Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұру қағидасы мен мерзімдерін, сондай-ақ оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2011 жылы 4 қарашадағы № 582 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 желтоқсанда № 7323 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 331-ө-м бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2013 № 331-ө-м бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралманды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұру қағидасы мен мерзімдері, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6909 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 мамырда № 156-157 (26577-26578) "Казахстанская правда", 2011 жылғы 1 маусымда № 228-231 (26629) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К.Нокин) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      милиция генерал-майоры                    Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы      
Ішкі істер министрінің     
2011 жылғы 4 қарашадағы     
№ 582 бұйрығына         
      1-қосымша           

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұруы және қағидасы мен мерзімі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында (бұдан әрі - Орталық) тұру қағидасы мен мерзімдері, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта уақытша тұру тәртібі мен мерзімін белгілейді.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жолдама - уәкілетті орган беретін оралман мен оның отбасы мүшелеріне орталыққа орналасу құқығын беретін және белгіленген нысандағы құжат;
      2) Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін оралмандардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруы мен оларға бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсетуге арналған заңды тұлға;
      3) өтініш иесі - Орталыққа орналасу мақсатында уәкілетті органға өтініш білдіретін оралман мен оның отбасы мүшелері;
      4) Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырушы мемлекеттік орган

2. Өтініш беру

      3. Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган беретін жолдама оралман мен оның отбасы мүшелерін Орталыққа орналасу үшін негіз болып табылады.
      4. Жолдама осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің негізінде беріледі.
      5. Өтініш осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін тіркеу журналында (бұдан әрі – журнал) тіркеледі.
      6. Өтініш берілген күнінде уәкілетті органның қарауына жатады.
      7. Бос төсек-орындар болмаған жағдайда өтініш білдіруші уәкілетті орган қалыптастыратын резервке журналда тіркелетін өтініш беру кезектілігінің тәртібімен қабылданады.
      8. Орталықта төсек-орын босаған кезде уәкілетті орган Орталыққа орналастыру үшін кезектілік тәртібімен өтініш иесіне (өтініш иелеріне) жолдама береді.
      9. Жолдама алған кезде оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Орталыққа күнтізбелік үш күн ішінде орналасады.
      Көрсетілген мерзімді сақтамаған жағдайда өтініш білдіруші  қоныстандырылмайды, бұл ретте оның Орталыққа орналасуға қайтадан өтініш беру мүмкіндігі сақталады.

3. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта тұру тәртібі мен мерзімдері

      10. Орталықта тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелері:
      1) Өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Орталықтың тұрғын үй және қосалқы үй-жайларын, төсек-орнын пайдаланады;
      2) Орталыққа орналасу және болу мәселелері бойынша Орталық басшылығына арыздар, қолдаухаттар және өзге де өтініштер береді;
      3) уәкілетті орган бекіткен ішкі тәртіп ережелерімен танысады және оларды сақтайды;
      4) бейімдеу және кіріктіру қызметтерін алады.
      11. Орталық:
      Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін төсек-орын мен керек-жарақтарымен, оларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді;
      оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсетеді.
      12. Орталыққа оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.
      13. Өтініш білдірушілер Орталықта тұру тәртібін бұзған жағдайда Орталық жолдама берген аумақтық бөліністерге олардың Орталықта болуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныспен өтініш білдіреді.
      14. Уәкілетті орган өтініш білдірушілердің Орталықта болуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс негізділігіне тексеріс жүргізеді және бір жұмыс күні ішінде оларды Орталықта қалдыру не болмаса шығару туралы шешім шығарады.
      Шешім Оралманның отбасына немесе отбасының жекелеген мүшесіне қатысты шығарылады. Шешімдерді уәкілетті орган рәсімдейді.
      15. Өтініш білдірушілердің Орталықта тұруы үш ай ішінде жүзеге асырылады.
      16. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері оларға ұсынылған үй-жайды олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей босатады.

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің  
2011 жылғы 4 қарашадағы  
№ 582 бұйрығына     
2-қосымша        

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында (бұдан әрі - Орталық) бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасы "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Орталықта бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бейімдеу және кіріктіру қызметтері - қоғамға бейімдеу және кіріктіру мақсатында оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын қызметтер (ақпараттық, заңгерлік, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені;
      2) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.

2. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету тәртібі

      3. Орталықта уақытша тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қазақстандық қоғамның әлеуметтік ортасына тезірек бейімделуі, және кірігіп кетуі үшін Орталықтың әкімшілігі бейімдеу және кіріктіру қызметтерінің кешенін көрсетеді.
      4. Орталықта уақытша тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне мынандай:
      1) ақпараттық және анықтамалық қызметтерді көрсету;
      2) мемлекеттік тіл және қалауы бойынша орыс тілін оқыту;
      3) Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін оқыту және шағын кәсіпкерлікті ашуға заңнамалар негіздері бойынша курстар өткізу;
      4) әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізу;
      5) құқықтық қызмет (кеңестер, консультациялар және тіркелуге, квота аларда оралман мәртебесіне өтініш тапсыруға, азаматтық, әлеуметтік жәрдемақылар мен т.б. көмек көрсету) көрсету;
      6) аударма қызметін көрсету;
      7) жұмысқа орналастыру, кәсіптік даярлау, қайта даярлау өту және біліктілігін арттыру;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақысыз кепілді медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге көмек көрсету;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер алуға көмек көрсету;
      10) Қазақстанның азаматтығын алу мәселелеріне және құжаттандыруға көмек көрсету бойынша бейімдеу және кіріктіру қызметтері көрсетіледі.
      5. Бейімдеу және кіріктіру қызметтерін сапалы қамтамасыз ету үшін Орталықтың әкімшілігі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасасады.

Оралмандар мен олардың отбасы   
мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу
және кіріктіру орталығында  
тұру қағидасына          
1-қосымша            

Нысан

ЖОЛДАМА

      Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарында тұру үшін

____________________________________________________________________
                 (Үміткердің Т.А.Ә. туған күні)

Отбасы мүшелері:
1.__________________________________________________________________
                    (Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесі)
2.__________________________________________________________________
                    (Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесі)
3.__________________________________________________________________
                    (Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесі)
4.__________________________________________________________________
                    (Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесі)
5___________________________________________________________________
                    (Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесі)
6.__________________________________________________________________
                    (Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесі)
жолданады.

____________облысы (қаласы)
Ішкі істер департаменті
Көші-қон полициясы басқармасының бастығы
/_____________/                                      ________________
                                                    (берілген уақыты)

Оралмандар мен олардың отбасы  
мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу
және кіріктіру орталығында   
тұру қағидасына        
2-қосымша             

_________________облысы (қаласы)  
Ішкі істер департаменті           
Көші-қон полициясы басқармасының  
бастығына                         
_______________________________   
(үміткердің Т.А.Ә.)               

Өтініш

      Cізден мені және саны "_____" адамнан тұратын менің отбасы мүшелерімді Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығына орналастыруыңызды сұраймын.

_____________                                       _________________
  (Күні)                                                  (Қолы)

Оралмандар мен олардың отбасы   
мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу
және кіріктіру орталығында   
тұру қағидасына          
3-қосымша             

Нысан

Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін тіркеу
ЖУРНАЛЫ


р/с

Өтініш иесінің Т.А.Ә.

Туған жері
және күні

Шыққан елі

Өтінішті тіркеу күні және нөмірі

Жолдаманың нөмірі және берілген күні







Басталды __________
Аяқталды __________

Об утверждении Правил и сроков проживания оралманов и членов их семей в Центре адаптации и интеграции оралманов, а также правил оказания оралманам и членам их семей адаптационных и интеграционных услуг

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 ноября 2011 года № 582. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 декабря 2011 года № 7323. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 22 июля 2013 года № 331-Ө-М

      Сноска. Приказ утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 22.07.2013 № 331-Ө-М (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 24 Закона Республики Казахстан от 22 июля 2011 года «О миграции населения», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила и сроки проживания оралманов и членов их семей в Центре адаптации и интеграции оралманов, согласно приложению 1 к настоящему приказу;
      2) Правила оказания оралманам и членам их семей адаптационных и интеграционных услуг в Центре адаптации и интеграции оралманов, согласно приложению 2 к настоящему приказу.
      2. Признать утратившим силу приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 марта 2011 года № 135 «Об утверждении Правил временного пребывания оралманов и членов их семей в Центре адаптации и интеграции оралманов и оказания им адаптационных услуг», зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6909, опубликованный в газетах «Казахстанская правда» от 14 мая 2011 г., № 156-157 (26577-26578), «Егемен Қазақстан» от 1 июня 2011 г., № 228-231 (26629).
      3. Комитету миграционной полиции Министерства внутренних дел (Нокин П.К.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в установленном порядке официальное опубликование настоящего приказа;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан полковника полиции Тыныбекова К.С. и Комитет миграционной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Нокин П.К.).
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    К. Касымов

Приложение 1                    
к приказу Министра внутренних дел
Республики Казахстан            
oт 4 ноября 2011 года № 582     

Правила
и сроки проживания оралманов и членов их семей в Центре
адаптации и интеграции оралманов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и сроки проживания оралманов и членов их семей в Центре адаптации и интеграции оралманов (далее - Центр) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 24 Закона Республики Казахстан «О миграции населения», и определяют порядок и сроки проживания оралманов и членов их семей в Центре.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) направление - документ, выдаваемый территориальным подразделением и дающий право оралману и членам его семьи заселиться в Центр;
      2) центр адаптации и интеграции оралманов - юридическое лицо, учреждаемое Правительством Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан и предназначенное для временного проживания и оказания оралманам, а также членам их семей адаптационных и интеграционных услуг;
      3) заявитель - оралман и члены его семьи, обращающиеся с заявлением в территориальное подразделение с целью заселения в Центр;
      4) уполномоченный орган по вопросам миграции населения - государственный орган, осуществляющий в пределах своей компетенции регулирование миграционных процессов и координацию работы в области миграции населения.

2. Подача заявления

      3. Основанием для заселения оралмана и членов его семьи в Центр является направление, выдаваемое территориальным подразделением по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      4. Направление выдается на основании заявления по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      5. Заявление регистрируется в журнале регистрации оралманов и членов их семей, проживающих в Центре адаптации и интеграции оралманов (далее - журнал) по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      6. Заявление подлежит рассмотрению территориальным подразделением в день подачи заявления.
      7. В случае отсутствия свободных койко-мест, заявитель зачисляется в резерв, формируемый территориальным подразделением, в порядке очередности подачи заявления регистрируемого в журнале.
      8. При освобождении койко-мест в Центре, территориальное подразделение предоставляет направление для заселения в Центр заявителю (ям), в порядке очередности.
      9. При получении направления, оралман и члены его семьи заселяются в Центр в течение трех календарных дней.
      При несоблюдении указанного срока заявитель не заселяется, при этом за ходатайствующим сохраняется повторной подачи заявления на заселение в Центр.

3. Порядок и сроки проживания оралманов и членов
их семей в Центре

      10. Оралманы и члены их семей, проживающие в Центре:
      1) пользуются жилыми и подсобными помещениями Центра, постельными принадлежностями для удовлетворения своих нужд;
      2) по вопросам размещения и пребывания подают заявления, ходатайства и обращения руководству Центра;
      3) ознакамливаются и соблюдают внутренний распорядок;
      4) получают адаптационные и интеграционные услуги.
      11. Центр:
      обеспечивает оралманов и членам их семей постельными принадлежностями, своевременную их смену;
      оказывает адаптационные и интеграционные услуги оралманам и членам их семей.
      12. Заселение в Центр других лиц кроме оралманов и членов их семей не допускается.
      13. В случае нарушения заявителем порядка проживания в Центре, Центр обращается в территориальное подразделение, выдавшие направление с предложением о досрочном прекращении пребывания их в Центре.
      14. Территориальное подразделение проводит проверку обоснованности предложения Центра о досрочном прекращении проживания ходатайствующих в Центре и выносит решение об оставлении либо выселении их из Центра в течение одного рабочего дня.
      Решение выносится в отношении семьи оралмана, или в отношении его отдельного члена. Решения оформляются территориальным подразделением.
      15. Проживание заявителей в Центре осуществляется в течение трех месяцев.
      16. Оралманы и члены их семей освобождают предоставленное им помещение в срок не позднее трех календарных дней со дня получения ими гражданства Республики Казахстан.

Приложение 1                       
к Правилам и срокам проживания     
оралманов и членов их семей в центре
адаптации и интеграции оралманов   

Форма

НАПРАВЛЕНИЕ

Направляется для проживания в Центре адаптации и интеграции
оралманов
(Ф.И.О., дата рождения претендента)

      Члены семьи:
1. _____________________________________________________________
      (Ф.И.О., дата рождения, степень родства)
2. _____________________________________________________________
      (Ф.И.О., дата рождения, степень родства)
3. _____________________________________________________________
      (Ф.И.О., дата рождения, степень родства)
4. _____________________________________________________________
      (Ф.И.О., дата рождения, степень родства)
5. _____________________________________________________________
      (Ф.И.О., дата рождения, степень родства)
6. _____________________________________________________________
      (Ф.И.О., дата рождения, степень родства)

      Начальник Управления
      миграционной полиции ДВД
      ____________ области (города)
      /______________/ ____________
                       (дата выдачи)

Приложение 2                   
к Правилам и срокам проживания 
оралманов и членов их центр    
адаптации и интеграции оралманов

Форма

Начальнику Управления    
миграционной полиции ДВД 
____________ области/города
от _______________________
(Ф.И.О., претендента)

Заявление

      Прошу Вас заселить меня и членов моей семьи в количестве "____"
человек, в Центр адаптации и интеграции оралманов и оказания им
адаптационных услуг.
      ______________                                  _______________
         (Дата)                                          (подпись)

Приложение 3                     
к Правилам и срокам проживания   
оралманов и членов их семей центре
адаптации и интеграции оралманов 

Форма

ЖУРНАЛ
регистрации оралманов и членов их семей проживающих в Центре
адаптации и интеграции оралманов и оказания им адаптационных и
интеграционных услуг


п/п

Ф.И.О. заявителя

Место и
дата
рождения

Страна
выхода

Номер и
дата
регистрации
заявления

Номер
и дата
выдачи
направления







                                         Начато ____________________
                                         Окончено __________________

Приложение 2                    
к приказу Министра внутренних дел
Республики Казахстан            
oт 4 ноября 2011 года № 582     

Правила
оказания оралманам и членам их семей адаптационных и
интеграционных услуг в Центре адаптации и интеграции оралманов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания оралманам и членам их семей адаптационных и интеграционных услуг в Центре адаптации и интеграции оралманов (далее - Центр) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 24 Закона Республики Казахстан «О миграции населения», и определяют порядок оказания оралманам и членам их семей адаптационных и интеграционных услуг в Центре.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) адаптационные и интеграционные услуги - комплекс услуг (информационных, юридических, социальных, медицинских и образовательных), предоставляемых оралманам и членам их семей в целях адаптации и интеграции в общество;
      2) оралман - этнический казах, постоянно проживавший на момент приобретения суверенитета Республикой Казахстан за ее пределами, и его дети казахской национальности, родившиеся и постоянно проживавшие после приобретения суверенитета Республикой Казахстан за ее пределами, прибывший (прибывшие) в Республику Казахстан в целях постоянного проживания на исторической родине и получивший (получившие) соответствующий статус в порядке, установленном Законом «О миграции населения».

2. Порядок оказания оралманам и членам их семей адаптационных и
интеграционных услуг

      3. Оралманам и членам их семей, проживающим в Центре, администрацией Центра предоставляется комплекс адаптационных и интеграционных услуг для их скорейшей адаптации и интеграции в социальную среду казахстанского общества.
      4. Оралманам и членам их семей, проживающим в Центре бесплатно оказываются следующие адаптационные и интеграционные услуги:
      1) предоставление информационных и справочных услуг;
      2) обучение государственному языку, по желанию - русскому языку;
      3) проведение курсов обучения по истории, культуре и традициям Республики Казахстан, основам законодательства и открытию малого бизнеса;
      4) проведение различных культурных мероприятий;
      5) оказание правовой помощи (советы, консультации и помощь в регистрации, подаче заявок на получение статуса, при включении в квоту, получении гражданства, социальных пособий.);
      6) предоставление услуг по переводу;
      7) помощь в трудоустройстве, профессиональной подготовке, переподготовке и повышении квалификации;
      8) содействие в обеспечении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи;
      9) содействие в получении государственной адресной социальной помощи;
      10) содействие в вопросах приобретения казахстанского гражданства и документирования.
      5. Для обеспечения качества адаптационных и интеграционных услуг администрация Центра взаимодействует с уполномоченным органом, местными исполнительными органами, государственными органами, организациями и учреждениями.