«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 9 маусымдағы N 241 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 маусымдағы N 7004 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (№ 5750 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 190 (1613), 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 10 (1632), «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары деген бөлімде:
      «1. Жалпы ережелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы кіріспемен толықтырылсын:
      «Осы Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастыру-құқық нысанына қарамастан олардың қолдануы үшін міндетті.»;
      «Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының үлгілік сипаттамасы» деген 2-бөлімде:
      «Жоғары оқу орнының (ЖОО) басшысы (ректор)» деген кіші бөлімде:
      оныншы және он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын,  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Ғылым туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы»«Мемлекеттік сатып алу туралы»«Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау саласындағы әдістемелік материалдарды, жоғары оқу орны саласының техникалық және ғылыми дамуының болашағын, жоғары оқу орнының кадрлық ресурстарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (қосымша білім беру) саласындағы шетелдік білім беру мекемелерінің ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін, еңбек заңнамаларын, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында және/немесе білімді басқару органдарында басшылық қызметтегі еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс.»;
      «Жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор)» деген кіші бөлімде:
      сегізінші және тоғызыншы бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын,  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Ғылым туралы" «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы»«Мемлекеттік сатып алу туралы»«Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау саласындағы әдістемелік материалдарды, жоғары оқу орны саласының техникалық және ғылыми дамуының болашағын, жоғары оқу орнының кадрлық ресурстарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (қосымша білім беру) саласындағы шетелдік білім беру мекемелерінің ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін, еңбек заңнамаларын, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, халықаралық, инновациялық, стратегиялық жұмысты жетекшілік ететін орынбасар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшылық қызметтегі еңбек өтілі болуы тиіс;
      Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәреже немесе магистр академиялық дәрежесі, тәрбие жұмысы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы тиіс;
      әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жетекшілік ететін мәселелері бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы оныншы бөліммен толықтырылсын:
      «Білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы.»;
      «Факультет деканы» деген бөлімшенің отыз екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс.»;
      «Кафедра меңгерушісі» деген бөлімшенің он тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, педагогикалық немесе басшы қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.»;
      «Профессор» деген бөлімшенің он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «профессор» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.»;
      «Доцент» деген бөлімшенің он жетінші кіші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, (магистр академиялық) дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.»;
      «Аға оқытушы» деген бөлімшенің он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде аға оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы тиіс.»;
      «Оқытушы» деген кіші бөлімінің оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы тиіс.»;
      «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» деген 3-бөлімде:
      «Басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары» деген бөлімшенің тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, білім беру ұйымдарындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдардағы басшы қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.»;
      «Жалпы білім беретін пәндердің оқытушысы» деген бөлімшенің бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап береді, пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей біледі, белсенді оқыту нысаны мен әдісін қолдана біледі, білім алушылармен диагностикалық жұмысты ұйымдастыра біледі; оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етеді, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестіктер, білім беру мекемесінің шеңберінде үздік тәжірибесі бар мектептердің жұмысына белсенді қатысады.»;
      мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші бөлімдермен толықтырылсын:
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушылық лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты оқытушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап береді, пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей біледі, шығармашылық семинарларды, шығармашылық топтардың жұмысын басқара біледі, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені қолдана біледі, жаңа білім беру бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелерді енгізу жөніндегі жұмыстарға белсене қатысады.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушылық лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл немесе бейіні бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап береді, жаңа оқу бағдарламаларын, педагогикалық технологияларды, оқыту, тәрбиелеу әдісін әзірлей біледі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізеді; өз пәні бойынша эксперименттік тапсырмаларды құрай біледі, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша авторлық әзірлемелері болады, білім саласындағы өзекті проблемаларды әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарды басқара біледі.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы, немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл болуы немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды.»;
      «Арнайы пәндер оқытушысы» деген бөлімшенің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушыға қойылатын талаптарға жауап береді, өз бетінше пәнді оқыту әдістемесін әзірлей біледі, белсенді оқытудың нысандары мен әдістерін пайдаланады, білім алушылармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра біледі; оқу-тәрбие жұмыстарындағы тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етеді, білім беру мекемесі шеңберінде шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектебінің жұмыстарына белсене қатысады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөлімдермен толықтырылсын:
      «Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушыға қойылатын талаптарға жауап береді, пән бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды талдау әдістемесін меңгереді, оқытудың жеке бағдарламасын құрастырады және іске асырады, шығармашылық семинарларды, шығармашылық топтардың жұмысын басқара біледі, өзінің жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдаланады, жаңа білім беру бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын енгізу жұмыстарына қатысады.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушыға қойылатын талаптарға жауап береді, жаңа оқу бағдарламаларын, педагогикалық технологияларды, оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін әзірлейді; оларды апробациялау жұмыстарын жүргізеді; өзінің пәнінен эксперименттік тапсырмаларды құрастырады, оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша авторлық әзірлемелері болады, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарға жетекшілік жасай біледі.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 5 жыл болуы; немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл болуы немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесі болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды»;
      «Өндірістік оқыту шебері» деген бөлімшенің алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөлімдермен толықтырылсын:
      «Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ өндірістік оқыту шеберіне қойылатын талаптарға жауап береді, білім алушыларға берілетін кәсіптік біліктіліктің деңгейіне қарағанда едәуір жоғары деңгейдегі біліктілігі бар екенін растайды, оқу-өндірістік процесті кешенді әдістемелік қамтамасыз ету міндеттерін белсенді түрде шеше біледі.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 2 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты өндірістік оқыту шеберіне қойылатын талаптарға жауап береді, әдістемелік комиссиялардың, секциялардың жұмысына тікелей қатысады.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты өндірістік оқыту шеберіне қойылатын талаптарға жауап береді, кәсіптік оқудың жеке әдістемелерін әзірлей біледі, апробациялау жұмыстарын жүргізеді; озық тәжірибені жинақтайды, жаңа оқыту бағдарламалары мен технологияларын енгізуге қатысады.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және аталған лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс;
      біліктілігі орта деңгейдегі маман: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі;
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маманға қойылатын талаптарға жауап береді, білім алушыларға берілетін кәсіптік біліктіліктің деңгейіне қарағанда едәуір жоғары деңгейдегі біліктілігі бар екенін растайды, оқу-өндірістік процесті кешенді әдістемелік қамтамасыз ету міндеттерін белсенді түрде шеше біледі.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 2 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс;
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап береді, әдістемелік комиссиялардың, секциялардың жұмысына тікелей қатысады.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;
      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап береді, кәсіптік оқудың жеке әдістемелерін әзірлеуге қатысады, сынақтамадан өткізу жұмыстарын жүргізеді; озық тәжірибені жинақтайды, жаңа оқыту бағдарламалары мен технологияларын енгізуге қатысады.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.»;
      «4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесінің, интернаттық және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамасы» деген бөлімде:
      «Орталықтың (кешеннің) директоры» деген бөлімшенің алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.».
      2. Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаменті (Н.М. Ыбырайым) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Техникалық және кәсіптік білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменттері осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің жауапты хатшысы Б.С. Әбдірәсіловке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      __________ Г. Әбдіқалықова
      2011 жылғы 10 маусым

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 июля 2009 года № 338 "Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 июня 2011 года № 241. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 июня 2011 года № 7004

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 июля 2009 года № 338 "Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5750, опубликованный в газете "Юридическая газета" от 11 декабря 2009 г. № 190 (1787), от 25 декабря 2009 г. № 196 (1619), от 22 января 2010 г. № 10 (1806)) следующие дополнения и изменения:
      в Типовых квалификационных характеристиках должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц, утвержденных указанным приказом:
      раздел "1. Общие положения" дополнить преамбулой следующего содержания:
      "Настоящие Типовые квалификационные характеристики должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании" и обязательны для применения органами образования независимо от их формы собственности, ведомственной подчиненности и организационно-правовой формы.";
      в разделе "2. Типовые Квалификационные характеристики должностей научно-педагогических работников организаций высшего и послевузовского образования":
      в подразделе "Руководитель (ректор) высшего учебного заведения (вуз)":
      части десятую и одиннадцатую изложить в следующей редакции:
      "Должен знать: Конституцию Республики Казахстан, Гражданский кодекс Республики Казахстан, законы Республики Казахстан: "Об образовании", "О науке", "О борьбе с коррупцией", "О языках в Республике Казахстан", "О всеобщей воинской обязанности и военной службе", "О государственных закупках", "О государственном имуществе", Государственную программу развития образования Республики Казахстан и другие нормативные правовые акты, регламентирующие образовательную, научную, производственно-хозяйственную, финансово-экономическую деятельность высшего учебного заведения, методические материалы в сфере подготовки специалистов высшего и послевузовского образования, перспективы технического и научного развития отрасли высшего учебного заведения, кадровые ресурсы высшего учебного заведения, научные достижения и передовой опыт зарубежных образовательных учреждений в области высшего и послевузовского образования (дополнительного образования), трудовое законодательство, правила и нормы охраны труда.
      Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование, наличие ученой степени и стаж работы на руководящих должностях в организациях образования и/или в органах управления образования не менее 5 лет, наличие сертификата (свидетельства) о прохождении курсов повышения квалификации по менеджменту образования.";
      в подразделе "Заместитель руководителя (проректор) высшего учебного заведения":
      части восьмые и девятые изложить в следующей редакции:
      "Должен знать: Конституцию Республики Казахстан, Гражданский кодекс Республики Казахстан, законы Республики Казахстан: "Об образовании", "О науке", "О борьбе с коррупцией", "О языках в Республике Казахстан", "О всеобщей воинской обязанности и военной службе", "О государственных закупках", "О государственном имуществе", Государственную программу развития образования Республики Казахстан и другие нормативные правовые акты, регламентирующие образовательную, научную, производственно-хозяйственную деятельность и финансово-экономическую деятельность высшего учебного заведения, методические материалы в сфере подготовки специалистов высшего и послевузовского образования, перспективы технического и научного развития отрасли высшего учебного заведения, кадровые ресурсы высшего учебного заведения, научные достижения, передовой опыт зарубежных образовательных учреждений в области высшего и послевузовского образования (дополнительного образования), трудовое законодательство, правила и нормы охраны труда.
      Требования к квалификации: для заместителей, курирующих вопросы учебной, учебно-методической, научной, международной, инновационной, стратегической работы: высшее (или послевузовское) образование, наличие ученой степени, стаж работы на руководящих должностях в организациях образования не менее 5 лет;
      для заместителей по воспитательной работе: высшее (или послевузовское) образование, наличие ученой степени или академической степени магистра, стаж работы по воспитательной работе не менее 3 лет;
      для заместителей по административно-хозяйственной работе: высшее образование, стаж работы по хозяйственному обслуживанию не менее 3 лет.";
      дополнить частью десятой следующего содержания:
      "Наличие сертификата (свидетельства) о прохождении курсов повышения квалификации по менеджменту образования.";
      часть тридцать вторую подраздела "Декан факультета" изложить в следующей редакции:
      "Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование, наличие ученой степени, стаж работы на руководящих должностях в организациях образования или по специальности не менее 5 лет, наличие сертификата (свидетельства) о прохождении курсов повышения квалификации по менеджменту образования.";
      часть девятнадцатую подраздела "Заведующий кафедрой" изложить в следующей редакции:
      "Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование, наличие ученой степени и стаж работы на педагогических или руководящих должностях не менее 5 лет.";
      часть четырнадцатую подраздела "Профессор" изложить в следующей редакции:
      "Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование, наличие ученой степени, ученое звание "профессор" и стаж работы не менее 5 лет научно-педагогической деятельности.";
      часть семнадцатую подраздела "Доцент" изложить в следующей редакции:
      "Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование, наличие ученой степени, ученого звания, стаж работы не менее 5 лет научно-педагогической деятельности.";
      часть четырнадцатую подраздела "Старший преподаватель" изложить в следующей редакции:
      "Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование или наличие академической степени магистра, стаж работы не менее 3 лет научно-педагогической деятельности, в том числе не менее одного года в должности преподавателя или стаж практической работы по специальности не менее 2 лет.";
      часть десятую подраздела "Преподаватель (ассистент)" изложить в следующей редакции:
      "Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование при наличии стажа по специальности не менее 3 лет и/или наличие академической степени магистра.";
      в разделе "3. Типовые Квалификационные характеристики должностей педагогических работников системы технического и профессионального, послесреднего образования":
      часть девятую подраздела "Заместитель руководителя по учебно-производственной работе" изложить в следующей редакции:
      "Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование и стаж работы в организациях образования или на руководящих должностях в организациях, соответствующих профилю учебного заведения не менее 5 лет.";
      часть пятую подраздела "Преподаватель общеобразовательных дисциплин" изложить в следующей редакции:
      "Требования к квалификации: специалист высшего уровня квалификации: высшее (или послевузовское) образование без предъявления требований к стажу работы;
      специалист высшего уровня квалификации второй категории:
      отвечает требованиям, предъявляемым к преподавателю высшего уровня квалификации без категории, умеет самостоятельно разрабатывать методику преподавания предмета, использует формы и методы активного обучения, умеет организовать диагностическую работу с обучающимися; обеспечивает устойчивые положительные результаты в учебно-воспитательном процессе, принимает активное участие в работе творческих групп, методических объединений, школ передового опыта в рамках образовательного учреждения.";
      дополнить частями шестой, седьмой и восьмой следующего содержания:
      "Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование и стаж работы в должности преподавателя не менее 3 лет;
      специалист высшего уровня квалификации первой категории:
      отвечает требованиям, предъявляемым преподавателю высшего уровня квалификации второй категории, владеет методиками анализа учебно-методической работы по предмету, составляет и реализовывает индивидуальные программы обучения, умеет руководить творческими семинарами, работой творческих групп, использует передовой педагогический опыт в своей работе, участвует в работе по внедрению новых образовательных программ, учебников, учебных пособий.
      Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование и стаж работы в должности преподавателя не менее 4 лет, или наличие ученой степени кандидата наук по профилю без предъявления требований к стажу работы;
      специалист высшего уровня квалификации высшей категории:
      отвечает требованиям, предъявляемым преподавателю высшего уровня квалификации первой категории, умеет разрабатывать новые учебные программы, педагогические технологии, методики обучения и воспитания, вести работу по их апробации; составляет экспериментальные задачи по своему предмету, имеет авторские разработки по вопросам обучения и воспитания, руководит творческими группами по разработке актуальных проблем в области образования.
      Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование и стаж работы в должности преподавателя не менее 5 лет; или наличие ученой степени кандидата наук по профилю и стаж работы в должности преподавателя не менее 1 года или ученой степени доктора наук без предъявления требований к стажу работы.";
      часть четвертую подраздела "Преподаватель специальных дисциплин" изложить в следующей редакции:
      "Требования к квалификации: специалист высшего уровня квалификации: высшее (или послевузовское) образование по профилю без предъявления требований к стажу работы;
      специалист высшего уровня квалификации второй категории:
      отвечает общим требованиям, предъявляемым к преподавателю высшего уровня квалификации без категории, умеет самостоятельно разрабатывать методику преподавания предмета, использует формы и методы активного обучения, умеет организовать диагностическую работу с обучающимися; обеспечивает устойчивые положительные результаты в учебно-воспитательном процессе, принимает активное участие в работе творческих групп, методических объединений, школ передового опыта в рамках образовательного учреждения.";
      дополнить частями пятой, шестой и седьмой следующего содержания:
      "Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование по профилю и стаж работы в должности преподавателя не менее 3 лет или производственный стаж по профилю не менее 2 лет;
      специалист высшего уровня квалификации первой категории:
      отвечает требованиям, предъявляемым преподавателю высшего уровня квалификации второй категории, владеет методиками анализа учебно-методической работы по предмету, составляет и реализовывает индивидуальные программы обучения, умеет руководить творческими семинарами, работой творческих групп, использует передовой педагогический опыт в своей работе, участвует в работе по внедрению новых образовательных программ, учебников, учебных пособий.
      Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование по профилю и стаж работы в должности преподавателя не менее 4 лет или производственный стаж по профилю не менее 3 лет, или наличие ученой степени кандидата наук по профилю без предъявления требований к стажу работы;
      специалист высшего уровня квалификации высшей категории:
      отвечает требованиям, предъявляемым преподавателю высшего уровня квалификации первой категории, умеет разрабатывать новые учебные программы, педагогические технологии, методики обучения и воспитания, вести работу по их апробации; составляет экспериментальные задачи по своему предмету, имеет авторские разработки по вопросам обучения и воспитания, руководит творческими группами по разработке актуальных проблем в области образования.
      Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование по профилю и стаж работы в должности преподавателя или производственный стаж по профилю не менее 5 лет; или наличие ученой степени кандидата наук по профилю и стаж работы в должности преподавателя не менее 1 года или ученой степени доктора наук по профилю без предъявления требований к стажу работы.";
      часть шестую подраздела "Мастер производственного обучения":
      "Требования к квалификации: специалист высшего уровня квалификации: высшее (или послевузовское) образование по профилю без предъявления требований к стажу работы;
      специалист высшего уровня квалификации второй категории:
      отвечает требованиям, предъявляемым к мастеру производственного обучения высшего уровня квалификации без категории, имеет подтверждение о наличии более высокого уровня квалификации, чем уровень квалификации присваемый обучающимся, активно решает задачи комплексного методического обеспечения учебно-производственного процесса.";
      дополнить частями седьмой, восьмой, девятой, десятой, одиннадцатой и двенадцатой следующего содержания:
      Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование и стаж работы в данной должности не менее 2 лет или производственный стаж по профилю не менее 1 года;
      специалист высшего уровня квалификации первой категории:
      отвечает требованиям, предъявляемым к мастеру производственного обучения высшего уровня квалификации второй категории, принимает непосредственное участие в работе методических комиссий, секций.
      Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование и стаж работы в данной должности не менее 3 лет или производственный стаж по профилю не менее 2 лет;
      специалист высшего уровня квалификации высшей категории:
      отвечает требованиям, предъявляемым к мастеру производственного обучения высшего уровня квалификации первой категории, умеет разрабатывать частные методики профессионального обучения, ведет работу по апробации; обобщать передовой опыт, участвует во внедрении новых обучающих программ и технологий.
      Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование, стаж работы в данной должности не менее 5 лет или производственный стаж по профилю не менее 3 лет;
      специалист среднего уровня квалификации: техническое и профессиональное образование (среднее специальное, среднее профессиональное) с квалификацией специалиста среднего звена без предъявления требований к стажу работы;
      специалист среднего уровня квалификации второй категории:
      отвечает требованиям, предъявляемым к специалисту среднего уровня квалификации без категории, имеет подтверждение о наличии более высокого уровня квалификации, чем уровень квалификации присваемый обучающимся, активно решает задачи комплексного методического обеспечения учебно-производственного процесса.
      Требования к квалификации: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование с квалификацией специалиста среднего звена и стаж работы в данной должности не менее 2 лет или производственный стаж по профилю не менее 1 года;
      специалист среднего уровня квалификации первой категории:
      отвечает требованиям, предъявляемым к специалисту среднего уровня квалификации второй категории, принимает непосредственное участие в работе методических комиссий, секций.
      Требования к квалификации: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование с квалификацией специалиста среднего звена и стаж работы в данной должности не менее 3 лет или производственный стаж по профилю не менее 2 лет;
      специалист среднего уровня квалификации высшей категории:
      отвечает требованиям, предъявляемым к специалисту среднего уровня квалификации первой категории, участвует в разработке частных методик профессионального обучения, ведет работу по апробации; обобщает передовой опыт, участвует во внедрении новых обучающих программ и технологий.
      Требования к квалификации: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование с квалификацией специалиста среднего звена и стаж работы в данной должности не менее 5 лет или производственный стаж по профилю не менее 3 лет.";
      в разделе "4. Квалификационные характеристики должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц системы дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего образования, интернатных организаций и дополнительного образования":
      часть шестую подраздела "Директор центра (комплекса)" изложить в следующей редакции:
      "Должен знать: Конституцию Республики Казахстан, законы Республики Казахстан "Об образовании", "О языках в Республике Казахстан", "О правах ребенка в Республике Казахстан", "О науке", "О борьбе с коррупцией", "О государственных закупках" и "О государственном имуществе" и другие нормативные правовые акты определяющие направления и перспективы развития образования, основы педагогики и психологии, государственные общеобязательные стандарты образования, педагогику, педагогическую психологию, достижения педагогической науки и практики, финансово-хозяйственной деятельности, Трудовой кодекс Республики Казахстан, правила и нормы охраны труда, техники безопасности и противопожарной защиты; санитарные правила и нормы.".
      2. Департаменту правового обеспечения и государственных закупок (Ыбырайым Н.М.):
      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после прохождения государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.
      3. Департаментам технического и профессионального, высшего и послевузовского образования довести настоящий приказ до сведения республиканских подведомственных организаций образования.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Министерства образования и науки Республики Казахстан Абдрасилова Б.С.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцатиодного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жумагулов

      СОГЛАСОВАНО
      Министр труда и социальной
      защиты населения
      Республики Казахстан
      ___________ Г. Абдыкаликова
      от 10 июня 2011 года