Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 88 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 наурызда № 6828 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-11 Заңы 13-бабының 15) тармақшасына, "Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімді қолдану бойынша Қазақстан Республикасының құзыретті органын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 651 қаулысына сәйкес және қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ә Құсайынов


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 88 бұйрығымен бекітілді

Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, "Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімді қолдану бойынша Қазақстан Республикасының құзырлы органын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 651 қаулысына сәйкес әзірленді және қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастар алдында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.

      Ескерту. Қағида 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қағидалар қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлауға қатысты жеке және заңды тұлғалар қызметіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді және олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан орындау үшін міндетті болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Халықаралық талаптарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарының жүргізушілері құзыретті орган бекіткен курстар түрінде арнайы даярлықтан өтеді және жүргізушіге қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат беру туралы белгіленген үлгідегі куәлік (бұдан әрі - куәлік) алады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Куәлікті алу үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген көлік құралдарының жүргізушілері Қазақстан Республикасының аумағы немесе халықаралық жол қатынастары бойынша қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілері арнайы даярлық немесе қайта даярлық базалық курсынан (бұдан әрі - Базалық курс) өтеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Бекітілген немесе алмалы-салмалы, сыйымдылығы 1 м3 астам цистерналармен, жалпы сыйымдылығы 1 м3 астам батареялармен, контейнер-цистерналармен, тасымал цистерналармен немесе бір көлік бірлігінде жеке сыйымдылығы 3 м3 астам көпэлементті газ контейнерлері мен қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілері қауіпті жүктерді цистерналармен тасымалдау бойынша мамандандырылған қосымша базалық курстардан өтеді.

      6. Көлік құралдарының ең жоғары рұқсат етілген салмағына қарамастан, ҚЖХКТ бойынша 1 класты заттарды немесе бұйымдарды (жарылатын заттар мен бұйымдар) немесе ҚЖХКТ бойынша 7 класты радиоактивті материалдарды тасымалдау үшін жүргізушілер базалық курстарға қосымша тиісті мамандандырылған даярлық курстарынан өтеді.

      7. Қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат етілген жүргізушілерді арнайы қайта даярлау, тиісті емтихандардан өткізу кемінде бес жылда 1 рет жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.05.2021 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жүргізушілерді Базалық курс бағдарламалары бойынша даярлау (қайта даярлау) және жүргізушілерді мамандандырылған курстар бағдарламалары бойынша даярлау (қайта даярлау) кешенді негізде жүргізілетін барлығын қамтитын курстар ауқымында, белгілі бір мерзімдерде және белгілі бір оқыту ұйымдарында жүргізілуі мүмкін.

2-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Министрлік, қаржылық және шаруашылық қызметіне қатыспастан, ҚЖХКТ талаптарына сәйкес тиісті оқу курстары жүргізушілерді сапалы дайындауға, емтихан қабылдауы мен оқуына үнемі бақылауды жүзеге асырады.

      16. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Әрбір бастапқы курстың немесе бәрін қамтитын курстың теориялық бөлігінің ең төменгі ұзақтығы:

      1) базалық курс бойынша - 18 сабақ;

      2) цистерналарда тасымалдау бойынша мамандандырылған курста – 12 сабақ;

      3) 1 класты заттар мен бұйымдар (жарылғыш заттар мен бұйымдар) тасымалдау бойынша мамандандырылған курстарда - 8 сабақ;

      4) радиоактивтік материалдарды (7 класс) тасымалдау бойынша мамандандырылған курстарда – 8 сабақ болуы тиіс.

      19. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген бәрін қамтитын курстардың жалпы ұзақтығы Базалық курстың және цистерналармен тасымалдау бойынша мамандандырылған курстың ұзақтығын өзгертпеуі тиіс, алайда оларды 1 және 7 кластар бойынша қысқартылған мамандандырылған курстармен толықтыруға болады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Бір сабақтың ұзақтығы 45 минуттан кем болмауы тиіс. Күн сайын 8 сағатқа дейін сабақ өткізуге рұқсат етіледі.

      21. Жеке практикалық сабақтар теориялық даярлыққа қосымша өткізілуі және кем дегенде әртүрлі жүктер үшін қауіптілік белгілері мен маркалануы, алғашқы көмек көрсету, өрт сөндіру және оқиға немесе авария болған жағдайда қабылданатын шаралар тақырыптарын қамтуы тиіс.

      22. Оқу курстары аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға өтілген тақырыптардың қысқаша мазмұны және авариялық жағдайлардағы қауіпсіздік, дәрігер келгенге дейінгі көмек жөніндегі нұсқауларды қамтитын материалдар таратылып берілуі тиіс.

      23. Курстар тыңдаушыларының білім деңгейін және практикалық дағдыларын анықтау мақсатында тиісті оқу курстарында оқыту аяқталғаннан кейін емтихандар өткізіледі.

      24. Мамандандырылған курстар бойынша емтихандарға Базалық курс бойынша емтихандарды тапсырғаннан кейін рұқсат алады.

      25. Емтихандар комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық органы өкілінің комиссия құрамына міндетті түрде қатысуымен тиісті оқу курсының оқытушыларынан құрылған емтихан комиссиясымен қабылданады.

      Емтихан комиссиясы тақ санынан тұрады (үш адамнан кем емес).

      26. Емтихандар тиісті курстарда өткізілген тақырыптар бойынша емтихан комиссиясының емтихандық сұрақтарының жалпы тізілімінен іріктелген емтихан сұрақтарынан өткізіледі.

      Емтиханға дейін курс тыңдаушыларын емтихан билеттерінің сұрақ мазмұнымен таныстырмайды.

      27. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жалпылай қамтитын курстарда бірыңғай емтихан өткізілуі мүмкін.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Министрліктің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы әрбір оқу курсы бойынша өткізілетін емтихандардың мерзімдері мен өткізілетін орнын 5 күннен кем емес уақытта алдын-ала хабарлайды.

      29. Емтихандар не жазбаша емтихан, немесе жазбаша және ауызша біріктірілген емтихан түрінде немесе тестілеу жүргізіледі.

      30. Базалық курс бойынша емтихан өткізу кезінде курстардың тыңдаушыларына 25 сұрақ беріледі.

      31. Мамандандырылған курстар бойынша емтихандар кезінде курстардың тыңдаушыларына әр курс бойынша 15 сұрақтан беріледі.

      32. Емтихандардың нәтижелері емтихан комиссиясының хаттамасымен рәсімделеді, оның негізінде емтихандарды ойдағыдай тапсырған курс тыңдаушыларына (емтихандар сұрақтарына жауаптардың дұрыстығы 75%-дан жоғары) оқу орталықтары тиісті оқу курстарында оқытудан ойдағыдай өткені туралы емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған анықтама береді.

3-тарау. Қортынды ережелер

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Тиісті оқу курстарында оқуды сәтті аяқтаған жағдайда тыңдаушыларға пластиктен жасалған ISO 7810:2003 ID-1 стандарты бойынша мөлшері бар карта нысанындағы куәліктер беріледі. Түсі ақ, қарпі қара. Куәлікке қосымша қорғаныс элементі қолданылады, мысалы, голограмма, ультракүлгін сәуледе ғана көрінетін суретті басып шығару немесе гильошир үлгісі.

      Өздеріне қатысты берілген куәлік шын мәнінде берілген қауіптілік сыныптарын айқындау бағандарындағы белгілер оқыту жүргізілген сыныптарды көрсету арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.05.2021 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Куәліктің қолданылу мерзімі-бес жыл.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Куәлікті қайта шығару куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл ішінде өткен тиісті оқу курстары бойынша емтихандарды табысты тапсыру (емтихан сұрақтарына жауаптардың 70% және одан да көп дұрыстығы кезінде) негізінде жүргізіледі.

      Бұл ретте тыңдаушы жарамдылық мерзімі алдыңғы куәліктің жарамдылық мерзімі өткен күннен басталатын тиісті куәліктер береді.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.05.2021 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Куәлік жоғалған, бүлінген кезде, оқу курстары арыз берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарғы оң бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар куәліктің телнұсқасын беруді жүргізеді.

      Жоғалған, бүлінген жазбаша өтініш берген күннен бастап куәліктер (тиісті оқу курстарынан оқудан өткені туралы анықтама қосымшасында болса) жарамсыз деп саналады.

Об утверждении Правил организации курсов специальной подготовки водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 24 февраля 2011 года № 88. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 18 марта 2011 года № 6828.

      Сноска. В заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", постановления Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2002 года № 651 "О назначении компетентного органа Республики Казахстан по применению Европейского соглашения о международной дорожной перевозке опасных грузов" и в целях установления единых требований к организации курсов специальной подготовки водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов, ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации курсов специальной подготовки водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов.

      Сноска. В пункт 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Барменкулов А.Н.) обеспечить представление настоящего приказа для государственной регистрации в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Дюсембаева Е.С.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Кусаинов


  Утверждены
приказом Министра
транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан
от 24 февраля 2011 года № 88

Правила организации курсов специальной подготовки
водителей автотранспортных средств, осуществляющих
перевозки опасных грузов

      Сноска. В заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила организации курсов специальной подготовки водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2002 года № 651 "О назначении компетентного органа Республики Казахстан по применению Европейского соглашения о международной дорожной перевозке опасных грузов" и определяют порядок организации курсов специальной подготовки водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1-1. Индивидуальный предприниматель или юридическое лицо перед началом осуществления деятельности по специальной подготовке водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов в международном и внутриреспубликанском сообщениях, направляют уведомление установленной формы в местный исполнительный орган в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях".

      Сноска. Правила дополнены пунктом 1-1 в соответствии с приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.01.2023 № 64 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Правила определяют требования к деятельности физических и юридических лиц, касающиеся специальной подготовки водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов, и являются обязательными для исполнения независимо от их организационно-правовых форм и форм собственности.

      Сноска. В пункт 2 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Водители автотранспортных средств, перевозящие опасные грузы в соответствии с международными требованиями и законодательством Республики Казахстан, проходят специальную подготовку в виде курсов, утвержденных компетентным органом и получают Свидетельство о допуске водителя к перевозке опасного груза (далее - свидетельство) установленного образца.

      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Для получения свидетельства водители транспортных средств, указанные в пункте 3 настоящих Правил, проходят базовый курс, специальной подготовки или переподготовки водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов по территории Республики Казахстан или в международном сообщении (далее - Базовый курс).

      Сноска. Пункт 4 в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Водители автотранспортных средств, осуществляющие перевозки опасных грузов во встроенных или съемных цистернах вместимостью более 1 м3, батареях общей вместимостью более 1 м3, в контейнерах-цистернах, переносных цистернах или многоэлементных газовых контейнерах индивидуальной вместимостью более 3 м3 на одной транспортной единице, дополнительно, к Базовым курсам проходят специализированный курс подготовки по перевозке опасных грузов в цистернах.

      6. Независимо от максимального разрешенного веса транспортного средства, согласно требованиям Европейского соглашения о международной дорожной перевозке опасных грузов (далее - ДОПОГ), для перевозки веществ или изделий класса 1 (взрывчатые вещества и изделия) или некоторых из радиоактивных материалов класса 7, водители дополнительно к Базовым курсам проходят соответствующие специализированные курсы подготовки.

      7. Специальная подготовка водителей, имеющих допуск к перевозке опасных грузов, со сдачей соответствующих экзаменов, проводится не менее одного раза в пять лет.

      Сноска. Пункт 7 – в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 24.05.2021 № 255 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Подготовка водителей по программам Базового курса и специализированных курсов могут осуществляться в рамках всеобъемлющих курсов, проводимых на комплексной основе, в одни и те же сроки и одной и той же обучающей организацией.

Глава 2. Порядок организации курсов специальной подготовки водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      9. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      10. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      11. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      12. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      13. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      14. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Министерство осуществляет постоянный контроль за обучением и приемом экзаменов, на соответствие качества подготовки водителей, согласно требования ДОПОГ к соответствующим учебным курсам, не затрагивая при этом финансовую и хозяйственную деятельность.

      16. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      17. Исключен приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Минимальная продолжительность теоретической части каждого начального курса или всеобъемлющего курса должна составлять:

      1) по базовому курсу - 18 занятий;

      2) по специализированному курсу по перевозке в цистернах - 12 занятий;

      3) по специализированному курсу по перевозке веществ и изделий класса 1 (взрывчатые вещества и изделия) - 8 занятий;

      4) по специализированному курсу по перевозке радиоактивных материалов (класс 7) - 8 занятий.

      19. Общая продолжительность всеобъемлющих курсов, указанных в пункте 8 настоящих Правил, не должно изменять продолжительность Базового курса и специализированного курса по перевозке в цистернах, но может дополнять их укороченными специализированными курсами по классам 1 и 7.

      Сноска. В пункт 19 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      20. Продолжительность одного занятия составляет сорок пять минут. Ежедневно разрешается проводить до восьми часов занятий.

      21. Индивидуальные практические занятия проводятся в дополнение к теоретической подготовке и охватывают, по меньшей мере, темы по маркировке и знакам опасности для различных грузов, оказанию первой помощи, тушению пожара и мерам, принимаемым в случае происшествия или аварии.

      22. По окончании учебных курсов слушателям выдаются раздаточные материалы, включающие в себя краткое изложение пройденных тем и инструкции по безопасности при аварийных ситуациях и оказанию доврачебной помощи.

      23. С целью определения уровня знаний и практических навыков слушателей курсов, после завершения обучения на соответствующих учебных курсах, проводятся экзамены.

      24. Допуск к экзаменам по специализированным курсам слушатель курсов получает только при сдаче экзаменов по Базовому курсу.

      25. Экзамены принимаются экзаменационной комиссией, состоящей из преподавателей соответствующего учебного курса с обязательным участием в составе комиссии представителя территориального органа Министерства.

      Экзаменационная комиссия состоит из нечетного количества (не менее трех человек).

      26. Экзамены проводятся по экзаменационным вопросам, выбранным из общего перечня экзаменационных вопросов экзаменационной комиссией по темам пройденным на соответствующих курсах.

      До экзамена слушателей курсов не знакомят с содержанием вопросов экзаменационного билета.

      27. По всеобъемлющим курсам, указанным в пункте 8 настоящих Правил, проводится единый экзамен.

      Сноска. В пункт 27 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      28. Территориальные органы Министерства не позднее чем за пять рабочих дней, извещаются о сроках и месте проведения предстоящих экзаменов по каждому учебному курсу.

      29. Экзамены проводятся либо в форме письменного экзамена, либо в форме комбинированного письменного и устного экзамена или тестирования.

      30. При проведении экзаменов по Базовому курсу, слушателям курсов задается 25 вопросов.

      31. При проведении экзаменов по специализированным курсам слушателям курсов задается 15 вопросов по каждому курсу.

      32. Результаты экзаменов оформляются протоколом экзаменационной комиссии, на основании которого слушателям курсов, успешно сдавшим экзамены (при 75 % и более правильности ответов на экзаменационные вопросы), учебные центры выдают справку об успешном прохождении обучения на соответствующих учебных курсах, подписываемую председателем экзаменационной комиссии.

Глава 3. Заключительное положение

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      33. При успешном завершении обучения на соответствующих учебных курсах слушателям выдаются свидетельства в форме карты с размером по стандарту ISO 7810:2003 ID-1, изготовленные из пластика. Цвет белый, шрифт – черный. На свидетельство наносится дополнительный элемент защиты, такой как голограмма, печать изображения, видимого только при ультрафиолетовом освещении, или гильоширный рисунок.

      Отметки в графах определения классов опасности, в отношении которых действительно выданное свидетельство, производятся путем указания тех классов, по которым было произведено обучение.

      Сноска. Пункт 33– в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 24.05.2021 № 255 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      34. Срок действия свидетельства – пять лет.

      Сноска. Пункт 34 в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 540 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      35. Перевыпуск свидетельства проводится на основании успешной сдачи экзаменов (при 70 % и более правильности ответов на экзаменационные вопросы) по соответствующим учебным курсам, пройденным в течение года до истечения срока действия свидетельства.

      При этом слушателем выдаются соответствующие свидетельства, срок действительности которых начинается с даты истечения срока действительности предыдущего свидетельства.

      Сноска. Пункт 35– в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 24.05.2021 № 255 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      36. В случае утери, порче свидетельства учебные курсы в течение десяти рабочих дней со дня подачи письменного обращения производят выдачу заявителю дубликата свидетельства с надписью "Дубликат" в правом верхнем углу.

      Утерянные, испорченные свидетельства считаются недействительными со дня подачи письменного обращения (с приложением справки о прохождении обучения на соответствующих учебных курсах).