Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 117 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 қарашада № 7295 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Меншікті капиталды есептеу кезінде банктің инвестициялары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін заңды тұлғаның реттелген борышына банктің жиынтық мөлшері бірінші деңгейдегі капиталдың және екінші деңгейдегі капиталдың сомасынан он пайыз асатын салымдарын білдіреді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бiрiншi деңгейдегi капитал мынадай сома ретiнде есептеледi:
      сатып алынған меншiктi акцияларды шегергендегi төленген жарғылық капиталы;
      қосымша капитал;
      өткен жылдардың бөлiнбеген таза кiрiсi (оның iшiнде өткен жылдардың бөлiнбеген таза кiрiсi есебiнен қалыптасқан қорлар, резервтер);
      нәтижесiнде бiр тұлғада пайда болған қаржы активi және оның басқа тұлғадағы (бұдан әрi – осы Нұсқаулықтың 5-9-тармақтарында көрсетiлген мерзiмсiз қаржы құралдары) барлық мiндеттемелерiн шегергеннен кейiнгi заңды тұлғаның активтер үлесiне құқығын растайтын қаржылық мiндеттеме немесе өзге қаржы құралы бiрмезгiлде пайда болатын мерзiмсiз шарттар;
      өткен жылдардың Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) (бұдан әрі – № 296 қаулы) талаптарына және олардың салық базасына сәйкес жіктелетін активтер мен міндеттемелердің баланстық құнындағы айырмаға байланысты туындаған бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған, кейінге қалдырылған салық міндеттемесі;
      мыналарды алып тастағанда:
      1999 жылғы 1 шiлдеден бастап немесе кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржылық есеп беру үшiн 1998 жылғы шiлдеде күшiне енген Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары жөнiндегi комитеттiң Басқармасы бекiткен 38 «Материалдық емес активтер» тиiстi халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрi – 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандарты) және банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер;
      өткен жылдардың шығындары;
      ағымдағы жылдың шығыны.
      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктерге қайта құрылымдауды аяқтаған қаржы жылы алынған ағымдағы жылдың кiрiстерiн бiрiншi деңгейдегi капитал есебiне кiргiзуiне жол беріледі.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігінде:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «бөлінбеген таза пайданың мөлшері»;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «банктiң сатып алған меншiктi реттелген борышын шегергендегi бірiншi деңгейдегi капитал сомасының елу процентiнен аспайтын сомамен меншiктi капиталға енгiзiлген екiншi деңгейдегi банктiң реттелген борышы;»;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «ағымдағы жылдың шығыстары есебінен қалыптастырылған, № 296 қаулының талаптарына және олардың салық базасына сәйкес жіктелетін активтер мен міндеттемелердің баланстық құнындағы айырмаға байланысты туындаған, кейінге қалдырылған салық міндеттемесі.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Банктiң меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгi мынадай үш коэффициентпен сипатталады:
      1) бiрiншi деңгейдегi капиталдың жалпы сомасының бiрiншi деңгейдегi капиталдың үлесi шегiнде алынған банк инвестициясын шегергендегi және екiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капитал бөлiгiндегi есебiне енгізілген, бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегi капитал үлесi шегiнде алынған банк инвестициясының сомасына кемiтiлген банк активтерiнiң мөлшерiне және екiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капитал бөлiгiндегi есебiне (k-1) енгiзiлген бiрiншi деңгейдегi капиталдың қатынасы;
      2) бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестициясын шегергендегі сомаға және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне енгізілген бірінші деңгейдегі капиталдың қатынасы;
      екiншi деңгейдегi капиталдың есебiне енгiзiлмеген, жалпы резервтер (провизиялар) сомасына кемiтiлген кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша салмақталған активтер, шартты және мүмкiн мiндеттемелер;
      активтер, шартты және ықтимал талап етулер және нарықтық тәуекелдi ескерумен есептелген мiндеттемелер;
      операциялық тәуекел (k1-2);
      3) меншiктi капиталдың сомаға қатынасы:
      екiншi деңгейдегi капиталдың есебiне енгiзiлмеген, жалпы резервтер (провизиялар) сомасына кемiтiлген кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша салмақталған активтер, шартты және мүмкiн мiндеттемелер;
      активтер, шартты және ықтимал талап етулер және нарықтық тәуекелдi ескерумен есептелген мiндеттемелер;
      операциялық тәуекел (k2).
      k1-1 коэффициентін есептеуге арналған активтер және тәуекел дәрежесi бойынша салмақталған, k1-1 және k2 коэффициенттерін есептеуге арналған активтер, шартты және ықтимал мiндеттемелер № 296 қаулының талаптарына сәйкес арнайы резервтер (провизиялар) бойынша қалыптастырылған арнайы резервтер (провизиялар) ескеріле отырып баланстық құны бойынша енгізіледі.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 – 0,12-ден кем болмайды.
      Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 – 0,14-тен кем болмайды.
      Банк холдингі немесе бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан артығы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдинке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 – 0,10-нан кем болмайды.
      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебі осы Нұсқаулықтың 1 және  2-қосымшасына сәйкес жасалады.
      Тәуекел дәрежесi бойынша активтердi, шартты және ықтимал мiндеттемелердi мөлшерлеу мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал мiндеттемелер № 296 қаулының талаптарына сәйкес жасалған арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азаяды.
      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес ол бойынша банк кредиттік тәуекелге ұшырайтын тәуекел деңгейіне туындысы ретінде анықталады.
      Своптар, фьючерстер, опциондар және форвардтар аталған қаржы құралдарының рыноктық құнының және олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту жолымен кредиттік тәуекелді ескеріп, мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер есебіне енгізіледі.
      Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.
      Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының рыноктық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:
      сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы рыноктық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;
      сатуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы рыноктық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
      Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
      Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды шартты құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне белгіленген қаржы құралдарының құны ретінде көрсетіледі. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды шартты құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.
      Сатылған опциондар кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне кіргізілмейді.
      Активтердің, шартты және ықтимал талаптардың және міндеттемелердің есебі рыноктық тәуекелді ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 17-30-тармағына сәйкес жасалады;
      Операциялық тәуекелдің есебі осы Нұсқаулықтың 31-тармағына сәйкес жасалады.
      Меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициенттерiн есептеу кезiнде (kl-1, kl-2, k2) салымдардың тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленетін активтердiң мөлшерiнен және активтер мөлшерiнен банк кастодиан шарты негiзiнде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.»;
      31-11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шегерiм бiрiншi деңгейдегi капиталдан елу пайыз және екiншi деңгейдегi капиталдан елу пайыз мөлшерiнде бөлiнедi. Шегерiлетiн позициялар № 296 қаулының талаптарына сәйкес құрылған арнайы резервтердің (провизиялардың) сомасына азаяды.»;
      34-тармақтың 5) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) № 296 қаулының талаптарына сәйкес құрылған арнайы резервтер (провизиялар) сомасын, сондай-ақ мынадай түрдегi заемшының мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде:»;
      44-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Өтiмдi активтер есебiне № 296 қаулыға сәйкес арнайы қалыптасқан провизияларды, оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген, заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөнiндегi ұйыммен ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тiзбесiне енгiзiлген мемлекеттердiң аумағында тiркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тiркелген заңды тұлғаларға қатысты еншiлес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды алып тастап, жоғары өтiмдi активтердi қоса, барлық қаржылық активтер енгiзiледi. Заемдар заем шартына сәйкес өтеу кестелерi бойынша енгiзiледi.»;
      47-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жекелеген шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер топтарының) валюталары (тазартылған қымбат металдары) бойынша валюта ашық позицияларын есептеу кезiнде бiрiншi кезекте активтер шоттарында № 296 қаулының талаптарына сәйкес қалыптасқан арнайы провизияларды шегеріле отырып және банктiң мiндеттемелері шоттарында ашылған әрбiр шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша шоттардың сальдосы есептеледi. Одан кейін № 296 қаулының талаптарына сәйкес қалыптасқан арнайы провизиялар шегеріле отырып, шартты талаптар шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған осы шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша шоттар сальдосы анықталады. Мiндеттемелерден (талаптардан) шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдағы) талап етулер (мiндеттемелер) асып кетуiн көрсететін сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған нәтиже банктiң шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша ашық позициясының мөлшерiн және түрiн анықтайды.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы қаулының 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарының күші 2011 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года № 358 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года № 117. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 ноября 2011 года № 7295. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 147

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 30.05.2016 № 147 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность банков второго уровня, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. В постановление Правления Агентства от 30 сентября 2005 года № 358 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3924) внести следующие дополнения и изменения:
      в Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня, утвержденной указанным постановлением:
      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      "3-1. Инвестиции банка при расчете собственного капитала для целей пункта 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" представляют собой вложения банка в субординированный долг юридического лица, совокупный размер которых превышает десять процентов суммы капитала первого уровня и капитала второго уровня банка.";
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      "4. Капитал первого уровня рассчитывается как сумма:
      оплаченного уставного капитала за минусом собственных выкупленных акций;
      дополнительного капитала;
      нераспределенного чистого дохода прошлых лет (в том числе фонды, резервы, сформированные за счет чистого дохода прошлых лет);
      бессрочных договоров, в результате которых одновременно возникает финансовый актив у одного лица и финансовое обязательство или иной финансовый инструмент, подтверждающий право на долю активов юридического лица, оставшихся после вычетов всех его обязательств, у другого лица (далее - бессрочные финансовые инструменты, указанные в пунктах 5-9 настоящей Инструкции);
      отложенного налогового обязательства, сформированного за счет нераспределенного чистого дохода прошлых лет, возникшего в связи с разницей в балансовой стоимости активов и обязательств, подлежащих классификации в соответствии с требованиями постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 декабря 2006 года № 296 "Об утверждении Правил классификации активов, условных обязательств и создания провизий (резервов) против них" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4580) (далее - постановление № 296), и их налоговой базой;
      за минусом:
      нематериальных активов, за исключением лицензионного программного обеспечения, приобретенного для целей основной деятельности банка и соответствующего Международному стандарту финансовой отчетности 38 "Нематериальные активы", утвержденному Правлением Комитета по международным стандартам финансовой отчетности в июле 1998 года, вступившему в силу для финансовой отчетности, охватывающей периоды, начинающиеся с или после 1 июля 1999 года (далее - Международный стандарт финансовой отчетности 38);
      убытков прошлых лет;
      убытка текущего года.
      Допускается включение банками, осуществляющими (осуществившими) реструктуризацию в соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", в капитал первого уровня доходов текущего года, полученных в финансовом году завершения реструктуризации.";
      в части первой пункта 10:
      абзац второй изложить в следующей редакции:
      "размера нераспределенной чистой прибыли;";
      абзац шестой изложить в следующей редакции:
      "субординированного долга второго уровня банка, включаемого в собственный капитал, в сумме, не превышающей пятьдесят процентов суммы капитала первого уровня, за минусом выкупленного собственного субординированного долга банка;";
      дополнить абзацем седьмым следующего содержания:
      "отложенного налогового обязательства, сформированного за счет расходов текущего года, возникшего в связи с разницей в балансовой стоимости активов и обязательств, подлежащих классификации в соответствии с требованиями постановления № 296, и их налоговой базой.";
      пункт 13 изложить в следующей редакции:
      "13. Достаточность собственного капитала банка характеризуется тремя коэффициентами:
      1) отношением капитала первого уровня за вычетом инвестиций банка, взятых в пределах доли капитала первого уровня в общей сумме капитала первого уровня и включаемой в расчет собственного капитала части капитала второго уровня, к размеру активов банка, уменьшенных на сумму инвестиций банка, взятых в пределах доли капитала первого уровня в общей сумме капитала первого уровня и включаемой в расчет собственного капитала части капитала второго уровня (kl-1);
      2) отношением капитала первого уровня за вычетом инвестиций банка, взятых в пределах доли капитала первого уровня в общей сумме капитала первого уровня и включаемой в расчет собственного капитала части капитала второго уровня к сумме:
      активов, условных и возможных обязательств, взвешенных по степени кредитного риска, уменьшенной на сумму общих резервов (провизий), не включенных в расчет капитала второго уровня;
      активов, условных и возможных требований и обязательств, рассчитанных с учетом рыночного риска;
      операционного риска (k1-2);
      3) отношением собственного капитала к сумме:
      активов, условных и возможных обязательств, взвешенных по степени кредитного риска, уменьшенной на сумму общих резервов (провизии), не включенных в расчет капитала второго уровня;
      активов, условных и возможных требований и обязательств, рассчитанных с учетом рыночного риска;
      операционного риска (k2).
      Активы для целей расчета коэффициента kl-1 и активы, условные и возможные обязательства, взвешенные по степени риска, принимаемые в расчет коэффициентов к1-2 и к2, включаются по балансовой стоимости с учетом специальных резервов (провизии), сформированных в соответствии с требованиями постановления № 296.";
      пункт 16 изложить в следующей редакции:
      "16. Значение коэффициента достаточности собственного капитала банка к2 составляет не менее 0,12.
      Для банка, не имеющего крупного участника - физического лица, значение коэффициента достаточности собственного капитала банка k2 составляет не менее 0,14.
      Для банка, участником которого является банковский холдинг либо родительский банк, для банка, более пятидесяти процентов размещенных акций которого принадлежат государству либо национальному управляющему холдингу, значение коэффициента достаточности собственного капитала банка k2 составляет не менее 0,10.
      Расчет активов, условных и возможных обязательств, взвешиваемых по степени кредитного риска, проводится согласно приложениям 1 и 2 к настоящей Инструкции.
      Для целей взвешивания активов, условных и возможных обязательств по степени риска активы, условные и возможные обязательства уменьшаются на сумму созданных специальных резервов (провизий), в соответствии с требованиями постановления № 296.
      Условные и возможные обязательства, взвешиваемые по степени кредитного риска, определяются как произведение суммы условных и возможных обязательств, рассчитанных в соответствии с приложением 2 к настоящей Инструкции, на степень риска, соответствующую категории контрагента, указанной в приложении 1 к настоящей Инструкции, по которому банк несет кредитные риски.
      Свопы, фьючерсы, опционы, форварды включаются в расчет условных и возможных обязательств, взвешенных с учетом кредитного риска, путем умножения суммы рыночной стоимости указанных финансовых инструментов и кредитного риска по ним на степень риска, соответствующую категории контрагента, указанной в приложении 1 к настоящей Инструкции.
      Кредитный риск по операциям своп, фьючерс, опцион и форвард рассчитывается как произведение номинальной стоимости указанных финансовых инструментов на коэффициент кредитного риска, указанный в приложении 3 к настоящей Инструкции и определяемый сроком погашения указанных финансовых инструментов.
      Рыночная стоимость (стоимость замещения) финансовых инструментов, указанная в настоящем пункте, представляет собой:
      по сделкам на покупку - величину превышения текущей рыночной стоимости финансового инструмента над номинальной контрактной стоимостью данного финансового инструмента. В случае если текущая рыночная стоимость финансового инструмента меньше или равна ее номинальной контрактной стоимости, стоимость замещения равна нулю;
      по сделкам на продажу - величину превышения номинальной контрактной стоимости финансового инструмента над текущей рыночной стоимостью данного финансового инструмента. В случае если номинальная контрактная стоимость финансового инструмента меньше или равна ее текущей рыночной стоимости, стоимость замещения равна нулю.
      По бивалютным финансовым инструментам (финансовым инструментам, по которым требование и обязательство выражены в разных иностранных валютах) стоимость замещения определяется как величина превышения тенгового эквивалента требований над тенговым эквивалентом обязательств, определенных по курсу на дату составления отчетности. В случае если величина тенгового эквивалента требований меньше или равна тенговому эквиваленту обязательств, стоимость замещения равна нулю.
      Номинальная контрактная стоимость финансовых инструментов, указанная в настоящем пункте, представляет собой стоимость финансовых инструментов, по которой они отражены на дату заключения сделок на соответствующих счетах бухгалтерского учета. За номинальную контрактную стоимость бивалютных финансовых инструментов принимается та валюта, по которой у банка формируются требования.
      Проданные опционы не включаются в расчет условных и возможных обязательств, взвешенных с учетом кредитного риска.
      Расчет активов, условных и возможных требований и обязательств с учетом рыночного риска проводится согласно пунктам 17-30 настоящей Инструкции.
      Расчет операционного риска проводится согласно пункту 31 настоящей Инструкции.
      При расчете коэффициентов достаточности собственного капитала (kl-1, к1-2, k2) из размера активов и размера активов, подлежащих взвешиванию по степени риска вложений, исключаются неинвестированные остатки средств, принятых банком на хранение на основании кастодиального договора.";
      часть вторую пункта 31-11 изложить в следующей редакции:
      "Вычет распределяется в размере пятидесяти процентов из капитала первого уровня и пятидесяти процентов из капитала второго уровня. Вычитаемые позиции уменьшаются на сумму, созданных специальных резервов (провизий), в соответствии с требованиями постановления № 296.";
      абзац первый подпункта 5) пункта 34 изложить в следующей редакции:
      "5) за минусом суммы сформированных в соответствии с требованиями постановления № 296 специальных резервов (провизий), а также суммы обеспечения по обязательствам заемщика в виде:";
      часть первую пункта 44 изложить в следующей редакции:
      "44. В расчет ликвидных активов включаются все финансовые активы, включая высоколиквидные активы, за минусом специальных сформированных провизий в соответствии с постановлением № 296, требований к нерезидентам Республики Казахстан, являющимся юридическими лицами, зарегистрированными на территории оффшорных зон, или их гражданами либо юридическими лицами, зарегистрированными на территории государств, отнесенных Организацией экономического сотрудничества и развития к перечню оффшорных территорий, не принявших обязательств по информационному обмену, или их гражданами, или к организациям, являющимся дочерними по отношению к юридическим лицам, зарегистрированным на территории указанных оффшорных зон. Займы включаются по графикам погашения в соответствии с договором займа.";
      часть седьмую пункта 47 изложить в следующей редакции:
      "При расчете открытых валютных позиций по валютам отдельных иностранных государств (групп иностранных государств) (аффинированным драгоценным металлам) в первую очередь рассчитывается сальдо счетов по каждой иностранной валюте (аффинированному драгоценному металлу), открытых на счетах активов за вычетом, сформированных в соответствии с требованиями постановления № 296 специальных провизий, и на счетах обязательств банка. Затем определяется сальдо счетов по этой же иностранной валюте (аффинированному драгоценному металлу), открытых на счетах условных требований и на счетах условных обязательств за вычетом, сформированных в соответствии с требованиями постановления № 296 специальных провизий. Сальдо, отражающие превышение требований (обязательств) в иностранной валюте (аффинированном драгоценном металле) над обязательствами (требованиями), взаимно суммируются, а полученный результат определяет размер и вид открытой позиции банка по иностранной валюте (аффинированному драгоценному металлу).".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования. Действие абзацев третьего и четвертого пункта 1 настоящего постановления распространяется на отношения, возникшие с 1 июля 2011 года.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко