«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру және көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6472 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрілігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының көліктік бақылау посты қызметкерлері қызметтік нысанды киімде (погонсыз), нөмірлі кеуде белгілері болуға және талап ету бойынша қызметтік куәліктерін көрсетуге тиіс»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Стационарлық және жылжымалы КБП ауысымының жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленеді және:
1) Комитеттің өңіраралық көліктік бақылау инспекциясында (бұдан әрі - Инспекция) - Инспекция бастығы;
2) Инспекция филиалында - Инспекция филиалының басшысы бекітеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Стационарлық КБП тәулік бойы жұмыс істейді.»;
11-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Жылжымалы КБП әрбір ауысымына маршрут карточкасы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жасалады.
Жылжымалы КБП маршрут карточкасы екі данада жасалады, бірі Инспекцияда сақталады, екіншісі жылжымалы КБП ауысымына тапсырылады.
Маршруттың карточкалары күнтізбелік бір жыл ішінде Инспекцияда сақталады.»;
17-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1 Көліктік бақылау жүргізген кезде КБП лауазымды адамдары жүк, жолаушылар және багаж тасымалдарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мыналардың сақтауын қамтамасыз етеді:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493қаулысымен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығымен бекітілген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту ережесі және қауіпті жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлік құралдарына қойылатын біліктілік талаптарын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысымен бекітілген бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін;
Тез бүлінетін тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау туралы және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы 1976 жылғы 21 қарашадағы келісімге сәйкес Халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды (Женева 1 қыркүйек 1970 жыл);
Автокөлік құралдары жабдығының автокөлік құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы бөлігінде халықаралық шарттар талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ орнатылған отын бактарының жасаушы зауыттың талаптарына сәйкестігі, Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропа келісіміне сәйкес (Женева 1 шілде 1970 жыл);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен бекітілген Жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындыдағы ластаушы заттар құрамы нормативтерін;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласында лицензиялау туралы заңнамасын;
3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарын сақтауы тұрғысында тексеруді жүзеге асырады;
4) Автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін алым бөлігінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Бақылаудан өту тасымалдаушы ұсынатын көлік құжаттарына КБП-ның мөртабанын осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мөртаба үлгісіне сәйкес қою арқылы ресімделеді»;
20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес көлік құралдарының иелері (пайдаланушылары) үшін рұқсат қағазының немесе тіркеу талонының екінші жағына;»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. КБП қызметкері мөртабанға лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бұдан әрі - Т.А.Ә.), күнін және қолын қояды»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. КБП қызметкері жүкті, жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралына көліктік бақылау жүргізуді мынадай тәртіппен қамтамасыз етеді:
1) автокөлік құралын (автобустар, шағын автобустар, такси, жүк автомобильдері, мамандандырылған және арнайы автомобильдер) тоқтатады;
2) жүргізушіге жақындап келеді, өз аты-жөнін, лауазымын және мемлекеттік органның атауын атап, таныстырады, жүргізушінің немесе бірге жүрген адамдардың талабы бойынша қызметтік куәлігін көрсетеді;
3) тоқтатқан себебін хабарлайды;
4) жүргізуші куәлігін (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат), көлік құралын тіркеу туралы куәлігін, ілеспе және рұқсат құжаттарын сұратады;
5) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғысының (тахографтың) болуын, жарамдылығы мен дұрыстығын және жүргізушілердің еңбек және демалысын есепке алудың тіркеу парақтарының тиісті толтырылуын тексереді.
Тахографтың диаграммалық дискісін және жүргізушілердің еңбек және демалысын есепке алудың тіркеу парақтарын тексеру жүзеге асырылғаннан кейін оларға осы Ереженің 3-қосымшасына белгіленген үлгіге сәйкес мөртабан қояды;
6) көлік құралының габариттік және салмақтық параметрлерін өлшеуді жүргізеді;
7) шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамын өлшеуді қамтамасыз етеді.»;
24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жүк, жолаушылар және багаж тасымалдарын автомобиль көлігімен жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың болуын және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген бұзушылықтар жасаған кезде автокөлік құралы ұсталады, уақытша сақтау үшін тұраққа жеткізіледі және оны пайдалануға тыйым салынады.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Стационарлық КБП жұмыс үшін Стационарлық көліктік бақылау посттарының жабдығы мен мүлік тізбесінің талаптарына сай осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес қажетті жабдық және мүлікпен жарақтандырылады»;
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
«31-1. Жылжымалы КБП жұмыс үшін Жылжымалы көліктік бақылау посттарының жабдығы мен мүлік тізбесінің талаптарына сай осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес қажетті жабдық және мүлікпен жарақтандырылады»;
1-3 қосымшалары осы бұйрыққа 1-3 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
3) оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он алтыншы абзацын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрінің
міндетін атқарушы Р. Скляр
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2011 жылғы
23 қыркүйектегі
№ 582 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасының
аумағындағы көліктік
бақылау посттарының жұмысын
ұйымдастыру ережесіне
1-қосымша
МАРШРУТ КАРТОЧКАСЫ
жылжымалы көліктік бақылау постының № _______________________________
_____________________________________________________________________
(көліктік бақылау органның атауы)
Көліктік бақылауды жүзеге асыру маршруты ____________________________
_____________________________________________________________________
(километрдің көрсетуімен автожолдың атауы)
Бақылауды өткізу кезеңі _____________________________________________
(бақылауды өткізу күні мен уақыты)
Ұзақтығы, километр___________________________________________________
Ауысымның құрамы ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазым)
№ |
Автожолдың бақылауға алынған учаскесінің атауы мен км |
Бақылауды өткізу уақыты |
ЖКБП ауысым қызметкерінің қолы |
Маршрут карточкасы берілді ___________________ __________ __________
(Т.А.Ә., лауазымы) (қолы) (күні)
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2011 жылғы
23 қыркүйектегі
№ 582 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының
аумағындағы көліктік
бақылау посттарының жұмысын
ұйымдастыру ережесіне
2-қосымша
Мөртабан үлгісі
(Автокөлік құралының бақылаудан өткенін ресімдеу төменде көрсетілген үлгiдегi мөртабан қоюмен жүзеге асырылады
________________________________________________________ БАҚЫЛАУ ӨТIЛДI Лауазымы, Т.А.Ә. _______________________________________ |
Мөртабан көк түсті 50х30 милиметр көлемінде тікбұрыш түрінде жасалады.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2011 жылғы
23 қыркүйектегі
№ 582 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының
аумағындағы көліктік
бақылау посттарының жұмысын
ұйымдастыру ережесіне
3-қосымша
Мөртабан үлгісі
Тахографтың диаграммалық дискісін және (немесе) жүргізушілердің еңбек
және демалысын есепке алудың тіркеу парақтарын тексеруді
ресімдеу төменде көрсетілген үлгiдегi мөртабан қоюмен жүзеге асырылады
Мөртабан көк түсті 23 миллиметр диаметрде дөңгелек түрінде жасалады.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2011 жылғы
23 қыркүйектегі
№ 582 бұйрығына
4-қосымша
«Қазақстан Республикасының
аумағындағы көліктік
бақылау посттарының жұмысын
ұйымдастыру ережесіне
4-қосымша
Стационарлық көліктік бақылау посттарының
жабдығы мен мүлкін тізбесі
1. Стационарлық таразы жабдығы
2. Түтін өлшеуіш
3. Газоанализатор
4. Компьютер
5. Ксерокс
6. Байланыс құралы
7. Тахограф диаграмма дискілерін оқитын құрал
8. Өлшеу құралы (габариттік рама, рулетка)
9. Термометр (жаз мезгілінде бақылау үшін)
10. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы
11. Қатаң есептегі бланкілері сақтау сейфі
12. Қызметкерлер үшін жұмыс орындары
13. Арнайы автокөлік
14. Ақпараттық стенд
15. Нормативтік-техникалық құжаттама
16. Автокөлік құралдарын тоқтату үшін жезл
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2011 жылғы
23 қыркүйектегі
№ 582 бұйрығына
5-қосымша
«Қазақстан Республикасының
аумағындағы көліктік
бақылау посттарының жұмысын
ұйымдастыру ережесіне
5-қосымша
Жылжымалы көліктік бақылау посттарының жабдығы мен
мүлкін тізбесі
1. Жылжымалы таразы жабдығы
2. Түтін өлшеуіш
3. Газоанализатор
4. Компьютер немесе ауыспалы ноутбук
5. Ксерокс
6. Байланыс құралы
7. Тахограф диаграмма дискілерін оқитын құрал
8. Өлшеу құралы (рулетка)
9. Термометр (жаз мезгілінде бақылау үшін)
10. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы
11. Қатаң есептегі бланкілері сақтау сейфі
12. Нормативтік-техникалық құжаттама
13. Автокөлік құралдарын тоқтату үшін жезл