № 1 телімі солтүстік-шығысқа қарай «Труженник» ЖШС (кадастрлық № 05-068-068-124), Қазақстан Республикасының азаматтары И. Д. Кусатовтың (кадастрлық № 05-068-068-025), Г.К. Кудрявцевтің (кадастрлық № 05-068-068-070), И. Д. Кусатовтың (кадастрлық № 05-068-068-074) жер телімдерімен және жол жанындағы орман жолағымен араласып өтеді. Әрі қарай шекара бұрылып және Белоусовка кентінің автожолы бойынша оңтүстік-батыс бағытқа өтеді. Сонан соң темір жол бойымен солтүстік-батыс бағытына өтеді, әрі қарай солтүстік-шығысқа бұрылып және «Қазақстан темір жолы» ХК» АҚ жер телімдерімен (кадастрлық № 05-068-154-003) араласып өтеді;
ауданы 14,7 гектар № 2 телімі солтүстік-шығысқа темір жол бойымен кетіп, әрі қарай оңтүстік-батысқа «Ремпуть» АҚ жер телімімен (кадастрлық № 05-068-068-021) араласып өтеді. Сонан соң солтүстік-батысқа бұрылып және «Янго» ЖШС жер телімімен (кадастрлық № 05-068-068-105) араласып өтеді, әрі қарай солтүстік-шығыс бағытқа «Қазақстан темір жолы» ХК» АҚ жер телімімен (кадастрлық № 05-068-154-003) араласып өтеді.
2. Прапорщиково ауылының шекарасы (шегі) құрылыс салуға 12,7 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, өзгертілсін.
3. Осы қаулы мен шешім олардың бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое |
Сессия төрағасы А. Асанов |
|
Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы |
||
А. Брагинец |