Қолданушылардың назарына!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Банк конгломераттарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4148 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацында:
«;» деген тыныс белгісі «.» деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерінің есептеуіне банк конгломератының бас ұйымы және инвестициялар банк конгломераты қатысушыларының меншікті қаражаты есебінен берілген банк конгломератының қатысушылары туралы мәліметтер енгізіледі;».
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2010 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға таралады.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» және «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шаралаын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова