Қол қою парақтары мен азаматтардың қолдарын жинау нәтижелері жөніндегі қорытынды хаттамаларды сақтаудың тәртібі мен мерзімдері туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 14/19 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 қаңтарда № 6732 тіркелді

      «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының қорытынды хаттамалары мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында тұрақты сақтаулы болады.
      2. Республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен тілек білдіруші, республикалық референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының қол қою парақтары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында құпия ақпарат негізінде референдумның бастамашыл тобынан құжаттар алынған күннен бастап үш ай бойы сақталады, ал кейіннен осы қаулыға қосымшаға сай акт бойынша жойылады.
      Жою өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, еріту немесе химиялық ыдырату, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру арқылы жүргізіледі.
      3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы                                        Қ. Тұрғанқұлов

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы                                         Б. Мелдешов

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Байланыс және ақпарат министрі
      А.Қ. Жұмағалиев _____________
      2011 жылғы «__» _____________

Қазақстан Республикасы  
      Орталық сайлау комиссиясының
      2011 жылғы 13 қаңтардағы 
      № 14/19 қаулысына қосымша

АКТ 

Астана қ.                                 2011 жылғы _______________

Сақтауға жатпайтын құжаттарды
жою үшін бөліп шығару туралы

      «Қол қою парақтары мен азаматтардың қолдарын жинау нәтижелері жөніндегі қорытынды хаттамаларды сақтаудың тәртібі мен мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 қаңтар № 14/19 қаулысының негізінде ғылыми-тарихи құндылықтарының жоқтығына және белгіленген сақтау мерзімдерінің аяқталуына байланысты мынадай құжаттар жою үшін іріктеліп алынды:

Р/б №

Құжаттардың атауы

Құжаттардың саны (санмен және жазумен)

1



2




Құжаттар саны ______________________________ (санмен және жазумен), салмағы ______________________________ кг, ________________________
_____________ № _____ қабылдау-тапсыру жөнелтпе қағазы бойынша жою үшін тапсырылды.

___________________________________ ________ ______________________
(Құжатты тапсырған ұжым қызметкері   (қолы)     (тегі, аты-жөні)
       лауазымының атауы)

Құпия ақпарат негізінде сақтаулы құжаттарды жою кезінде ___________ қатысты.

____________________ __________ ___________________________________
      (лауазым)        (қолы)             (тегі, аты-жөні)

О порядке и сроках хранения подписных листов и итоговых протоколов по результатам сбора подписей граждан

Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 13 января 2011 года № 14/19. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 января 2011 года № 6732

      В соответствии с пунктом 3 статьи 16 Конституционного закона Республики Казахстан "О республиканском референдуме" Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Итоговые протоколы территориальных избирательных комиссий и итоговый протокол Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан о результатах проверки достоверности подписей граждан Республики Казахстан, имеющих право участвовать в республиканском референдуме, обратившихся с инициативой о назначении республиканского референдума, находятся на постоянном хранении в Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан.
      2. Подписные листы для сбора подписей граждан Республики Казахстан, имеющих право участвовать в республиканском референдуме, обращающихся с инициативой о назначении республиканского референдума, хранятся в Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан на правах конфиденциальной информации в течение трех месяцев со дня получения документов от инициативной группы референдума, а затем уничтожаются по акту согласно приложению к настоящему постановлению.
      Уничтожение производится путем сжигания, расплавления, измельчения на кусочки размером не более 2,5 кв. см., дробления, растворения или химического разложения, превращения в бесформенную массу или порошок.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на секретаря Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан Мельдешова Б.С.

      Председатель Центральной
      избирательной комиссии
      Республики Казахстан                       К. Турганкулов

      Секретарь Центральной
      избирательной комиссии
      Республики Казахстан                       Б. Мельдешов

      "Согласовано"

      Министр связи и информации
      Республики Казахстан
      Жумагалиев А.К.
      ____________________

Приложение к постановлению    
Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан       
от 13 января 2011 года № 14/19  

                                 АКТ

      г. Астана                                 ___________ 2011 года

О выделении к уничтожению
документов, не подлежащих хранению

      На основании постановления Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан от 13 января 2011 года № 14/19 "О порядке и
сроках хранения подписных листов и итоговых протоколов по результатам
сбора подписей граждан" отобраны к уничтожению как не имеющие
научно-исторической ценности и в связи истечением установленных
сроков хранения следующие документы:


п/п

Наименование документов

Количество документов
(цифрами и прописью)

1



2



      Документы в количестве ___________________ (цифрами и прописью)
весом кг сданы в _________________ кг сданы в _______________________
_____________________________________________________________________

на уничтожение по приемо-сдаточной накладной от _____________________
№ ________________
_____________________________________ ________ ______________________
(Наименование должности работника организации,  (подпись)      (инициалы, фамилия)
              сдавшего документы)

      Присутствовал _________ при уничтожении документов, хранившихся
на правах конфиденциальной информации
_______________________________ ____________ ________________________
              (должность)                  (подпись)           (инициалы, фамилия)