Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Темір жол көлігі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Орал–Таловая", "Орал-Шыңғырлау" темір жол қатынастары әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар болып айқындалсын.
2. Осы қаулы мен шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Сессия төрағасы
Б. Ізмұхамбетов Б. Мырзахметов
Облыстық мәслихат
хатшысы
М. Құлшар