Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 56-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 наурызда № 6812 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 552 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 23.06.2016 № 552 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабы 25) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкесБҮЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы (С.Ғ. Бисақаев) осы бұйрықтың талаптарын орындау және оқып білуді ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                 Г. Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік  
қорғау министрінің    
2011 жылғы 16 ақпандағы № 56-ө
бұйрығымен бекітілген  

Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережесі

      1. Осы Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау мақсатында субъектілерді жоғары, орташа не шамалы тәуекел топтарына жатқызу үшін әзірленді және жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілерге қолданылмайды.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел - субъектінің қызметі нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына, қызметкердің мүліктік мүдделеріне зиян келтірудің, оның салдарының ауырлық дәрежесі ескерілген, ықтималдығы;
      2) субъект - қызметкер еңбек қатынасында болатын жеке немесе заңды тұлға.
      3. Субъектілерді тәуекел топтарына жатқызу кезінде тәуекел дәрежесін бағалаудың мынадай критерийлері:
      1) қызметкерлердің санына қарай - объективті критерийлер;
      2) қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына қарай - арнайы критерийлер ескеріледі.

2. Объективті критерийлерді ескере отырып субъектілерді жоғары,
орташа не шамалы тәуекел топтарына таратып бөлу

      4. Объективті критерийлер бойынша субъектілер үш топқа бөлінеді:
      қызметкерлерінің саны 250 адамнан артық субъектілер жоғары тәуекелге жатады - тексерулер жылына бір рет;
      қызметкерлерінің саны 50 адамнан артық, бірақ 250 адамнан аспайтын субъектілер орташа тәуекелге жатады - тексерулер 3 жылда бір рет;
      қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамға дейінгі субъектілер шамалы тәуекелге жатады - тексерулер 5 жылда бір рет.

3. Арнайы критерийлерді ескере отырып субъектілерді жоғары,
орташа не шамалы тәуекел топтарына таратып бөлу

      5. Объективті қатер факторлары бойынша тексеруден өткен субъектілер одан әрі арнайы тәуекел критерийлері ескерілген тексеру жоспарына енгізіледі.
      6. Арнайы критерийлерге:
      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылық тәуекелдері (1-қосымша);
      2) қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылық тәуекелдері (2-қосымша);
      3) шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзушылық тәуекелдері (3-қосымша) жатады.
      7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жолсыздықтар бойынша критерийлерді бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) 20 және жоғары балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі жылына бір рет болатын жоғары тәуекел тобына жатады;
      2) 10-нан 20-ға дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 3 жылда бір рет болатын орташа тәуекел тобына жатады;
      3) 10-ға дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 5 жылда бір рет болатын шамалы тәуекел тобына жатады.
      8. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылықтар бойынша критерийлерді бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) 15 және жоғары балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі жылына бір рет болатын жоғары тәуекел тобына жатады;
      2) 7-ден 15-ке дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 3 жылда бір рет болатын орташа тәуекел тобына жатады;
      3) 7-ге дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 5 жылда бір рет болатын шамалы тәуекел тобына жатады.
      9. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзушылық, критерийлерін бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) 15 және жоғары балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі жылына бір рет болатын жоғары тәуекел тобына жатады;
      2) 10-нан 15-ке дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 3 жылда бір peт болатын орташа тәуекел тобына жатады;
      3) 10-ға дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 5 жылда бір рет болатын шамалы тәуекел тобына жатады.
      10. Көрсетілген критерийлерді айқындау үшін тексеру жоспарланып отырған алдағы жылғы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.

4. Қорытынды ережелер

      11. Тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа субъектілерді тексеру кезеңділігі, жоспарлы тексерулердің базалық еселігімен белгіленгеннен гөрі едәуір сирек тексерілу мүмкіндігі болатын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарының санына тәуелді болады.
      Тексерулердің нәтижесінде бұзушылықтар анықталған және анағұрлым жоғары балл алған жағдайда, орташа немесе темен тәуекел дәрежесіндегі субъектілер тиісінше жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесіне ауыстырылатын болады.
      12. Арнайы критерийлер топтары бойынша тексерулерді айқындау принциптері:
      1) тәуекелдің бір тобы бойынша ғана балл жинаған кезде тақырыптық, яғни осы тәуекел тобына қатысты мәселелер бойынша тексерулер жүргізіледі;
      2) екі және одан көп топтар бойынша балл жинаған кезде бақылаудың барлық мәселелері бойынша тексерулер кешенді жүргізіледі.
      13. Тәуекел дәрежесінің бір деңгейі шеңберінде тексерулер жүргізу үшін субъектілерді іріктеу принциптері:
      1) берілген (алған) баллдардың едәуір сомасы бойынша;
      2) берілген баллдар тең болған жағдайда, тексеру үшін субъектілерді іріктеу оның өнімді немесе өнімсіз объектілерге тиістілігіне қарай жүзеге асырылады;
      3) жоғарыда көрсетілген белгілер бойынша көрсеткіштер тең болған жағдайда, едәуір тексерілмеген кезеңі бар субъектілер тексеру жоспарына енгізіледі.

Тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне   
1-қосымша      

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
бұзушылық тәуекелдері

Тәуекелдердің тобы

Тәуекелдерді бағалау критерийлері

Балл

Негіздеме

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылық тәуекелдері

Кісі өлімімен аяқталған топтық өндірістегі жазатайым оқиға (2 және одан көп адам)

20

Н-1 нысаны актісі
Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі

Топтық өндірістегі жазатайым оқиға

10

Кісі өлімімен аяқталған өндірістегі жазатайым оқиға (бір дерек үшін)

15

Ауыр аяқталған өндірістегі оқиғалар (бір дерек үшін)

10

Кәсіптік аурулар (бір дерек үшін)

5

Жеңіл, орташа аяқталған өндірістегі жазатайым оқиғалар (бір дерек үшін)

3

Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізбеу

10

Мемлекеттік еңбек инспекторының тексеру актісі, ұйғарымы

Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамау

7

Еңбекті қорғау қызметін құрмау

6

Қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу

6

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу

5

Қызметкерлерді үйретпеу, нұсқау бермеу және білімдерін тексермеу

8

Міндетті және кезеңдік медициналық тексерулер жүргізбеу

3

Өндірістік кәсіпорынның басшысы қызметкерлерімен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың үш жылда кемінде бір рет еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері жөнінде мерзімдік оқудан және білімін тексеруден өтпеуі

5

Жұмыс берушінің көрсетілген мерзімде

5

жазатайым оқиғалар туралы актіні бермеуі (жәбірленушіге немесе оның сенімді төрағасына, жұмыс берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, мемлекеттік еңбек инспекциясына, ал улану жағдайында халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға



Қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам және сүт беру нормативтерінің сақталмауы

2


Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға туралы көрсетілген мерзімде мемлекеттік еңбек инспекциясына хабарламауы

5


Тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне   
2-қосымша     

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылық тәуекелдері

Тәуекелдердің тобы

Тәуекелдерді бағалау критерийлері

Балл

Негіздеме

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылық тәуекелдері

Жалақыны уақытында төлемеу

10

Мемлекеттік еңбек инспекторының тексеру актісі, ұйғарымы

Ұжымдық шарт жасаудан жалтару және негізсіз бас тарту

6

Еңбек шартын жасамау

5

Еңбек шартын жасауда шектеулерді сақтамау

4

Демалыстар бермеу

4

Үстеме жұмыстарға заңсыз тарту

3

Қызметкердің өмірімен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу сомасын төлемеу немесе уақытында төлемеу

5

Қызметкерге тиесілі сомалар мен өтемақыларды сомасын төлемеу немесе уақытында төлемеу

5

Ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысынан заңсыз шақырып алу

4

Заңнамада белгіленген мерзімде жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органға мынадай ақпаратты бермеу:

3

1) заңды тұлғаның таратылуына не жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, олардың саны және санаты туралы;

2) Ұйымда өндірістің өзгеруіне, сонымен қатар қайта ұйымдастырудың және қызметкердің жұмыс көлемінің қысқаруына орай, қызметкерлердің толық емес жұмыс күніне өтуіне байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыс жағдайының өзгеруі туралы;
3) бос жұмыс орындары туралы (бос лауазымдар туралы)
4) азаматтарды жұмысқа қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы (жолдамаға тиісті белгі қоя отырып, себебін көрсету)

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген тәртіптік жаза қолдану

2

Тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне   
3-қосымша     

Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзушылық тәуекелдері

Тәуекелдер тобы

Тәуекелдерді бағалау критерийлері

Балл

Негіздеме

Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзу тәуекелдері

Тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін пайдалану

10

Мемлекеттік еңбек инспекторының тексеру актісі, ұйғарымы

Рұқсаттың негізгі шарттарын орындамау

5

Об утверждении Критериев оценки степени рисков

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 16 февраля 2011 года № 56-ө. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 марта 2011 года № 6812. Утратил силу приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 23 июня 2016 года № 552

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения и социального развития РК от 23.06.2016 № 552.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 5.

      В соответствии с подпунктом 25) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан, пунктом 3 статьи 13 Закона Республики Казахстан "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан" и подпунктом 9) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О занятости населения", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Критерии оценки степени рисков.
      2. Департаменту труда и социального партнерства Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (Сарбасов А.А.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего приказа на официальном сайте Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
      3. Председателю Комитета по контролю и социальной защите Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (Бисакаев С.Г.) организовать изучение и выполнение требований настоящего приказа.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Вице-Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Нурымбетова Б.Б.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Г. Абдыкаликова

Утверждены приказом       
Министра труда и социальной защиты
населения Республики Казахстан 
от 16 февраля 2011 года № 56-ө 

Критерии оценки степени риска

1. Общие положения

      1. Настоящие Критерии оценки степени риска (далее - Критерии) разработаны во исполнение Трудового кодекса Республики Казахстан, Законов Республики Казахстан "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан" и "О занятости населения" для отнесения субъектов к группам высокого, среднего либо незначительного риска и не распространяется к субъектам в сфере частного предпринимательства.
      2. В настоящих Критериях использованы следующие понятия:
      1) риск - вероятность причинения вреда в результате деятельности субъекта жизни или здоровью человека, имущественным интересам работника с учетом степени тяжести его последствий;
      2) субъект - физическое или юридическое лицо, с которым работник состоит в трудовых отношениях.
      3. При отнесении субъектов к группам рисков учитываются следующие критерии оценки степени риска:
      1) объективные критерии – в зависимости от количества работников;
      2) специальные критерии – в зависимости от соблюдения трудовых прав работников.

2. Распределение субъектов к группам высокого, среднего и
незначительного риска с учетом объективных критериев

      4. По объективным критериям субъекты распределяются на три группы:
      к высокому риску относятся субъекты с численностью работников свыше 250 человек, проверки – один раз в год;
      к среднему риску относятся субъекты с численностью работников свыше 50 человек, но не более 250 человек, проверки – один раз в 3 года;
      к незначительному риску относятся субъекты со среднегодовой численностью работников до 50 человек, проверки – один раз в 5 лет.

3. Распределение субъектов высокого, среднего и незначительного
риска с учетом специальных критериев

      5. Субъекты, прошедшие проверку по объективным факторам риска, в дальнейшем включаются в план проверок с учетом специальных критериев риска.
      6. К специальным критериям относятся:
      1) риски нарушения в области безопасности и охраны труда (приложение 1);
      2) риски нарушения трудовых прав работников (приложение 2);
      3) риски нарушения порядка привлечения иностранной рабочей силы (приложение 3).
      7. Оценка критерия по нарушениям в области безопасности и охраны труда осуществляется в следующем порядке:
      1) к группе высокого риска, с кратностью плановых проверок один раз в год относятся субъекты, получившие 20 баллов и выше;
      2) к группе среднего риска, с кратностью плановых проверок один раз в 3 года относятся субъекты, получившие от 10 до 20 баллов;
      3) к группе незначительного риска, с кратностью плановых проверок один раз в 5 лет относятся субъекты, получившие до 10 баллов.
      8. Оценка критерия по нарушениям трудовых прав работников осуществляется в следующем порядке:
      1) к группе высокого риска с кратностью плановых проверок один раз в год относятся субъекты, получившие 15 баллов и выше;
      2) к группе среднего риска с кратностью плановых проверок один раз в 3 года относятся субъекты, получившие от 7 до 15 баллов;
      3) к группе незначительного риска с кратностью плановых проверок один раз в 5 лет относятся субъекты, получившие до 7 баллов.
      9. Оценки критериев нарушения порядка привлечения иностранной рабочей силы осуществляется в следующем порядке:
      1) к группе высокого риска с кратностью плановых проверок один раз в год относятся субъекты, получившие 15 баллов и выше;
      2) к группе среднего риска с кратностью плановых проверок один раз в 3 года относятся субъекты, получившие от 10 до 15 баллов;
      3) к группе незначительного риска с кратностью плановых проверок один раз в 5 лет относятся субъекты, получившие до 10 баллов.
      10. Учетным периодом для определения указанных критериев является календарный год, предшествующий году, на который планируются проверки.

4. Заключительные положения

      11. Периодичность проверок субъектов высокой или средней степени риска будет зависеть от количества выявленных нарушений требований трудового законодательства Республики Казахстан с получением возможности быть проверенным значительно реже, чем это установлено базовой кратностью плановых проверок.
      В случае выявления в результате проверок нарушений и получения более высоких баллов, субъекты средней или незначительной степени риска будут переведены соответственно в высокую или среднюю степень риска.
      12. Принципы определения проверок по группам специальных критериев:
      1) при наборе баллов только по одной группе риска проверка проводится тематически, то есть только по вопросам, касающихся данной группы риска;
      2) при наборе баллов по двум и более группам рисков проверка проводится комплексно по всем вопросам контроля.
      13. Принципы отбора субъектов для проведения проверок в рамках одного уровня степени риска:
      1) по наибольшей сумме присвоенных (полученных) баллов;
      2) в случае равенства присвоенных баллов, отбор субъекта для проверки осуществляется в зависимости от принадлежности его к производственным или непроизводственным объектам;
      3) в случае равенства показателей по вышеуказанным признакам, в план проверок включается субъект, имеющий наибольший не проверенный период.

Приложение 1             
к Критериям оценки степени риска  

     Риски нарушения в области безопасности и охраны труда

Группа
рисков

Критерии оценки рисков

Балл

Основание

Риски
нарушения
в области
безопас-
ности и
охраны
труда

Групповой несчастный случай на
производстве со смертельным исходом
(от 2 чел. и более)

20

Акт
формы
Н-1

Акт
специального
расследования
несчастного
случая

Групповой несчастный случай на
производстве

10

Несчастный случай на производстве со
смертельным исходом (за один факт)

15

Несчастный случай на производстве с
тяжелым исходом (за один факт)

10

Профессиональные заболевания (за один
факт)

5

Несчастный случай на производстве с
легким, средним исходом (за один факт)

3

Не проведение аттестации
производственных объектов по условиям
труда

10

Акт
проверки,
предписание
государствен-
ного
инспектора
труда

Не заключение договора обязательного
страхования ответственности
работодателя

7

Не создание службы охраны труда

6

Не обеспечение работников средствами
индивидуальной защиты

6

Не обеспечение расследования
несчастных случаев на производстве

5

Не проведение обучения,
инструктирования и проверки знания
работников

8

Не проведение обязательных и
периодических медицинских осмотров

3

Не прохождение периодического, не реже
одного раза в три года обучения и
проверки знаний по вопросам
безопасности и охраны труда
руководящими работниками и лицами
производственных организаций,
ответственных за обеспечение
безопасности и охраны труда,
периодически.

5

Невыдача работодателем в установленный
срок акта о несчастном случае
(пострадавшему или его доверенному
лицу, страховой организации, имеющей
соответствующие договорные отношения с
работодателем, государственной
инспекции труда, а в случае отравления
государственному органу в области
санитарно-эпидемиологического
благополучия населения).

5

Несоблюдение нормативов по выдаче
работникам молока и
лечебно-профилактического питания.

2

Несообщение работодателем в
установленный срок в государственную
инспекцию труда о несчастном случае на
производстве.

5

Приложение 2             
к Критериям оценки степени риска  

           Риски нарушения трудовых прав работников

Группа
рисков

Критерии оценки рисков

Балл

Основание

Риски
нарушения
трудовых
прав
работников

Несвоевременная выплата заработной
платы

10

Акт
проверки,
предписание
государствен-
ного
инспектора
труда

Уклонение и необоснованный отказ
от заключения коллективного
договора

6

Не заключение трудового договора

5

Не представление отпусков

4

Несоблюдение ограничений
заключения трудового договора

4

Незаконное привлечение к
сверхурочным работам

3

Невыплата или несвоевременная
выплата сумм возмещения вреда
причиненного жизни и здоровью
работника

5

Невыплата или несвоевременная
выплата работнику причитающихся
сумм и компенсационных выплат

5

Незаконный отзыв из оплачиваемого
ежегодного трудового отпуска

4

Не предоставление в установленные
законодательством сроки
уполномоченному органу по вопросам
занятости информации:
1) о предстоящем высвобождении
работников в связи с ликвидацией
работодателя - юридического лица
либо прекращением деятельности
работодателя - физического лица,
сокращением численности или штата,
количестве и категориях
работников;
2) о предстоящем изменении условий
труда в части перехода работников
на режим неполного рабочего
времени в связи с изменением в
организации производства, в том
числе при реорганизации, и (или)
сокращением объема работ у
работодателя;
3) о наличии свободных рабочих
мест (вакантных должностей);
4) о приеме на работу или об
отказе в приеме на работу граждан
(с указанием причины путем
соответствующей отметки в
направлении)

3

Применение не предусмотренных
Трудовым кодексом Республики
Казахстан и иными законами
Республики Казахстан
дисциплинарных взысканий

2

Приложение 3             
к Критериям оценки степени риска  

  Риски нарушения порядка привлечения иностранной рабочей силы

Группа
рисков

Критерии оценки рисков

Балл

Основание

Риски
нарушения
порядка
привлечения
иностранной
рабочей силы

Использование иностранной рабочей
силы без соответствующего
разрешения

10

Акт
проверки,
предписание
государствен-
ного
инспектора
труда

Невыполнение особых условий
разрешения

5