Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 22.11.2011 № 244 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Жәнібек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 779 ұсынысына сәйкес, бруцеллез ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округтерде тұрғындарды бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жәнібек ауданының Тау ауылдық ауылдық округінің аумағында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болғанына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) және Тау ауылдық округінің әкімімен бірлесе отырып, санитарлық және арнайы мал дәрігерлік шараларын уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. А. Менеевке жүктелсін.
Аудан әкімі Р. Өтешев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Жәнібек аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________А. Х. Телағисов
05.01.2011 ж.