Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Глубокое аудандық мәслихатының 2011.01.05 N 1 хаты).
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 109 бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасын, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 17 мамырдағы № 21/269-IV шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2531 болып тіркелген) басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 20/3-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-119 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 және 15 қаңтардағы № 2, 3 «Ақ бұлақ», 2010 жылғы 7 және 15 қаңтардағы № 2, 3 «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 қосымшада:
бюджет шығыстарының функционалдық классификациясында:
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында:
«261487» саны «258571» санымен ауыстырылсын;
1 «Мәдениет саласындағы қызмет» функционалдық кіші тобында:
«192838» саны «189922» санымен ауыстырылсын;
466 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала салу және құрылыс бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
«130726» саны «127810» санымен ауыстырылсын»;
011 «Мәдениет объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша:
«130726» саны «127810» санымен ауыстырылсын;
15 «Трансферттер» функционалдық тобында:
«73002,8» саны «75918,8» санымен ауыстырылсын;
1 «Трансферттер» функционалдық кіші тобында:
«73002,8» саны «75918,8» санымен ауыстырылсын;
452 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
«73002,8» саны «75918,8» санымен ауыстырылсын;
024 бюджеттік бағдарламамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«024 Төменгі деңгейдегі мемлекеттік органның функциясын жоғары тұрған мемлекеттік органға өткізуге байланысты нысаналы ағымдағы трансферттерді жоғары тұрған бюджетке 2916 мың теңге».
2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б. Сивко
Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы А. Брагинец