Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 25.12.2015 № 753 бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13 бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 38) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Д.К.Мұқанова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң оны ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары осы бұйрық талаптарын зерделеуді және орындауды ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Әшім
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің м.а. 2011 жылғы
26 қыркүйектегі № 7212
бұйрығымен бекітілді
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа табиғат пайдаланушыларды тексеруді жоспарлау үшін әзірленді және табиғат пайдаланушының тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, табиғат пайдаланушыларды әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.
2. Осы өлшемдерде қолданылатын ұғым, яғни экологиялық тәуекел - қоршаған ортаға зардаптың ауыртпалығы есебінен шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесінде қоршаған орта және (немесе) табиғи объектілер жай-күйінің қолайсыз өзгерістерге ұшырау ықтималдығы;
3. Табиғат пайдаланушылардың өлшемі объективті және субъективті болып бөлінеді:
1) объективті - табиғат пайдаланушы қызметін жүзеге асыру кезінде мүмкін болатын тәуекел маңыздылығына негізделген;
2) субъективті - табиғат пайдаланушымен белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілуіне тәуелді анықталады.
4. Табиғат пайдаланушыларды тәуекелдердің әртүрлі дәрежелеріне бастапқы жатқызуы тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемі негізінде жүзеге асырылады.
Объективті өлшем «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-ІII кодексіне сәйкес белгіленген табиғат пайдаланушының санаты болып табылады:
І-ІІ санаттар - тәуекел дәрежесі жоғары объектілер
ІІІ санат - тәуекел дәрежесі орташа объектілер
ІV санат - тәуекел дәрежесі төмен объектілер.
5. Табиғат пайдаланушыларды тәуекелдердің әртүрлі дәрежелеріне кейінгі жатқызуы субъективті өлшемдер бойынша жүзеге асырылады. Бұл үшін табиғат пайдаланушыны тексеру қорытындылары бойынша өлшемдерге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес субъективті өлшемдер бойынша бағалау жүзеге асырылады.
6. Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша, жиналған-баллды ескере отырып, табиғат пайдаланушылар тиісті тәуекел тобына жатқызылады.
7. Тәуекел дәрежесін бағалау жалпы балы бойынша I—III санаттардағы табиғат пайдаланушылар 20 баллға дейін - тәуекел дәрежесі төмен топқа, 20-дан 50 баллға дейін - тәуекел дәрежесі орташа топқа, 50 және одан да көп балл - тәуекел дәрежесі жоғары топқа жатқызылады.
8. IV санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға 300 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) жоғары залал келтірілсе немесе экологиялық заңнаманың бұзылуына 5 және одан да көп жол берсе, тәуекел дәрежесі орташа топқа енгізіледі.
9. IV санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға 300 АЕК кем залал келтірілсе не (немесе) экологиялық заңнаманың бұзылуына 5-тен аз жол берсе, тәуекел дәрежесі төмен топқа енгізіледі.
10. Бір топ ішіндегі табиғат пайдаланушыларды тексеруді жоспарлау ең көп рұқсат етілген эмиссия көлеміне сүйене отырып жүзеге асырылады. Рұқсат етілген эмиссия көлемі ретінде экологиялық рұқсаттармен белгіленген жылына/тонна өлшем бірлігіндегі шығарындының, төгіндінің, қалдықтың рұқсат етілген мөлшерлерінің сомасы қабылданады.
11. Тексеру жоспарына енгізу өндірістік циклдің мынадай ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады:
1) жыл бойы өндірістік қызметті жүзеге асыратын, бірақ жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортаға барынша әсер ететін табиғат пайдаланушылар олардың барынша әсер ету кездерінде ғана тексеру жоспарына енгізіледі.
2) өндірістік қызметті белгіленген жыл маусымдарында жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар олардың өндірістік қызмет кездерінде ғана тексеру жоспарына енгізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи
ресурстарды молықтыру және
пайдалану саласында
субъектілердің (жеке кәсіпкерлік
субъектілерінен басқа) тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
1-қосымша
І-ІІІ санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемдері
№ |
Өлшемдер |
балл |
|
1 |
Қаражатты игеру жөніндегі табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын орындау |
50% дейін |
20 |
50-75% |
15 |
||
75-99% |
5 |
||
2 |
Зиянды заттардың шығарындылары мен төгінділерінің өндірістік экологиялық бақылауын жүргізу |
жыл сайын |
20 |
тоқсан сайын |
15 |
||
ай сайын |
10 |
||
апта сайын |
5 |
||
күн сайын |
0 |
||
3 |
Инспекциямен негізсіз деп танылған өтініштерді қоспағанда өтініш беруге себеп болған оқиға |
1 оқиға үшін 10 балл |
|
4 |
Экологиялық заңнаманың бұзушылықтарына жол беру |
1 бұзушылық үшін 5 балл |
|
5 |
Қоршаған ортаға залал келтіру |
залал 300 АЕК* жоғары |
30 |
залал құны 300 АЕК* төмен |
15 |
||
6 |
Қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің және өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру көлемдерін асыру |
3 % жоғары |
30 |
3 % дейін |
15 |
||
7 |
Бір экологиялық заңнаманың бұзылуына жол беру |
соңғы 3 жылда 3 рет қайталанған бұзушылықтары |
30 |
соңғы 3 жылда 2 рет қайталанған бұзушылықтары |
15 |
||
8 |
Экологиялық рұқсаттың жоқ болуы |
30 |
* АЕК - айлық есептік көрсеткіш.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи
ресурстарды молықтыру және
пайдалану саласында
субъектілердің (жеке кәсіпкерлік
субъектілерінен басқа) тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
2-қосымша
IV санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемдері
Өлшемдер |
|
Экологиялық заңнаманың бұзылуына жол беру |
Қоршаған ортаға залал келтіру 300 АЕК* жоғары немесе 5 және одан көп бұзушылық жасаса |
5-тен аз бұзушылық жасаса немесе қоршаған ортаға залал келтіру 300 АЕК* төмен |
*АЕК - айлық есептік көрсеткіш.